25. Астың механикалық қорытылуы болады:
I. Ауыз қуысында
II. Өңеште
III. Асқазанда
IV. Аш ішекте
V. Тоқ ішекте
А) I, II.
B) I, II, III.
C) II, IV, V.
D) IV, V.
E) I, III.
26. Төмендегілердің қайсысы сүтқоректілер аортасындағы қанға ең үлкен қысым қалыптастырады?
А) сол жақ құлақша
B) оң жақ қарынша
C) сол жақ қарынша
D) оң жақ құлақша
E) коронарлы артерия
27. Туа біткен иммунитет
А) зақымдану кезінде бірден іске қосылады.
B) ауру жануардың сол патогенге бұрынғы әсеріне байланысты.
C) түрлі патогендерге арнайы антигендерді тануына негізделген.
D) тек қана омыртқалы жануарларды кездеседі.
E) В-жасушалардағы антигендердің өте ерекше рецепторларын қолданады.
28. Зәршығару мүшелері болып табылатын Мальпигий түтікшелері кездеседі:
А) жауынқұртында
B) жалпақ құрттарда
C) бунақденелілерде
D) медузаларда
E) теңіз жұлдыздарында
29. Барлық гормондар
А) ішкі секреция бездерінен бөлінеді
B) майда еритін молекулалар
C) нысана-жасушаға қан арқылы тасымалданады
D) белоктық молекулалар
E) барлық нысана-жасушаларға бірдей биологиялық жауап қалыптастырады
30. Жүктілік кезінде адамда барлық мүшелердің бастамасы қалыптасады
A) бірінші триместерде
B) екінші триместерде
C) үшінші триместерде
D) эмбрион жатыр түтігінде болған кезде
E) бластоциста сатысы кезінде
31. Эмбрионның дамуы барысында жаңа жасушалар түзіледі
A) дифференциацияның нәтижесінде
B) преформацияның нәтижесінде
C) жасушалардың бөлінуі нәтижесінде
D) морфогенез нәтижесінде
E) эпигенез нәтижесінде
32. Адамның тізе рефлексі қажет етеді:
A) зақымдалмаған жұлынды
B) зақымдалмаған гипоталамусты
C) зақымдалмаған сүйелді денені
D) зақымдалмаған мишықты
E) зақымдалмаған сопақша миды
33. Тыңдаушыға келетін дыбыс толқындары, ең алдымен келеді:
A) текториальды мембранаға
B) дабыл жарғағына
C) иірімдерге
D) жасуша мембранасына
E) негіздік мембранасына
34. Туа біткен мінез-құлыққа тән:
A) олардың көрінуінің гендерге тәуелділігі аз
B) экологиялық факторларға қарамастан жүзеге асады
C) тек қана омыртқасыз жануарларда бар
D) олар популяциядағы көптеген организмдерде байқалады
E) олар омыртқасыздарда және кейбір омыртқалы жануарларда кездеседі, бірақ сүтқоректілерде кездеспейді
35. Экологиялық деңгейлердің қайсысы үлкеннен кішіге дұрыс ретпен орналасқан:
A) бірлестік, экожүйе, организм, популяция
B) экожүйе, бірлестік, популяция, организм
C) популяция, экожүйе, организм, бірлестік
D) организм, популяция, бірлестік, экожүйе
E) организм, бірлестік, популяция, экожүйе
Достарыңызбен бөлісу: |