Бөлім:Координация және реттелу
Тақырыбы:Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты:шартсыз және шартты рефлекстер.Шартты рефлекстердің сөнуі.
|
Мектеп «№3 орта мектеп» мкм
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Нурмаганбетова Б.А.
|
Сыныбы: 7- сынып
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
|
7.1.7.6 мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: «Рефлекс» түрін анықтай алады.
Оқушылардың көбі: Шартты және шартсыз рефлекс түрлерін зерттей алады.
Кейбір оқушылар: Адам үшін рефлекс маңызын анықтай алады
|
Бағалау критерийлері
|
«Рефлекс» ұғымын дұрыс анықтап, мысал келтіре алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Терминология:нейрон, импульс, рефлекторлық әрекет, шартты және шартсыз рефлекстер, түшкіру, жыпылықтау, бағдарлау
|
Пәнаралық байланыстар
|
Импулстардың берілуі туралы айтылғанда физика пәнімен байланыстар жасау, нейромедиаторлар туралы айтылғанда химия пәнімен байланыстар жасау
|
Құндылықтарды дарыту
|
1.Оқушылар жинақылыққа, тәртіпке, реттіліккке баулу
2. Басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамыту (жұптық, топтық жұмыстар кезінде)
|
Алдыңғы білім
|
Жүйке жүйесінің әр түрлі түрлерін салыстыру
Тері сезімталдығы .Сезу органдарының құрылымы
|
Сабақ барысы
|
Сабақ қезеңдері
|
Сабақта орындалуы тиісті іс - әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Басы
5 минут
10 минут
3 минут
Ортасы
(10мин)
5 минут
10 минут
ой қорыту
Сабақтың соңы:
Рефлексия:5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабаққа деген көңіл күйін анықтап, оқушылардың сабаққа зейінін шоғырландыру.
«Сандар сыры» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру
«5» саны—
«3» саны—
«2» саны –
«42-45» саны –
« »
ҚБ: Мадақтау Өте жақсы, Керемет
|
|
Қызығушылықты ояту:үстел үстінде кеседе шай тұрған еді. Сіз барып ұстап көріп едіңіз, ыстық болғасын бірден қолыңызды алдыңыз.Сұрақ: сіз неге бірден ойланбастан қолыңызды алдыңыз?
Оқушылар өз ойларын айтады.
РЕФЛЕКС - дегеніміз организмнің ішкі және сыртқы орта әсерінен орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы.
Рефлекс типіне байланысты: шартты және шартсыз рефлесктер болып бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер туа пайда болады. Оның негізгі маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі.
Шартсыз рефлекстер: көздің қарашығының жарыққа жауабы ,ыстық затқа саусақ тигенде қолды тез арада тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, жұтыну т.б
Қоршаған жағдайларға жақсы бейімделу үшін өмір тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беретін, өмір бойы қалыптасумен болатын бұл дағдылар шартты рефлекстер деп аталады. Оқушылар кестеге шартты және шартсыз рефлекс мысалдарын жазады.
Оқушылар мен бірге мысалдарды талқылау.
Кез-келген затты түсіріп алу, немесе бірден тақылдату, немесе оқушының иығына бірден қолды қою.
Осылайша а)жыпылықтатқыш рефлексін; б)бағыт – бағдар алу рефлексін (басты қоздырғыш жаққа бұру); в)баяу қорғаныс (басты бұру) рефлекстерін алу
Оқушылардың рефлекстердің классификациясы, шартты және шартсыз рефлекстер және шартты және шартсыз рефлекстердің негізгі белгілері туралы не білетінін анықтау.
Қ.Б. «Қолтаңба» әдісі арқылы бағалау
Тапсырма 1. Суретте шартты және шартсы рефлекстер берілген топтастыр.
1 2
Сур етке қарап шартсыз рефлексті сипаттайды
Суретке қарап шартты рефлексті сипаттайды
ҚБ «Бас бармақ»
Инсерт тәсілі арқылы сабақты түсінгенін анықтау.
Менің бұрыннан білетін нәрсем -
Менің білгеніме қайшы –
Мен үшін жаналық –
Мен үшін маңызды деп ойлаймын -
|
сурет
Шартты және шартсыз рефлекс
Рефлекс маңызы
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
|
Барлық оқушылар: жүйке жүйесінің маңызын түсіндіреді
Оқушылардың көбі: Рефлекс», «рефлекторлық доға» түсініктеріне дұрыс анықтама бере алады
Кейбір оқушылар: Рефлекторлық доғаның құрамдас бөліктерін дұрыс анықтап, қарапайым рефлекторл ық доғаларды құрастыра алады
|
ЖЖ-нің маңызын сипаттайды.Рефлекс, рефлекторлық доға терминдеріне анық
тама бере алады.
Рефлекторлық доғаның құрамдас бөліктерін дұрыс анықтап береді
|
Оқушылар жинақылыққа, тәртібке, реттіліккке баулу
Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.
|
Рефлексия:Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен
|
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қысқаша бағалау
Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?
1:
2:
Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?
1:
2:
Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?
|