Сабақтың мақсаты: Галогендердің оттекті қосылыстарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін оқу. Галогендердің оттекті қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін тәжірбие жүзінде зерттеу.
Сабақтың мазмұны:
1. Аталған сабақ тақырыбы бойынша семинар.
2. Зертханалық жұмыс.
3. «Галогендер топшасы» тақырыбы бойынша тексеру жұмысы.
САБАҚТАҒЫ ЖҰМЫС
1. Зертханалық жұмыстың барысын талқылау, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
2. Жұмысқа жіберу сұрақтарын талқылау.
3. Зертханалық жұмысты орындау.
4.Жұмыс бойынша есепті жазып, жазбаша тапсырмаларды орындау.
Сабаққа жіберу сұрақтары.
1. Хлордың, бромның және иодтың оксидтерінің галогендердің тақ тотығу дәрежелерінде болуын түсіндіріңдер. Галогендері жұп тотығу дәрежелерінде болатын оксидтер үшін дәл соны орындаңдар. Неліктен ClO3 оксиді Cl2O6, димерін түзеді, ал ClO2 оксиді димер түзбейді? Галогендер оксидтері термодинамикалық тұрақты қосылыстарға жата ма?
Құрамында 81,6 % хлора және 18,4 % оттегі бар (сутегі бойынша тығыздығы 43,5-ке тең) заттың формуласын анықтаңдар. Осы заттың қасиетін, оның алынуын, қолданылуын сипаттаңдар. Құрамында 47,42 % оттегі бар (қалғаны хлор), газтәріздес күйде сутегі бойынша тығыздығы 33,73-ке тең қосылыс үшін де дәл осы тапсырманы орындаңдар.
HClO − HClO2 − HClO3 − HClO4 қатарында қышқылдардың күші артатыны, ал тотықтырғыш қабілеті кемитіні жайлы куәландыратын анықтамалық мәліметтерді келтіріңдер. Осы заңдылықтарды түсіндіріңдер.
HClO − HВrО – HIO қатарында қышқылдардың күші мен тотықтырғыш қасиеттері кемитіні жайлы мәліметтер келтіріңдер. Осы заңдылықты түсіндіріңдер.
Хлорлылау қышқылдың келесі сызбанұсқаларға: 1) HClO → HCl + O2; 2) HClO → Cl2O + H2O; 3)HClO → HCl + HClO3сәйкес ыдырауы қандай жағдайларда жүреді?
Стехиометриялық коэффициенттері мен әрбір реакцияның типін анықтаңдар. Теңдеулердің қайсысы осы қышқылдың дезинфицирлеуші және ағартушы қасиетін түсіндіреді?
Натрий гипобромитін қыздырғанда бромид және натрий броматы түзіледі. Реакция теңдеулерін жазыңдар, оның типін анықтаңдар.
Неліктен хлор қышқылын ең күшті қышқыл деп санайды? Неліктен оның константасы мен диссоциациялану дәрежесі анықтамаларда болмайды? Осы қышқылдың формуласын жазыңдар, молекуласындағы химиялық байланысты және оның құрылысын түсіндіріңдер. Бұл қышқылды қалай алады? Оның тұздары қалай аталады?
Мына қатарларда NaClO − NaClO2− NaClO3 − NaClO4және NaClO − NaBrO − NaIO тұздардың гидролизге ұшырауы қалай және неліктен өзгеретінін түсіндіріңдер. Гидролизге ұшырайтын тұздар үшін, гидролизінің реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Келесі айналулар тізбегін жүзеге асыру үшін қажетті реакция теңдеулерін жазыңдар:
NaCl → HCl → Cl2 → NaClO → NaClO3 → HClO3 → HClO4 → Cl2 → HCl → NaCl
10. Келесі айналулар тізбегін жүзеге асыру үшін қажетті реакция теңдеулерін жазыңдар: NaCl → HCl → Cl2 → KClO3 → ClO2 → KClO2 → HClO2 → HCl → Cl2 → NaCl
Достарыңызбен бөлісу: |