Әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі Білім алушы білу керек



бет5/18
Дата28.03.2022
өлшемі0,8 Mb.
#137016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
№10 Әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі

Қышқылдармен улану
Осы топқа қышқылдардың оттекті және оттексіз, органикалық түрлері жатады. Жиі кездесетін әсіресе тұрмыста сірке қышқылымен улану байқалады. Басқа қышқылдармен көбінесе лабораторияда жұмыс істегенде болуы мүмкін.
Күкірт қышқылымен улану. Көбінесе онымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда кездеседі. Әсіресе концентрациясы жоғары болғанда (98% H2SO4) тері қабатын бірден күйдіреді, көзге шашырауы мүмкін. Бұл жағдайда күйген жерді таза суға шаю керек.
Азот қышқылымен улану. Улану көбінесе химиялық лабораторияда кездеседі. Оқушылардың дұрыс қолданбауынан да болуы мүмкін.Теріге жанасқанда бірден күйдіреді. Ең қауіптісі – азот қышқылын жарық жерде сақтауға болмайды! Себебі, ол ыдырап улы газ азот (IV) оксидін түзеді. Бөлінген газ қоңыр түсті, өткір иісті көзге зиянды әсер етеді,дем алғанда қандағы гемоглобинді азайтады. Егер азот қышқылы қолға жанасса, бірден ағынды суға шаю қажет. Қышқылды ұзақ сақтауға болмайды. Тұз қышқылымен улану. Улану көбінесе лабораториялық жағдайда және өндіріс орындарында кездесуі мүмкін. Тұз қышқылы теріге жанасқанда күйдіреді. Оны өндірістік және лабораториялық жағдайда алғанда ең бірінші хлорсутек газын синтездейді. Хлорсутек өткір иісті, тұншықтырғыш қасиеті бар. Уланғанда бірден таза ауаға шығару керек. Сірке қышқылынан (эссенциядан) улануКүйдіретін улармен тұрмыстық жағдайда улану жағдайы бірінші орында. Бұл аталған заттың қолға оңай түсуімен байланысты. (Тұрмыста жиі тамақ өнеркәсібінде қолданатындықтан сатып алу оңай). Бұл қышқыл өзінің химиялық құрылымына қарай липидтерді қатты еріткіш ықпалы бар және тез сіңірілетін қышқыл. Алғашқы көмек. Ауыз қуысын, сілекей мен сілемейден тазарту керек, егер науқаста өңеш пен асқазанның перфарациясы болмаса, зонд арқылы күйдірілген магнезия ерітіндісімен 1л құстыруға болады. Зонд арқылы жуу мүмкін болмаса 3 сағат сайын эмульсия енгізеді,оның құрамына 200мл 10% шемішке майын анестезин 2,0 кіреді.Ауырсынуды басу үшін промедол, атропин, папаверин енігзеді. Эпигастрий аймағына мұзды мұйық қойылады. Науқас ессіз жағдайда реанимациялық шаралар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет