Тағамдық уланулар
Тағамдық уытты жұқпа. Ет өнімдері сапасыз азық-түліктердің (ет, балық, шұжық өнімдері, еттен және балықтан дайындалған консервілер, сүт және сүт өнімдері-крем, балмұздақ және т.б.) жеген кезде астан улану тағамдық уытты жұқпа пайда болады. Осы азық-түлік құрамында бар микробтар және олардың тіршілік қалдықтары-токсиндер ауруды тудырады. Еттен және балықтан улану сапасыз немесе инфекцияланған азық-түліктерді жеген кезде болады. Ауру симптомдары залалданған азық-түлікті жегеннен кейін 2-4 сағат ішінде пайда болады. Ауру кенеттен басталады жалпы әлсіздік пайда болады, жүрек айниды, адам көп рет құсады, іші бүріп ауырады, сұйық сілемейлі, қан аралас нәжіс пайда болады. Улану күшейеді. АҚҚ төмендейді, тамыр соғуы жиілейді және әлсірейді, тері бозарады, адам шөлдейді, дене қызуы көтеріледі (38-39 С). Егер науқасты көмексіз қалдырса, мұндай кезде жүрек қантамырлық жеткіліксіздік өте жылдам дамиды, бұлшық ет құрысып, тарылады, коллапс пайда болады, адам қайтыс болады.
Алғашқы көмек. 1.Асқазан сүңгі арқылы асқазанды дереу жуу керек және адамды құстыру керек, көп мөлшерде су ішкізу, кейін тіл түбірін тітіркендіреді. 2.Асқазанды таза су құсқанша жуу керек. 3.Науқастың өзі құсқанда оған көп мөлшерде суды беріп тұру керек. 4.Ешбір тамақты жеуге болмайды (1-2 тәулік ішінде). Бірақ суды көп мөлшерде ішіп тұру тағайындалады.
5.Жіті мерзімде (асқазанды жуғаннан кейін) ыстық шай мен кофе ішуге болады. 6.Науқастың айналасына жылытқышты салып оны жылыту керек. 7.Сульфаниламидтерді дәрігердің тағайындауы бойынша (сульгин,фталазолды 0,5 грамнан күніне 1 рет) немесе антибиотиктерді ішке қабылдау жазылып кетуге көмектеседі.
8.Науқастың нәжісін және құсығын залалсыздандыру керек. 9.Зәбірленген адамға жедел жәрдем көмегін шақырту немесе емдеу мекемелеріне жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |