Бірде қарт Құнанбай баласы Абайды шақырып: "Балам, сен әкеңе жете туғансың ба, өте туғансың ба?" деп сұрайды. Сонда Абай: "Әке, мен өте туғанмын, өйткені мен ақын болдым" деген екен. Аз ғана ойланған дана Құнанбай: "Жоқ, сен маған жете тудың. Өте туу үшін Абай секілді бала тәрбиелей алуың керек" деп жауап қатқан деседі.
Бағыну заңы Ислам діні бойынша отбасын басқару ер кісінің мойнына жүктелген. Бір елде екі басшы болмайтыны секілді шағын мемлекет саналатын отбасында да негізгі басшылық ер кісіге тəн. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Бірақ отағасына берілген мүмкіндіктің де белгілі бір шамада мөлшері бар.
Жұбайы мен бала-шағасына тым қатал қарап, ойына келгенін істеуі жанұясындағы басшылықтың шеңберінен шығуы болып табылады. Отбасындағыларға мейірімділік көрсетпеген, құрметтемеген кісі ешқашан жақсы əке, жақсы жар бола алмайды. Жауапкершілікті сезінген отағасы отбасы мүшелерімен ақылдасып, əңгімелесіп отыруды да ұмыт қалдырмауы керек.
Алла тағаладан əрдайым уахи (Құран аяттарының түсуі) алып тұрған Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) өзі де қажет кезінде əйелдерімен ақылдасатын. Ислам нəрімен сусындаған отбасында əйел ерін, ер əйелін құрметтейді. Үй болған соң ыдыс-табақ сылдырламай тұрмайды. Ондай жағдайда отағасы ашу шақырып, қаһарына мінбей, өзіне сай ұстамдылықпен, ал əйел баласы өзіне тəн нəзіктік пен сыпайлығын сақтап мəселені бейбіт шешулері қажет.
Отағасы басшы екенмін деп əйелге шамасы келмейтін талаптар қоймауы қажет. Ол əйелі мен бала-шағасының алдындағы басшылық мүмкіндігін əділдік пен мейірімділік орнатуға жұмсаса, ал үйдің отанасы өз кезегінде жұмсақ мінезі арқылы отбасындағы жарасымдылықпен бірлік-берекені сақтауға барын салуы тиіс. Қай жерде əділдік пен жеке тұлғалар құқығы қорғалса, сол қоғамда тəртіп пен тыныштық орнап, игілік үстемдік құрады.
Отбасы кішігірім қоғам болғандықтан, нағыз береке мен бейбітшілікті қажет ететін жер де осы киелі шаңырақ. Ал осыны қамтамасыз ету үшін үйдің қожайыны отбасының əрбір мүшесінің ақысына құрметпен қарап, олардың алдындағы міндеттерін толық орындауға күш салуы қажет. Сол секілді əйелдің оған бағынып, ортақ мүдде, отбасы бақыты үшін айтқандарын орындауға тырысуы да аса маңызды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
ش ا َءت َ ال ْ ْ َجن أ ِة َّ أ ْبَوا ِب َ ف ِمْن ِّي َ َ ل ْ ت ُ ل ْدخ َ ْ َبْعل َ أ َها ط َ ا َعت َ ف َو ْ َ َ ت ِظ َحف ْر َجَها ش َو ْ َ َصاَمت ْهَر َها َّت َصل ا ْ َسَه َخم َو ْ إِذ ْ َ ال ا َمْر ْ أ َ ة ُ
«Əйел бес уақыт намазын оқып, (Рамазанда) оразасын ұстаса, ар-намысын сақтаса жəне күйеуіне бағынса, оған жəннаттың қалаған есігінен кірсін делінеді» – деп, отағасына бағынудың қарымы ретінде жəннат нəсіп болатынын айтып сүйіншілеген. Тағы бір хадисінде: ال ْ َجن ة َّ َدخ َ َت ل َ َعن َرا ٍض ِ ْ َر ام َ ْت ات َم َو ْ ُجَها َزو َها ْ أ َ أ ٍة یم َ اَ ُّ
«Күйеуі өзінен разы болған күйде қайтыс болған əйел жəннатқа кіреді», – деген. Алла елшісі шариғаттың рұқсат еткен шеңберінде күйеулерінің қалауларын орындаған жағдайда əйелдердің жиһад сауабын алатындығын айтқан.