Күн өту және ыстық өту
Күн және ыстық өту-организмге қызу өтуден пайда болатын сырқат. Балаларға, етженді адамдарға, жүрек-қантамырлары ауруларымен, ауырған адамдарға қызу өткіш келеді. Әсіресе, шақырайған сәулеге басты қыздырғанда күн өтеді.
Күн өту көбінесе ыстық қапырық ауадан және күн көзінде көп жүруден болады. Әсіресе, ыстыққа төзімсіз, ауыр дене еңбегімен айналысатын адамдарға күн тез өтеді. Жабық бөлмеде де жоғары температураға және ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда да (ыстық цехтарда жұмыс істегенде) ыстық ұруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |