Әр дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. Бір аймақта орналасқан және бір түрге жататын тірі ағзалардың тобы


Төмендегі анатомиялық құрылымдардың қайсысы құс қанатындағы сүйектерге гомологиялық құрылым болып табылады?



бет7/10
Дата25.11.2022
өлшемі35,81 Kb.
#159839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
биология олимпиада2020-21

18. Төмендегі анатомиялық құрылымдардың қайсысы құс қанатындағы сүйектерге гомологиялық құрылым болып табылады?
A) акуланың арқа жүзбеқанатындағы шеміршек
B) кенгурудың артқы аяқтарындағы сүйектер
C) көбелектің қанатындағы хитиндік тіреулер
D) ұшатын балықтың құйрық жүзбеқанатындағы сүйек сәулелері
E) киттің жүзбеқанатындағы сүйектер
19. Жеміс шыбынының популяциясында А1 және А2 аллелдері бар ген бар. Зерттеулер популяцияда түзілген гаметалардың 70%-ы А1 аллелінен тұратынын көрсетті. Егер популяция Харди-Вайнберг тепе-теңдігінде болса, шыбындардың қанша бөлігінде А1 және А2 аллелдері бірге болады?
A) 0,7
B) 0,49
C) 0,21
D) 0,42
E) 0,09
20. Макроэволюция дегеніміз не?
A) Бұл микроэволюцияның нақты өзі, бірақ жаңа түрлердің пайда болуын қамтиды.
B) Түрлер деңгейінен жоғары эволюция.
C) Көзбен көруге болатын организмдерге микроскопиялық организмдердің өзгеруі.
D) Көптеген ұрпақтар ауысуында аллелдер немесе гендер жиілігінің өзгеруі.
E) Тітіркенгіштік пен бейімделу арасындағы тұжырымдамалық байланыс.
21. Төмендегілердің қайсысы тіршіліктің пайда болу барысындағы оқиғалардың дұрыс тізбегін көрсетеді?
I. Протобионттардың түзілуі
II. Органикалық мономерлердің түзілуі
III. Органикалық полимерлердің синтезі
IV. ДНҚ негзіндегі генетикалық жүйелердің қалыптасуы
A) I, II, III, IV
B) I, III, II, IV
C) II, III, I, IV
D) II, III, IV, I
22. О2 бөлетін фотосинтез процесі бар:
A) цианобактерияларда.
B) хламидиилерде.
C) архейлерде.
D) актиномицеттерде.
E) хемоавтотрофты бактерияларда.
23. Барлық қарапайымдылар
A) гетеротрофты.
B) эукариоттар.
C) симбионттар.
D) автотрофты.
E) прокариоттар.
24. Төмендегі өсімдіктердің қайсысы, талшығы бар сперматозоид пен тіршілік циклі барысында гаметофиттік кезеңі басымдырақ болатын құрлық өсімдігі болып табылады?
A) қырықжапырақ
B) мүк
C) шырша
D) қызғалдақ
E) хлорелла


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет