Әрбір дәуірде және кезкелген қоғамда тарихты зерттеу мен тану басқа да әлеуметтік әрекет сияқты аталған уақыт пен орынның басым ағымына бағынышты болады
Әрбір дәуірде және кезкелген қоғамда тарихты зерттеу мен тану басқа да әлеуметтік әрекет сияқты аталған уақыт пен орынның басым ағымына бағынышты болады. Қазіргі уақытта батыс әлемінің өмірін екі институт айқындайды: экономиканың индустриалды жүйесі және сондайлық күрделі және шымшытырық саяси жүйе. Біз дербес ұлттық мемлекеттің жауапты парламентарлық өкілетті үкіметін ескере отырып, оны «демократия» деп атаймыз. Бұл екі институтэкономикалық және саяси өткен ғасырдың соңында батыс әлемінде үстемдікке ие болды және уақытша болсын сол кезеңдегі басты мәселелерді шешті. Өткен ғасыр аман қалудың жолдарын іздеп тауып, бізге аманат етті. Өткен ғасырда құрылған институттардың осы күнге дейін сақталып келуі ең алдымен, біздің алдымыздағы буынның жасампаздық қуатын дәлелдейді. Біз индустриальдық жүйеде және парламентарлық ұлттық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан осы екі институттың біздің ойсанамызға және оның нақты өнімдеріне ықпал ететіндігі түсінікті. Өнеркәсіптік жүйенің гуманитарлық қыры адаммен, еңбек бөлінісімен тікелей байланысты, оның басқа аспектісі адамның тіршілік ету ортасына бағытталған. Индустриалдық, яғни, өнеркәсіптік жүйенің міндеті шикізаттарды белгілі бір өнімдерге өңдеп, өзінің өндірістік қабілетін арттыру және осы механикалық ұйымдастырылған еңбекке көптеген адамдарды тарту. Индустриалдық жүйенің бұл ерекшелігін батыс ойы өткен ғасырдың бірінші жартысындаақ түсінді.Индустриалдық жүйенің дамуы физикалық ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетіндіктен, индустрия мен ғылымның арасында әлдебір «белгіленген үйлесімділік» болды деп тұспалдауға болады1. Егер осылай болса, онда ғылыми ойдың индустриальдық қалыпта ұйымдастырылғанына таңдануға болмас. Кезкелген жағдайда бұл ғылымның дамуының ерте кезеңдеріне ғана қатысты, ал қазіргі ғылым, тіпті батыс қоғамыммен салыстырғанда да тым жас, өйткені дискурсивті ойлау үшін алдымен жеткілікті эмпирикалық деректер жинақтап алу қажет. Бірақ бұл тәсіл кейінгі уақыттарда арнайы ғылыми ортамен байланыспаған, 182 жансыз табиғатқа емес, Өмірге бағытталған білімнің көптеген аймақтарында, тіпті адамдық әрекеттік әртүрлі формаларын зерттейтін ойлауда кең таралымын тапты. Тарихи ойлауда өзіне жат индустриальдық жүйенің құрсауында қалды, атап айтқанда адамдар қарымқатынасын зерттейтін салада қазіргі батыстық өнеркәсіптік жүйе көпшілік онда өмір сүріп, еңбек етуді қаламайтын режим екендігін көрсетті. Бұл жерде Теодор Момзеннің өмірі мен шығармашылығын мысалға келтіруге болады. Жас Момзен батыстық тарихи әдебиеттің үлгісі болып қалатын қомақты еңбек жазды. Оның «Рим республикасының тарихы» еңбегі 1854-1856 жж жарық көрді. Бірақ кітаптың жарыққа шыққаны сол еді, автор оз еңбегінен өзі ұялып, бар күшқуатын басқа арнаға салуға талпынды. Момзен қалған өмірін латын жазбаларының толық жинағын құрастыруға және рим конституциялық құқының энциклопедиялық жинағын шығаруға арнады. Бұл тұрғыда Момзен индустриальдық жүйенің мәртебесі үшін езін «интеллектуальдық жұмысшыға» айналдыруға дайын тұрған ұрпақтың өкілі, оз дәуірдің кәдуілгі батыс тарихшысы ретінде көрсетті. Момзен мен Ранке уақытынан бастап тарихшылар күшқуатының басым бөлігін шикі материалдарды жазбаларды, құжаттарды және т.б. жинауға, оларды антология түрінде немесе мерзімді баспалар үшін жеке мақалалар жариялауға жұмсады. Жинақталған деректерді өңдеуде ғалымдар жиіжиі еңбек бөлінісіне жүгінді. Соның нәтижесінде томдар сериясымен шығатын көлемді зерттеулер пайда болды, бұл тәжірибе қазіргі уақытта да Кембридж университетінде қолданылады. Мұндай сериялар адами еңбекқорлықтың, «фактографиялықтың» және біздің қоғамымыздың ұйымдасушылық қуатының ескерткіші. Олар адам таңғаларлық туннельдердің, көпірлер мен плотиналардың, лайнерлер мен крейсерлердің, зәулім үйлердің қатарынан өз орнын алады, ал олардың авторларын Батыстың атақты инженерлерімен бірге еске алады.
Тарихи ой патшалығын жайлаған индустриальдық жүйе ұлы стратегтерді дүниеге әкелді және жеңіске жетіп, көптеген олжаларды иемденді. Бірақ ойшыл оқырман қол жеткен жетістіктерге күмәнмен қарауға құқылы, ал жеңістің өзі жалған сәйкестіктен туған адасушылық болып көрінуі мүмкін. Қазіргі уақытта өз семинарларын «лабораториялар» ретінде айқындатын және мүмкін мұны түсінбесе де, «қайталанбас зерттеу» ұғымын бұрын белгісіз болған жағдаяттарды ашумен немесе верификациялаумен шектейтін тарих оқытушылары жиі кездеседі. Ол ол ма бұл ұғым мерзімді басылымдар мен жинақтарда көрініс тапқан тарихи мақалаларға да тарала бастады. Бір адам жазған тарихи жұмыстарды дұрыс бағаламау тенденциясы бірден көзге түседі және бұл бағаламау жалпы тарихқа қатысты еңбектер туралы айтқанда ерекше байқалады. Мысалы, Герберт Уэллстың «Тарих очерктерін» көп мамандар ашық өшпенділікпен қабыл алды. Олар автор жіберген барлық дәлсіздіктерді, оның фактологиядан саналы түрде бас тартуын аясыз сынға алды. Олардың Г. Уэллстің өз қиялында адамзат тарихын қалпына келтіре отырып, солардың қолы жетпеген, ойлай да алмаған әлде неге қол жеткізгенін түсінуге қабілеті жете бермес. Герберт Уэллс кітабының маңыздылығын сол уақыттағы аз ғана мамандар шоғыры емес, қалың оқырман қауымы бағалады. Тарихи ойлаудың индустриализациялануының терең бойлағаны соншалық, өзінің кейбір көріністерінде индустриальдық рухтың гипертрофияланған патологиялық формаларына жетті. Күш қуаттарын толығымен шикізатты жарыққа, жылуға, қозғалысқа және әртүрлі тұтыну бұйымдарына айналдыруға шоғырландырған индивидтер мен ұжымдар табиғи ресурстарды ашып, пайдалану бұл процестердің нәтижелері адамзат үшін қаншалықты құнды екеніне қарамастан өзөздігінен құнды әрекет деп ойлауға бейім. Еуропалықтар үшін мұндай ой өрісі американдық бизнесменнің белгілі бір типін сипаттайды, бірақ бұл тип, шын мәнінде, барлық батыс әлеміне тән тенденцияның тым өрескел көрінісі. Қазіргі заманғы еуропалық тарихшылар тепетеңдіктер бұзылуының нәтижесі болып табылатын қазіргі осы дерттің олардың да санасына тән екенін байқамауға талпынады. Қышшының өз саз балшығының құлына айналуға дайын тұруы айқын аберрация болып табылатындығы соншалық, оған сәйкес келетін өзгерісті іздеген кезде тарихи зерттеуді өнеркәсіптік өндіріс үдерісімен салыстырмайақ қоюға болады. Сайып келгенде өнеркәсіпте де шикізатпен көз байлау да нәтижесіз болып табылады. Жолы болатын кәсіпкер бұл қайсы тауарға немесе қызмет түріне экономикалық сұраныс болатынын бірінші болып болжап, осыған байланысты жұмыс күшін пайдалана отырып шикізатты қарқынды қайта өңдеуді бастайтын адам. Өзөздігінен алынған шикізатта, жұмыс күші де оны еш қызықтырмайды. Басқа сөзбен айтқанда ол табиғи ресурстардың құлы емес, болашаққа жол ашқан өнеркәсіп кемесінің капитаны. Адамдарға немесе жануарларға жансыз заттар ретінде қараудың салдарының апатты болатыны белгілі. Осыған ұқсас ісқимыл идеялар әлемінде де қателіктен ада болмайды деп неге ойламасқа? Біз неліктен жансыз табиғаты талдау үшін жасалған ғылыми тәсіл адамдар мен олардың әрекетін зерттеуді қамтитын тарихи ойлауға да қолданылуға тиіс деп санауымыз керек? Тарих профессоры өз семинарын «зертхана» деп атағанда, ол сол арқылы өзінің табиғи ортасынан шектелмей ме? Екі атауда метафора, бірақ олардың әрқайсысы тек өз аймағында ғана орынды. Тарихшының семинары бұл тірі жандардың жанды адамдар туралы жанды сөздер айтатын питомнигі. Физиктің зертханасы өлі табиғи шикізаттан жасанды немесе жартылай жасанды бұйымдар жасалатын шеберхана болып табылады немесе осыған дейін солай болып келді. Бірақ бірде бір практик фабриканы питомниктік негізде ұйымдастырмайтыны сияқты питомникті фабрика принциптерінде ұйымдастырмайды. Ғалымдарда идеялар әлемінде тәсілдерді дұрыс қолданбаудан сақтануы керек. Біз жансыз объектілерге жан бітіріп, рухтандыратын «патетикалық адасушылықтар»2 туралы жақсы білеміз. Бірақ қазіргі уақытта біз қарамақарсы «патетикалық адасушылықтың» құрбаны болып отырмыз, оған сәйкес жанды тіршілік иелеріне жансыз бұйымдарға қалай қарасақ солай қарауға болады. Егер индустриалдық жүйе қазіргі Батыс өмірін айқындайтын бірден бір институт болатын болса, оның батыс тарихи ойына ықпал ету беделі өз салмағының ауыртпалығынан құлап түсер еді, өйткені оған тән тәсілдер тарихи зерттеулерге қажетті еңбек бөлінісінің тек ең соңғы жағдайларында ғана қолданылады.