Ербатыр ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным



Дата27.12.2016
өлшемі150,15 Kb.
#5393
Ербатыр ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық

картасы

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы:Табиғатым байлығым.

Мақсаты Өлі табиғат пен тірі табиғат арасындағы байланысты түсіндіре отырып, табиғатты тануға деген қызығушылығын арттыру.

Табиғат байлығын бағалауға, қорғауға, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, өсімдіктер, жануарлары суреттері,жақсылық пен жамандық суреттері


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Армысың, шапағатты Күн-Ана!

Армысың, қайырымды Аспан-Ана!

Армысың,мейірімді Жер-Ана!

Құт дарып, әлемді жарылқа!




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог сабақ басталмас бұрын балабақша ішіндегі- Табиғат аясына шағын саяхат жасайды.-

-Балалар біз сендермен қайда бардық?

-Балалар,сендер нені көрдіңдер?

-Балалар табиғат деген не?

-Бізді қоршаған орта табиғат деп аталады.Ол жазира дала,биік таулар,көгілдер,жан-жануарлар,құстар т.б.

-Табиғат нешеге бөлінеді?


-Кәне атайықшы.
-Өлі табиғат пен тірі табиғаттқа нелер жатады екіге бөліп

Тақтаға ілуіміз керек.Өлі табиғатты «Ө»дыбысының жан-жағына орналастырамыз, «Т»дыбысының жан-жағына тірі табиғатты орналастырамыз.

Табиғат сондай тамаша! Кім табиғат туралы өлең тақпақ айтады?


Сергіту сәті:

Құс қанатын жайды,

Аққу тойнын созады,

Үйрек келіп қонады.

+-Балалар енді біз бәріміз бірге

«Жақсылық-жамандық» ойынын ойнайық.

-Ағаш отырғызу...

-Орманды өртеу...

-Құстарға жем шашу...

-Құстың ұясын бұзу...

-Құстарға ұя салу..

-Суды ластау...

-Орманда қалдық заттарды қалдыру...

-Гүлдерді баптау...

-ағаштарды кесу...

Тамаша өте жақсы.

Ал енді сендер табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Жақсы,балалар.



Жүректен жүрекке:

Балалар өз ризашылығымызды білдірейік,жарайма!



Балалар жан-жағына қарайды.
-Табиғат аясына.
Күнді,гүлдерді,көбелектерді,құстарды,ағаштарды,жануарды.

Д.Ажар


-Табиғат,табиғат,

Тамаша ғой табиғат.

Табиғатта ойнаймыз,Гүлдей өсіп жайнаймыз.

.Табиғат екіге бөлінеді.

Өлі табиғат және тірі табиғат.

Балалар ретімен орналастырды.


Ернар:


-Бау-бақша белдер,

Ормантау,көлдер,

Көрікті шексіз даламыз.

Өзіміз туған

Көбелек өуған,

Өлкеде өсіп толамыз.

Жаннұр:

Сүйем сені туған жер,



Әжем жөргек жуған жер,

Шапқан жауды еліме,

Батыр бабам қуған жер.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

-Жақсылық.

-Жамандық.

-Жақсылық.

-Жамандық.

-Жақсылық.

-Жамандық.
-Жамандық.

-Жақсылық.

-Жамандық
-Тау бұлағымен сәнді,көл құрағымен сәнді.

Жер құтты болса,мал сүтті болады.


Балалар табиғатқа өз ризашылығын білдіреді:

-Күн сәулесін шашқаның үшін,

-Ағаш көлеңкең үшін,

-Бұлт жаңбыр сепкенің үшін,

-Табиғат сұлулығың үшін рахмет!



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар біз сендермен табиғат аясында нені түсіндік,нені үйрендік?

Дұрыс,біз,табиғатты қорғауға,аялай білуге үйрендік.Табиғат-Анаға көмектесуді үйрендік.Табиғат- барлық адамдардың ортақ үйі..Табиғатты қорғау -Отанымызды,елімізді,жерімізді қорғау.Балаларды мадақтау.



Балалардың жауабы

Табиғаттың байлығын әр бала өзінің түсінігінше айтты.

.Біз табиғатты ластамаймыз оны күтіп баптап сүйіспншілікпен қараймыз.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Табиғат аясындағы әсемдікті бақылауды.

Түсінеді: Тірі табиғат пен Өлі табиғатты ажырата білуді.

Қолданады: Табиғаттың байлығын қорғай білуді,оны баптап, сүйіспеншілікпен қарауды.

Ербатыр ересектер тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық

картасы

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы:Табиғат және біз.

Мақсаты: Балалардың табиғат туралы білімін бекіту.Ойлау қабілеттерін дамыту.Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.Ертегі арқылы қайырымдылыққа,мейірімділікке,адалдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, үлестірмелі құралдар,кілемше,төрт түсті жіп,үнтаспа.

Билингвальді компонент:Тірі табиғат-живая природа,өлі табиғат-неживая природа,жыл мезгілі-времена года,құстар-птицы,жәндіктер-насекомы,жануарлар-животные.




Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Арайлап атсын әр таңым!

Қуан шаттан!

Қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн достарым!

Балалар қимылыен айтады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?


-Бүгін аптаның қай күні?


-Тамаша!Балалар.Өте жақсы!

-Балалар табиғат деген не?

-Балалар есік қағылған сияқты.

-Мен бір конверт тауып алдым,

-Мұнда бір диск бар екен,қосып көрейік не айтады екен.

«-Сәлеметсіздерме?Құрметті «Ербатыр»тобының балалары.Мен Табиғат-Анамын.Сендер мен туралы көп оқиды деп ойлаймын.Манадан бері мен сендердітерезеден қарап бақылап тұрмын.Менің сендергеарнайы беріп жіберген тапсырмаларым бар.Сендер тапсырмалардыжақсы орындасаңдар менің сендерге арналған сыйлығым бар.»

-Ендеше балалар біз «Табиғат-Ананың» тапсырмасын орындайық

1-тапсырма:Үлестірмелі карточкамен жұмыс.Өлі табиғатты сары түске,тірі табиғатты жасыл түске топтастырамыз.

2-тапсырма:

Бөліктерді құрастыр.Құрастырылған суреттен әңгіме құра.


3-тапсырма: 1 Жағдаят:

Өзен жағасында екі бала келе жатады.Жолда бақа көреді.Біреуі :

-бақаны үйге алып кетейік адасып кетеді-дейді.Ал екіншісі:-жоқ апармайық бақа өз жолын өзі тауып алады-дейді.Сұрақ-қайсыныкі дұрыс?

2-жағдаят:

Үсен әкесімен серуенге шықты.

Үсен көп шегірткені көрді.

-Әке маған бір ыдыс берші,шегірткені жинап алайын-дейді. Әкесі:-жоқ тиіспе жабық ыдысқа салған соң тұншығып өліп қалады.Көк шөпте жүре берсін-дейді.Сұрақ-Әкесінікі дұрыс па,баласыныкі дұрыс па?



4-тапсырма: Дидактикалық ойын «Ерекше дөңгелектер»

Суреттерді бөліп топтастыр.

Жәндіктер,Құстар,Аңдар,

Жануарлар.

5-тапсырма:Қимылдық ойын «Құмырсқа»

Балалар екі топқа бөлінеді.

1-топ.құмырсқалар.

2-топ.құмырсқаның илеуі.



6-тапсырма; «Табиғат-Ана»ертегісін оқып беру

Табиғат –ананың Жер,Су,Ағаш деген үш ұлы болыпты.Олар өте ақылды,мейірімді екен.Табиғат –Ана бір күні ұлдарын шақырып алып: Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма сый тартамын, -деп уәде береді.Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп,адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты.Үшеуі үш жаққа кетіп,адамдарға көп игілікті істер жасапты.Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда,аналарының бұрынғыдан да көріктене түскеніне риза болады.

-Апатай, Сіз қандай керемет болып кеткенсіз,мұның сыры неде?-деп сұрағанында Табиғат –Ана былай депті.Аяулы ұлдарым менің,мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, -деп жауап береді.Содан бері Жер,Су,Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін,адамдарға қызмет етумен келеді екен.

-Табиғат–Ананың ұлдары адамдарға қандай игілікті істер жасады?

Табиғат –Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?

Неліктен табиғатты анаға теңеп «Табиғат –Ана» деп айтады?(балалардың жауабы).

Тамаша балалар! Біз мейірімділікті қайдан үйрендік?

Өте жақсы балалар мен сендерге ризамын.



Қазір жылдың қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде үш

ай бар олар: желтоқсан,қаңтар,ақпан

-Бүгін аптаның жұма күні.


Табиғат деген қоршаған орта,жазира дала биік таулар т.с.с.

Балалар мұқият тыңдайды.

Тапсырманы орындауға дайындалады.

Балалар алдарындағы карточкамен жұмыс жасады.

Балалар төрт топқа бөдініп жыл мезгілдерін құрастырып суретті әңгімелеп берді.
Айсұлу:

-Екіншісінікі.

Аяжан:

-Өйткені бақа суда өмір сүреді.


Ажар:

-Әкесінікі.

Д.Ажар:

-Өйткені шегіртке еркін жүреді.жабық ыдыста тұншығып өліп қалады.


Балалар төрт топқа бөлініп суреттерді топтастырды.

Ойынды жақсы ойнады.


Әңгімені мұқият

тыңдады.


-Өздерінің сыйларын аямады.
-Адамдарда еңбектену керек.
Өйткені табиғатсыз адамдар өмір сүре алмайды

-Табиғат-Анадан.



Рефлексиялық-түзетушілік

.Бүгінгі оқу-іс әрекетінде біз не білдік,не істедік. Ал енді балалар

Тақтаға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

-Күннің несі жоқ?

-Ал жердің несі жоқ?

-Егерде сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнаса күннің шуағын жан-жағына жапсырыңдар. Ал бүгінгі іс-әрекет

Ұнамаса онда жерге шөп жапсырыңдар.

Міне көрдіңдерме Табиғат-Ана бізге риза болып сыйлығын берді.

Бәріміз күндей жарқырап жүрейік!



Бүгін не істегенін,

Не білгенін айтып берді.


Күннің шуағы жоқ.

Жерде ештеңе жоқ.


Балалар өздерінің көңіл-күйлерін көрсете білді.
Сыйлық алып қуанды.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Табиғат-Ананың тапсырмасын орындайды.

Түсінеді: Табиғаттың құбылыстарын ажырата білуді.

Қолданады: Табиғат-Ананың балалары сияқты мейірімді

қайырымды,еңбекқор болуды.



Ербатыр ересектер тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық

картасы

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы:Табиғат және біз.

Мақсаты: Балалардың табиғат туралы білімін бекіту.Ойлау қабілеттерін дамыту.Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.Ертегі арқылы қайырымдылыққа,мейірімділікке,адалдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, үлестірмелі құралдар,кілемше,төрт түсті жіп,үнтаспа.

Билингвальді компонент:Тірі табиғат-живая природа,өлі табиғат-неживая природа,жыл мезгілі-времена года,құстар-птицы,жәндіктер-насекомы,жануарлар-животные.


Мотивациялық -қозғаушылық
Шаттық шеңбері.

Арайлап атсын әр таңым!

Қуан шаттан!

Қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы күн қонақтар!


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші:-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір жылдың қыс мезгілі.
Тәрбиеші:-Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Қыс мезгілінде үш

ай бар олар: желтоқсан,қаңтар,ақпан.




Тәрбиеші:-Бүгін аптаның қай күні?

Балалар:-Бүгін аптаның жұма күні.

Тәрбиеші:-Тамаша!Балалар.Өте жақсы!

-Балалар табиғат деген не?



Балалар:Табиғат деген қоршаған орта,жазира дала биік таулар т.с.с.

Тәрбиеші:-Балалар есік қағылған сияқты.

-Мен бір конверт тауып алдым,

-Мұнда бір диск бар екен,қосып көрейік не айтады екен.

«-Сәлеметсіздерме?Құрметті «Ербатыр»тобының балалары.Мен Табиғат-Анамын.Сендер мен туралы көп оқиды деп ойлаймын.Манадан бері мен сендердітерезеден қарап бақылап тұрмын.Менің сендергеарнайы беріп жіберген тапсырмаларым бар.Сендер тапсырмалардыжақсы орындасаңдар менің сендерге арналған сыйлығым бар.»


-Ендеше балалар біз «Табиғат-Ананың» тапсырмасын орындайық
1-тапсырма:Үлестірмелі карточкамен жұмыс.Өлі табиғатты сары түске,тірі табиғатты жасыл түске топтастырамыз.

2-тапсырма:

Бөліктерді құрастыр.Құрастырылған суреттен әңгіме құра.


3-тапсырма: 1 Жағдаят:

Өзен жағасында екі бала келе жатады. Жолда

бақа көреді.Біреуі :

-бақаны үйге алып кетейік адасып кетеді-дейді

.Ал екіншісі:-жоқ апармайық бақа өз жолын

өзі тауып алады-дейді.Сұрақ-қайсыныкі дұрыс?



Айсұлу:-Екінші бала дұрыс айтады.

Аяжан:-Өйткені бақа суда өмір сүреді.


2-жағдаят:

Үсен әкесімен серуенге шықты.

Үсен көп шегірткені көрді.

-Әке маған бір ыдыс берші,шегірткені жинап

алайын-дейді. Әкесі:-жоқ тиіспе жабық

ыдысқа салған соң тұншығып өліп қалады.

Көк шөпте жүре берсін-дейді.

Сұрақ-Әкесінің айтқаны дұрыс па,баласының

айтқаны дұрыс па?

Ажар:

-Әкесінің айтқаны дұрыс.



Д.Ажар:

-Өйткені шегіртке еркін жүреді.жабық

ыдыста тұншығып өліп қалады.
4-тапсырма: Дидактикалық ойын «Ерекше дөңгелектер»

Суреттерді бөліп топтастыр.

Жәндіктер,Құстар,Аңдар,

Жануарлар.



5-тапсырма:Қимылдық ойын «Құмырсқа»

Балалар екі топқа бөлінеді.

1-топ.құмырсқалар.

2-топ.құмырсқаның илеуі.



6-тапсырма; «Табиғат-Ана»ертегісін оқып беру

Табиғат –ананың Жер,Су,Ағаш деген үш ұлы болыпты.Олар өте ақылды,мейірімді екен.Табиғат –Ана бір күні ұлдарын шақырып алып: Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма сый тартамын, -деп уәде береді.Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп,адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты.Үшеуі үш жаққа кетіп,адамдарға көп игілікті істер жасапты.Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда,аналарының бұрынғыдан да көріктене түскеніне риза болады.

-Апатай, Сіз қандай керемет болып кеткенсіз,мұның сыры неде?-деп сұрағанында Табиғат –Ана былай депті.Аяулы ұлдарым менің,мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, -деп жауап береді.Содан бері Жер,Су,Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін,адамдарға қызмет етумен келеді екен.

-Табиғат–Ананың ұлдары адамдарға қандай игілікті істер жасады?

Табиғат –Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?

Неліктен табиғатты анаға теңеп «Табиғат –Ана» деп айтады?(балалардың жауабы).

Тамаша балалар! Біз мейірімділікті қайдан үйрендік?

Өте жақсы балалар мен сендерге ризамын.Қайырлы күн достарым!



Рефлексиялық-түзетушілік

Бүгінгі оқу-іс әрекетінде біз не білдік,не істедік. Ал енді балалар

Тақтаға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

-Күннің несі жоқ?

-Ал жердің несі жоқ?

-Егерде сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнаса күннің шуағын жан-жағына жапсырыңдар. Ал бүгінгі іс-әрекет

Ұнамаса онда жерге шөп жапсырыңдар.

Міне көрдіңдерме Табиғат-Ана бізге риза болып сыйлығын берді.



Бәріміз күндей жарқырап жүрейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет