Тестік тапсырмалар
1.Жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегінің бір екендігін дәлелдейтін
А) тірі және өлі табиғаттың ұқсастығы
Б) жануарлар мен өсімдіктердің бірлесіп тіршілік етуі
В) ағзаның жасушалы құрылысы
Г) ағзаның сыртқы ортамен байланысы
2. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерден айырмашылығы неде?
А) жасушалы құрылысты
Б) тіршілік процесстері тек қана жасушада жүреді
В) денесі бір ғана ағзадан тұрады және ядросы жоқ
Г) дайын органикалық заттармен қоректенеді
3. Өсімдіктегі фотосинтез үрдісі нені пайдаланады?
А) тыныс алу кезіндегі бөлінетін энергия
Б) күн сәулесінің энергиясы
В) тыңайтқыштардағы энергия
Г) органикалық заттардағы энергиясын
4. Сүт қоректілерді басқа омыртқалылардан айыратын негізгі белгі қандай?
А) жылықандылығы
Б) жынысты көбеюдің болуы
В) жүйке жүйесінің болуы
Г) сүт бездерінің болуы және балаларын сүтпен қоректенуі
5. Сүт қоректілерге тән емес қасиеттер қандай?(адамнан басқа)
А) ойлау арқылы іс – әрекет
Б) шартты рефлекстер
В) ойлауы және сөйлеуі
Г) инстинктер
6. Тамыржеміс – ол
А) жуандаған қосалқы тамыр
Б) жуандаған негізгі тамыр
В) негізгі өркеннен пайда болған жуандаған сабақ немесе негізгі тамыр
7. Өсімдіктер энергияға бай заттарды қандай формада жинайды?
А) гликоген
Б) глюкоза
В) крахмал
Г) май
8. Қысқы тыныштық күйде өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?
А) зат алмасу процесі жылдамдайды
Б) өсуі жылдамдайды
В) жасушадағы судың мөлшері көбейеді
Г) зат алмасу баяулайды
9. Ағзаның жеке дамуы неден басталады?
А) жыныс жасушаларының пайда болуынан
Б) сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы кезінен
В) екі бластомердің пайда болуынан
Г) туған кезден
10. Ферменттер дегеніміз –
А) дәрумендер құрамына кіреді
Б) гормондар құрамына кіреді
В) жасушадағы реакцияларды тездетіп, белсенділігін арттырады
Г) антителдердің құрамына кіреді
11. Фотосинтез қандай жасушаларда жүреді?
А) ядросы жоқ, бактерияларда
Б) жануар жасушасында
В) хлоропластары бар өсімдіктерде
Г) саңырауқұлақтарда жіпшелері бар
12. Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі неге байланысты?
А) сөз бен ойлау
Б) шартсыз рефлекс
В) инстинкт
Г) шартты рефлекс
13. Темекі тарту зиян, себебі:
А) тамырдың үнемі кеңеюі
Б) тамырдың тарылуы
В) тыныс алу жиілігі төмендейді
14. Рефлекс дегеніміз –
А) тітіркенуді қабылдау
Б) қозудың пайда болуы
В) тітіркенуге жауап
15. Неліктен алкогольдің әсерінен адамдар суықта үсіп қалады?
А) тамырдың кенеттен тарылып, қанның жүрмеуі
Б) тамырдың кеңейіп, жылудың азюы
В) тері рецепторының сезгіштігінің төмендеуі
16. Көбеюдің қандай жолы алдыңғы ұрпақтардың генетикалық көптүрлілігіне әкеледі?
А) вегетативті
Б) жынысты
В) партеногенез
17. Инстинкт дегеніміз –
А) генетикалық бағдарланған іс - әрекеті
Б) өмір сүру кезінде пайда болған тәжірибе
В) оқу арқылы пайда болған іс - әрекет
18. Төмендегі қасиеттердің қайсысы, ДНК-полимераза және РНКполимераза ферменттеріне ортақ болып табылады?
А) Дезоксинуклеотидтері пайдаланады
Б) Рибонуклеотидтерді пайдаланады
В) ДНК-матрица қажет
Г) Праймер (затравка) қажет
Д) РНК-матрица қажет
19. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы жыныс жолымен көбеюдің артықшылығын көрсетеді.
А) Генофондтың өзгергіштік деңгейі жоғарылайды
Б) Мутация жиілігі жоғарылайды
В) Ұрпақ организмдер саны, жыныссыз жолмен көбеюге қарағанда жоғары
Г) Мутация жиілігі төмендейді
Д) Генофондтың өзгергіштік деңгейі төмендейді
20. Төменде көрсетілген қасиеттердің қайсысы балықтар мен бауырмен жорғалаушылар қан-айналу жүйелеріне ортақ болып табылады?
А) Екі камералы жүрек
Б) Үш камералы жүрек
В) Жүректерінде венозалық қан болады
Г) Қан, тыныс алу органдарынан жүрекке оралады
Д) Венозалық (деоксигенделген) қан жүрекке оралады
21. Ашық (тұйықталмаған) қан-айналу жүйесі бар насекомдарға төмендегі қасиеттердің қайсысы тен?
А) Капиллярлар (қылтамыр)
Б) Аорта
В) Эритроциттер
Г) Капиллярлар (қылтамырлар) және эритроциттер
Д) Аорта және эритроциттер
22. Төмендегі оргоноидтардың қайсысы жануар және өсімдік клеткаларына ортақ болып келеді?
а. Пластидтер, митохондриялар
б. Вакуольдер, лейкопластар
в. Митохондриялар
г. Гольджи аппараты, хлоропластар
23. Өзен шаянына қандай зәр шығару органы тән?
а. Жиырылғыш вакуоль
б. Мальпигиев түтікшелері (сосудтары)
в. Зәр шығару органдары жоқ
г. Бүйрек
д. Жасыл бездер
24. Хордалы жануарларда шартсыз-рефлекторлы іс-қимылдарды, төмендегі нерв (жүйке) жүйелерінің қай бөліктері қамтамасыз етеді?
а. Мидың сол жақ жарты шары
б. Мидың оң жақ жарты шары
в. Мишық
г. Ми бағанасы
д. Жұлын (спиной мозг)
25. Қарағай ағашы мен қырықжапырақ арасындағы ең басты айырмашылықты көрсетіңіз?
а. өткізгіш ұлпалардың болуы
б. Тамыр, сабақ және жапырақтардың болуы
в. Фотосинтезге қабілетінің жоғары болуы
г. Мекен ету ареалының кең болуы
д. Тозаң түтігінің пайда болуы
26. Өсімдіктердің өсу барысында тұқымының (дән) эндоспермінде төмендегі ферменттерді қайсысының белсенділігі өте жоғары болады?
а. ДНҚ-полимераза
б. РНК-полимераза
в. Амилаза
г. Фосфорилаза
д. Целлюлаза
27. Төмендегі ерекшеліктердің қайсысы қуаңшылық аудандардағы өсімдіктерге тән?
а. Лепестік саңылаулары (устьицалары) кен, ірі жапырақты
б. Жапырақтары балауыз өңезді (восковый налет), ірі жапырақты
в. Жапырақтары майда (кіші), лепестік саңылаулар (устьицалары) саны көп
г. Жапырақтары майда (кіші) және балауыз өңезді (восковый налет)
д. Жапырақтарында лепестік саңылаулары (устьицалары) көп және балауыз өңезді (восковый налет).
28. Трансляциялануға, яғни белок синтезіне дайын РНК 360 нуклеотидтен тұрады. Осы РНК негізінде пайда болған белок, қанша аминқышқылынан тұрады?
а.шамамен 360
б.шамамен 1080
в.тура 120
г.120-дан аз
29. ДНҚ молекуласының Ц – Т – Г – А тізбегінен синтезделген РНК молекуласының тізбегі:
а. Г-А-Ц-Т
б. Ц-А-Ц-Т
в. Г-А-Ц-У
г. Г-Г-Ц-Т
д. Г-А-Ц-А
30. Митоздың анафазасында хроматид саны (n) мен ДНҚ мөлшері (с) неге тең? а. 2n және 2с
б. 2n және 4с
в. 4n және 4с
г. 4n және 2с
д. 1n және 1с
Достарыңызбен бөлісу: |