§ 59. СЫН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ
Сын есімдер компоненттерінің кұрамдарына қарай жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер болып екі салаға бөлінеді.
Жалан сын есімдерге ешқандай қосымшаларсыз-ақ негізгі сын есім есебінде қызмет ететін түбір сөздер (ақ, Қара, көк, сүр, тік, аласа, тар т. б.) және жұрнақ арқы- лы жасалған туынды (малды, иіөпті, қүнарлы, өнімсіз, залалсыз, бойшаң, үйқыіиыл, көтеріңкі, серіппелі т. б.) сын есімдер және өзге сөз таптарынан семантикалық >(<ағы!іан дамып, адъективтенген сөздер (кебу, ауру, басқа, өзге т. б.) жатады. Сөйтіп, жалан сын есімдерге ^ататын сөздердің құрамында бір ғана негізгі компо-
181
иент болады, бірак ол негізгі компонентте қосымша мор- феманың болуы я болмауы шарт емес.
Күрделі сын есімдерге кемі екі я онан да астам ком- поненттерден құралып, синтаксистік (аналитикалық) жолмен жасалған сындар жатады. Күрделі сын есім- дер негізгі сындардан да, олардын өзді-өзінін де, өзге сөздермен де тіркесуі, кайталануы, қосарлануы, әредік бірігуі арқылы жасалып, бір бүтін күрделі тұлға ре- тінде қызмет етеді. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сын есімдердін. негізгі үлгілері (модельдері) төмендегідей:
Сапалық (негізгі) сын есімдер бірімен-бірі тірке- седі. Бұл топқа қара ала, сары ала, торы ала, иіұбар ала, қызыл ала деген үлгі бойынша жасалатын, демек, алғашқы компоненті ауысып, соңғы компоненті өзгер- мей тіркесетін сындар да, қара көк, қара сур, қара то- ры, қара қоңыр, қара күрең, қара іиубар, қара кер де- ген үлгі бойынша, демек, алғашқы компоненті ауыспай, соңғы компоненті ауысып жасалатын екі компоненті күрделі сындар да, алқара көк, алқара кер тәрізді үш компонентті күрделі сын есімдер де жатады. Бұл топқа енетін күрделі сын есімдер жалан сапалық сындар сияқты, шырай формаларында да жүмсала береді.
Бірыңғай я негізгі (сапалык), я туынды (қатыс- тык) сындар не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: кішкене-кішкене, аппақ-аппақ, үлкен-үлкен, малды-мал- сыз, қоралы-қопсылы т. б.
Негізгі сынмен -лы (-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. Мысалы: кен маңдайлы, шокша сақал- ды, қызыл шырайлы т. б.
Зат есім, сан есім, есімдік, есімше формалар мен -лы (-ЛІ...) формалары туынды сын есім тіркеседі. Мы- салы: теке сақалды, адырақ көзді, алтын баулы т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |