8. Вr- және I- ИОНДАРЫНА РЕАКЦИЯЛАР
Жекелеген сынауықтарда Ag+ ионының бромид және иодид ерітінділеріне әсерін зерттеңдер. Тұнбалардың түсі мен сипатын белгілеңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
1. ЖАВЕЛЬ СУЫН АЛУ
Сынауыққа сілтінің сұйытылған ерітіндісін құйыңдар, оны мұздай суы бар стақанға қойыңдар, және бірнеше минут бойы ерітінді арқылы хлор өткізіңдер. Неліктен тәжірибені суытқанда жүргізеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіні 2 тәжірибе үшін сақтаңдар.
2. ЖАВЕЛЬ СУЫНЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ
Индиго немесе фуксин ерітіндісіне алдыңғы тәжірибеде алынған жавель суын құйыңдар. Не байқадыңдар? Түсініктеме беріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
3. ХЛОРЛЫ (АҒАРТУШЫ) ӘКТІ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
a) Таразыда 5 г кальций гидроксидін өлшеңдер. Оны сыйымдылығы 100 мл стақанға салып, 15 мл.су қосыңдар. Стақанның ішіндегіні араластырыңдар да қыздырыңдар. Қоспаның температурасы 30°С аспауы тиіс. Жүзгін арқылы 10—15 мин.бойы хлордың ағынын өткізіңдер. Түзілген хлорлы әктің тұнбасын келесі тәжірибелер үшін сақтап қойыңдар. CaOH+H2O+Cl2=
б) Алдыңғы тәжірибеде алынған тұнбаны сүзіп алыңдар, оның иісін анықтаңдар және екі бөлікке бөліңдер. Бір бөлігіне Н2О2 ерітіндісінің аз көлемін құйыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Хлорлы әктің екінші бөлігін сумен шайқап, оған ерітіндісін құйыңдар. Не байқадыңдар? Тәжірибе нәтижесін түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Хлорлы әктің қанық ерітіндісіне (2—3 мл) өршіткі болып табылатын кобальт (II) еритін тұзын қосыңдар. Сынауықты қыздырыңдар. Тәжірибенің көмегімен, хлорлы әктің катализдік ыдырауының өнімі оттегі екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
г). Қорғасын(II) ацетаты ерітіндісіне аздап әк қосып, қыздырыңдар. Түзілетін газ бен тұнбаның түсін белгілеңдер. Рb2+ иондары РbО2 ауысатынын ескеріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
д.) Судың шамалы көлемінде FeSO4 бірнеше кристалын ерітіңдер де оған NaOH-тың тең көлемін қосыңдар. Тұнбаның түсі мен сипатын белгілеңдер. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Тұнбаға 3—4 мл кальций гипохлоритінің қанық ерітіндісін қосыңдар. Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін құрастырыңдар.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларында кальция гипохлориті қандай рөл атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |