1914 жылы өмір сүрген сегіз ұлы державалардың бірі 1918 ж қарай саяси картадан мүлдем жоғалып кетті, ал жарымжан болған екеуі прострация жағдайынан шыға алмады, ал жақсы жаман болсын аман қалғандарының бірі «өзін өзі басқаратын доминиондарды»4 іздеу жолында жанып салып қайта құрыла бастады. Жартылай революциялық, жартылай эволюциялық осы өзгерістердің жалпы шешімі бірдей. Әлемдік аренаны ұлы державалар жаулап алды, олардың әр қайсысы тұйықталған универсум болып табылды. Жаңа ғасырдағы қоғамдардың ерекше сипаты ұсақ мемлекеттердің өзара тәуелділігі болып табылады. Олардың бірқатары (мысалы, Британия метрополияларының доминиондары) толықтай тәуелсіз бірліктер болып табылмайды, басқалары (Чехословакия, Австрия, Венгрия) теңіз жағалауларынан айырылған, үшіншілерінде айқын көрінетін немесе қайталанбас нағыз ұлттық мәдениет жоқ. Сонымен қатар жаңа әлемде ұлы державалар да кішкентай болып көріне бастады және әлемдік аренаға шыққан индустриализм олардың экономикалық дамуын тежеді. Барлық мемлекеттер ез бетінше экономикалық тұрғыда тіршілік ете алмайтынын тең дәрежеде сезіне бастайды және немесе әскери, қаражаттық, тарифтік, миграциялық саясатқа қарсы шығады немесе Ұлттар Лигасы секретариаты мен Женевадағы Халықаралық еңбек бюросы төңірегінде құрылған халықаралық техникалық ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Осындай әртүрлі тенденцияларды бір формулаға біріктіруге болады: өткен ғасырдағы қоғамдық өзіндік сананың ерекшелігі езін, өз қоғамын тұйық универсум деп санауға ұмтылу болса, біздің ғасырымызда қоғамдық санадағы бастысы өзін анағұрлым кең универсумның бір бөлігі ретінде сезіну болып табылады. Бұл өзгеріс 1875 жылы шарықтау шегіне жеткен толысудың соңына және егер ол бұрынғы, батыс тарихындағы ортағасырлық деп аталатын фазаны қайталауды болжамдайтын болса төрт ғасырға созылатын кемудің басталуына меңзейді. Орта ғасырларда батыс қоғамының санасы әлде бір басшылық пен орталықты рәміздейтін папалық пен Қасиетті Рим империясының ықпалында болған еді, ал корольдіктер мен муниципальды қалалар мен аймақтар және тағы басқа жергілікті мекемелер бағынышты және шеткі жақтар ретінде қабылданды5. Қалай десек те, саябырсу осы бағытта жүріп жатқан сияқты бұл жерде нақты болу қиын, өйткені бет бұрыстан кейін коп уақыт өте қойған жоқ. Егер бұл бақылау дұрыс болса және егер тарихшы оз ойлары мен сезімдерінде өзі өмір сүріп отырған ортаның ықпалынан алыс кете алмайтыны (абстракцияланбайтыны) шын болса, онда біз жақын болашақта батыс тарихшыларының көзқарастары мен ғылыми қадымдарында өзгерістер болады деп үміттене аламыз. Бұл батыс қоғамын тұтас қамтыған өзгерістерге сай келеді. Дәл осы өткен ғасырдың соңында тарихшылардың еңбегі иидустриальдық жүйемен толық үйлесімділікте болды, ал олардың көзқарастары ұлттық идеямен қамтылды және сонымен байланысты болды. Бірақ жаңа ғасыр бір ұлттың шеңберімен шектелмеген зерттеу ауқымын анықтады және ғалымдар өз тәсілдерін анағұрлым кең ауқымдағы интеллектуалдық операцияларға бейімдеуге мәжбүр болады. Сонда екі сұрақ туындайды: «тарихи зерттеудің ақылмен танылатыи6 ауқымы қандай» және «нақты тарихи, әлеуметтік жағдайлармен салыстырылмайтын, тарихшыға тәуелсіз тарихи зерттеулер ауқымының болуы мүмкін бе?» Біздің осыған дейінгі зерттеулеріміз бізді тарихи ойлау тәсілі ойшыл кездейсоқ душар болған дәл сол сәттегі әлеуметтік ортаның ықпалында болады деген қорытындыға әкелді. Егер бұл ықпал соншалықты күшті болып, соның арқасында ойшылдың санасында априорлы категориялар қалыптасса, онда қойылған сұраққа жауап берілді деп санауға болады. Бұл тарихи ой мен әлеуметтік ортаның салыстырмалылығы шартсыз және сондықтан тарихи әдебиеттер ағымынан әлде бір тұрақты форманы іздеудің қажеті жоқ дегенді білдіреді. Тарихшы егер ол осы, нақты өз заманының қоғамының ықпалын талдау арқылы өзінің ойлау әрекетінің морфологиясын тануға қабілетті болса, онда ол өткенге тиесілі қоғамдық құрылымдарды талдау мүмкін емес екендігін мойындауға тура келеді. Бірақ бұл тұжырым әзірше біздің тоқтамдарымызға қайшы келмейді. Осыған дейін біз тарихи ойдың алдыңғы қатарындағы салыстырмалылықтың ұшқындарын ажырата алдық, мүмкін осы фактініні белгілеутарихи ойдың артқы қатарындағы тұрақты және абсолютті объект™ бекемдеудегі бірінші қадам болар. Сондықтан біздің келесі қадамымыз орынмен және уақытпен шартталған қабылдау ерекшеліктеріне тәуелсіз тарихи зерттеудің ақылмен танылатын өрісінің болу мүмкіндігін зерттеу болып табылады.