Эпос – өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып жан-жақты танытатын күрделі жанр. Лирика


Аллегория (пернелеу) – адамдар арасындағы қатынастарды астарлап жануарлар мен жәндіктер әрекетімен көрсету. Аллегорияға А. Байтұрсыновтың, С. Дөнентаевтың



бет2/4
Дата08.02.2023
өлшемі25,34 Kb.
#167993
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ережелері
мақала Жасузакова А, Документ Microsoft Word, келісім-шарт психолог, 10 кл бжб №2, Possessive-Pronouns-W1-WD-DONE-ucqmth, transfer-receipt-13 9509012264, 4-тоқсан қорытындысы отчет, 15 жастағы оқушы тізімі Динаға, 2 тапсырма Кистаубаева Назира, 3 тапсырма Кистаубаева Назира, 17 тапсырма.Ишан туралы, Анар апайға жалғыз ата-анасымен тұратын оқушылар жайлы мәлімет, 4-тоқсан 2022, KZ222172172946Kz
Аллегория (пернелеу) – адамдар арасындағы қатынастарды астарлап жануарлар мен жәндіктер әрекетімен көрсету. Аллегорияға А. Байтұрсыновтың, С. Дөнентаевтың мысал өлеңдері жатады.
Ирония (кекесін) – адамды, затты, құбылысты сырттай мақтап суреттеп, іштей келекелеп, мысқалдап айту.
Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді. («Біржан мен Сара» айтысынан)
Гипербола (ұлғайту) – затты не құбылысты шамадан тыс ұлғайтып көрсету.
Литота (кішірейту) – затты не құбылысты кішірейтіп көрсету.
Астында мінген тарланның
Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан (гипербола)
Оймақтайы қалыпты. (литота)
Етектейін еріннен (гипербола)
Екі елісі қалыпты. (литота)
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты. (литота)
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты. (литота)
Бір құшақтай құйрықтан (гипербола)
Бір уыстай қалыпты. (литота)
Айшықтау
Арнау – автордың өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, олармен іштей тілдесуі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың... (Абай)
Қайталау
1. Жай қайталау.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім. (Махамбет)
2. Еспе қайталау.
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым. (С. Сейфуллин)
3. Анофора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.
Атадан туған мен бір шоқ,
Садаққа байлар сайман жоқ.
Балталыдай жерім жоқ,
Бақалыдай көлім жоқ,
Алдымда менің ағам жоқ,
Артымда менің інім жоқ. («Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан)
4. Эпифора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.
Атадан туған мен бір шоқ,
Садаққа байлар сайман жоқ.
Балталыдай көлім жоқ,
Бақалыдай көлім жоқ,
Алдымда менің ағам жоқ,
Артымда менің інім жоқ. («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет