Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушысы



бет3/3
Дата31.03.2020
өлшемі105,48 Kb.
#61118
1   2   3
Байланысты:
математикалык кешті уйымдастыру
математикалык кешті уйымдастыру, 48e11a9d92f51321681830297ed62d53

Осыдан , бірақ , сондықтан . Бұдан шығатыны .

Бірақ дегеніміз не? Сіріңке шиінің ұзындығы. Ал ше? Бағана ұзындығы. Сонымен: сіріңке шиі телефон бағанынан екі есеге ұзын!»

Осы софизмді басқа объектілер арқылы да қарастыруға болады. Мысалы: «Банкіге шелекке қарағанда екі есе көп су сияды» немесе «Бір түйір бұршақ Жер шарынан екі есеге ауыр» және т.б.[25].





    1. Орта буын сыныптардағы математикалық кештерді ұйымдастыру әдістемесі.

Матматикалық кештердің маңыздылығына тоқталдық, ал енді орта буын сыныптар арасындағы “Математикалық дәмхана” атты сайысына тоқталсақ.

Математикалық дәмхана 5-7 сыныптар

“Математикалық дәмхана” атты сайыс.

Мақсаты:

Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ойын тақырыбына байланысты плакат, математикаға байланысты нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.

Ойын барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.

II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары:

Ас мәзірі:

«Мәңгі ұмтылмас» салаты

«Математикалық винегрет»

«Біздің столдан сіздің столға»

«Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ

«Рагу»

«Математикалық рулет»



«Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ»

«Мерекелік шашу торты»

«Мезим»
III. Жеңістерді анықтау, марапаттау.

Сайыс барысы:


Сәлеметсіздер ме ұстаздар, оқушылар!

Айтар ойын тұспалдар.

Біз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.


Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысармыз.

Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,

Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.

Олай болса, бұл не тұрыс,

Кешімізді біз бастайық.


Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділ – қазыларды ортаға шақырайық!

(Әділ – қазы алқасымен таныстыру)

Сіздерден кафенің «Бухалтерлік мекеме» - деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!

Сонымен қатар есепшілер: Есепшілерді таныстыру.

Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

Мектебімізде өтіліп жатқан «Математикалық дәмханаға» қош келдіңіздер демекпін! Біздің дәмханамызда бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдермен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар!

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе,

ортаға кішкентай қонағымыз 5 «в» сыныбындағы «Квадрат» тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық!

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсатын.

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты – деп

6 «ә» сынып оқушыларынан құралған «Үшбұрыш» атты тобын ортаға шақырамыз!

Асып әсте саспайтын,

Батыл қадам бастайтын.

Еркін билеп барынша,

Жарыстан сірә қалыспайтын – деп ортаға 7 «б» сыныбы «Трапеция» тобын шақырамыз!

Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңіздің үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер!

Сондай – ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің кафенің таңсық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Кафе мәзірінен колориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге біздің кафеде өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар мен бармендер әрқашан да сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!

Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер! Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер!

Бұл бөлімде таныстырумен қатар, әр топ өздерінің тобымен таныстыра отырып, өздері дайындаған газет немесе буклеттерін таныстырып өтуі тиіс.

Сонымен, ортаға: (әр топ өздерін таныстырады)

Таныстыру сайысы бойынша сөз кезегі әділ – қазы алқасына беріледі. Ал, ендеше құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық!


1 – сайыс: Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмтылмас» салатын ұсынамыз.Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі.

Сұрақтар:

5-сынып: Ол оқушы құралы,

Қатені түзетіп тұрады. (Өшіргіш)

6-сынып: Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)

7-сынып: Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл - Фараби)

5-сынып: Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (бұрыш)

6-сынып: Қар жауғанда жауатын ақшақардың формасы қандай фигураға негізделген? (алтыбұрыш)

7-сынып: 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)

(Әділ – қазы бағасы)

2 – сайыс: Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Математикалық винегрет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар! Сіздерге ұсынылған тағамда бейнеленген геометриялық фигуралар қандай да бір әріпке сәйкес келеді. Қоршауда тұрған фигуралардың орнына осы әріптерді қойсақ қандай сөз шығады екен? Ол нені білдіреді? Жауап іздеп көрелік. Кім тапқыр? Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. (Математика ми гимнастикасы)

Сайыскерлер жауап бергенше: Кезекті үй тапсырмасы ретінде берілген қызықты қойылымдармен КВН-ге берелік.

Ортаға 5-сыныптың «Топ қояйық!» көрінісін тамашалаңыздар! Енді әр топтың жауабын тыңдалық. 2-сайыс қорытындысы бойынша әділ-қазы алқасына берелік.

3 – сайыс: Келесі кезекте әр команда өздерімен кафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық - «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырма ретінде әзірлеп келген қызықты да тартымды сұрақтарын кезектесіп қоюы керек. Есепшілер 1-3 сайыс бойынша қорытындысын шығарғанша 6-сынып «Нан туралы шығарма» атты көрінісін тамашалаңыздар!


4 – сайыс: Ендігі кезекте сіздерге кім үлгерсе, сол ішер дегендей біздің аспаздар «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщын ұсынады. Оқушылар ұсынылған астан алып отырыңыздар! Ол үшін орны ауыстырылып берілген сөздерден математикаға байланысты сөздер құрастыру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.

Сөздер: уткабура(кубатура), имртеиямс (симметрия), келшөб(бөлшек), гарифу (фигура), картвад (квадрат), акрофитамни (инфарматика).

Командалар уақыт бітті. Жауаптарыңызды даяшыларға берулеріңіз сұралады! (Даяшылар әділ-қазыға жауаптарын береді)

Сайыскерлердің жауаптарының дұрыстығын қазылар алқасы анықтағанша:

Кезекті үй тапсырмасына берілген 7-сыныптың «Жұлдызбен жүздесу» атты көрінісіне берелік.
5 –сайыс: Қадірменді қонақтар! Келесі кезекте зейін мен ойланудан тұратын әр түрлі тіл үйіртер ащы дәмдеуіштер қосылған «Рагу» ұсынылады. Егер команда бірінші кезектен жауабын тапса, онда оған 15 ұпай беріледі, екінші кезектен тапса 10 ұпай, үшінші кезектен тапса 5 ұпай беріледі. Астан алып отырыңыздар!

1-топқа: Теңдеу.

А) Бұны орындағың келмесе де, орындайсың, оны білмейтін сияқтысың, бірақ оны білгің келсе, лезде таба аласың. (15ұпай)

Ә) Оның өсімдік сияқты сабағы, тамыры бар ма білмеймін, бірақ онда өсімдікке қажеттісі бар. (10 ұпай)

Б) Кей кезде есептер оның көмегімен шешіледі. Кейбір оқушылар оны шеше алмағандықтан шешкісі келмейді. (5ұпай)


  1. – топқа: Түбір

А) Адамдар қатты мазасызданғанда кей кезде дәрігерге барғанда да осы сөзді қолданылады. (15ұпай)

Ә) Ол өсімдіктерде қажет нәрсе аталады. (10ұпай)

Б) Оны табу үшін терең білім қажет. (5ұпай)

3 – топқа: Пифагор

А) Ол ғалымның фамилиясымен атанған. Ол ғалым оны оқымағандардың өзіне де әйгілі. (15ұпай)

Ә) Онда біз бала кезімізден білетін бір фигура туралы айтылады. Мектепке келгенде ол туралы кеңінен оқимыз. (10ұпай)

Б) Одан біз ол фигураның қабырғалары туралы білеміз. Оны дәлелдеу керек. (5ұпай)

(Әділ – қазы бағасы)

Есепшілер: 3-5 сайыс қорытындысын әзірлегенше өз кезегін
6 – сайысты бастайық: Бас аспазшы ретінде мен сіздерге «Математикалық рулет» атты геометриялық ассорти ұсынамын. Сіздерге ұсынылған ассорти бөліктеріне әр команда 1 минутта фигура құрастыру керек. ( трапеция, параллелограмм,квадрат)

Құрметті даяшылар! Біздің қадірменді қонақтардың тауысқан тағамдарын алып, столды келесі тағам түрін әкелгенше тазалап әзірлеңіздер. Жеген тағамның есебін анықтау үшін бухалтерлік мекемеге тапсырыңыздар.

Бухалтерлік мекеме өз бағасын бергенше көрермендерге де кезек келді:

Сұрақтар қою:

1. Бұл заттың пішіні тік төртбұрыш тәрізді. Ол мектептен қашық тұратын оқушылардың көбінде бар. Мектепке жақын тұратын оқушылардың кей біреуінде де жоқ. Оны сен жай алмайсың. Әр мектепте оны тарататын адам болады. Бұл не? (жол билеті)

2. Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетіңде сандар бар. Ол сан заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. Бұл не? (Киім тапсырғанда берілетін белгіше)

3. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастаған емес. Ол өзі ерекше бір зат: өлшеп-өлшеп алып, түр –түрге бөліп тастайды. (транспортир)

4. Онымен ертеректе дүкендерге қолданылған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт етеді. Қарапайым калькулятор деп атауға болады. (Есепщот)

Бухалтерлік мекеме өз бағасын беруге әзір екен, ендеше тыңдалық!
Құрметті қонақтар! Сіздердің құрметтеріңізге кафе қызметкерлері әзірлеген барлық тағамнан ас тартпай, қадірлі қонақ бола білгендеріңіздің құрметіне және шынында да кафеде отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің сүйікті әншісі Мүрсәлім Мейірбектің орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,

Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.

Кешіміздің жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру

орта буын сыныптар арасындағы “Математикалық дәмхана” атты сайысына тоқталсақ.

Орта буын сыныптар арасындағы “Математикалық дәмхана” атты сайысына тоқталсақ, матиматикалық кеш сайыс түрінде 5,6,7 сыныптар арасында өткізілді. Жалпы сайыс 7 кезеңінен тұрады, әр сайыс тапсырмалары сынып деңгейін ескере отырып дайындалған. Математикалық кеш ұйымдастыру барысында оқушыларды топқа бөлу, математикалық модельдер жасау және алдын ала жақсы шығармаларды таңдап сияқты негізгі ұйымдастыру талаптары орындалған. Кештің мақсат пен міндеті айқын көрсетіліп, оқушылардың пәнге деген оятуға ықпалын тигізердей болды.Кеш кезінде есептерді тез қабылдау көрсетілсетіліп, онда осы қабылдауды шығарған кезде алгебра курсының мектептік формуласы және т.б. қолданылатынылды.

Бұл балалар қиялдайтын, дұрыс ойлауға және сөйлеуге үйренетін кеш болды. Математикалық кеште өткізілген уақыт оқушылар үшін тек бір ғана математикаға емес, жалпы мәдени құндылыққа және тәрбиелік мәнге ие болып өткізілді.


    1. Жоғарғы сыныптардағы математикалық кештерді ұйымдастыру.


Математикалық интеллектуалдық кеш «Екі жұлдыз» (10-11 сынып)

Жоспар


Білімділік: Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика

тарихынан мағлұмат беру, математика және ұлы математиктер

өмірінен қызықты мәліметтер айту.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, ойлау, білгендерін айтып жеткізу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік; Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, ізденімпаздыққа, өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу,

Түрі: сайыс сабағы

Жүру барысы:


  1. «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған».

  2. «Сіз білесіз бе?»

  3. «Математика – ғылымдар патшасы»

  4. Қорытындылау.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Назарларыңызға «Екі жұлдыз» аттты математикалық интеллектуалды кешімізді ұсынбақпыз, ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып алуларыңызға тілектеспіз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін»

Нағыз пән математика атанғансың! – дей келе ортаға жұлдыздарымызды шақырамыз.
Бар табыстың жетекшісі өзіңсің

Бар ғылымның төре биі өзіңсің

Өмір сүру формуласы адамның

Сенің өзің аталғансың содан да дей келе «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған.» деп аталатын бірінші турымызды бастаймыз. Бұл турда жарысқа қатысушылардың әр жұбына 3 сұрақтан беріледі, сол сұрақтарға кідірмей жауап бересіздер. Әр сұраққа 1 балдан беріледі.



І – тур. «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған».

  1. Алғаш адамдар нелерді және қалай санап үйренді?(Адам әуелі заттарды жекелеп, топтап, түстеп санады.)

  2. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім? (Г. Галилей)

  3. Косинустар теоремасын ашқан кім?(Орта Азияда Әл-Беруни)

  4. Квадриллион неше нольмен өрнектеледі?(24 нөлмен)

  5. Егер түнгі сағат 12-де күн жауып тұрса, онда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма? (84 сағат , 3,5 сөтке, тал түс ашық күнді көруге болады)

  6. Қай академияның кіре берісінде «Геометрияны білмеген кісі академияға кірмесін» деп жазылған? (Ежелгі гректің идеалист философы Платон б.э. (427-247) философиямен шұғылданғысы келгендер математиканы білуі керек деп, Академияның кіре берісіне жоғарыда айтылған сөзді жазғызыпты)

Жүргізуші:

Құрметті, әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың І-турдың  қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласыңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердіңберген дауысының қосындысы бойынша ұпайы төмен жұп жұлдызды ойыннан ортаға шығарып саламыз.

Шын сөйлеуге, адалдыққа үйреттің

Жалған ойды дәлелде деп күйреттің

Қызық пәнсің, қиын пәнсің өмірде

Қарамайтын ешқашанда көңілге дей келе «Сіз білесіз бе?» деп аталатын турымызды бастаймыз. Бұл тур бойынша үйге берілген тапсырма. Жарысқа қатысушылар өздері дайындағанматематика тарихынан қызықты мәліметтерді 2 минут уақыт аралығында береді.



ІІ – тур. «Сіз білесіз бе?»

  1. Оқушылардың өздері тауып келген мәліметтері айтылады.

  2. Екінші турға қосымша сұрақтар:

  3. Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын бес таңбалы қанша сан бар? (20000, 11000, 10100, 10010, 10001)

  4. Галилео Галилей математика және тағы да қандай ғылым салаларымен айналысқан? (философиямен, сурет өнерімен, музыкамен, астрономиямен, физикамен)

  5. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім? А) Бируни Б)Әл-Фараби В) Хорезми

Көрермендермен ойын.

С әрпімен басталатын, геометрияда қолданылатын терминдерді ата. (сәуле, сектор, сегмент, сфера, синус)



«Туған күніңіз қашан?» (математикалық фокус)

Досыңа калькулятор беріп, оған өзінің туған айының нөмірін енгізуді сұраңыз.

-осы санды 4-ке көбейтсін

-оған 13-ті қоссын

-оны 25-ке көбейтсін

-одан 200-ді алып тастасын

-туған айының күнін қоссын

-оны 2-ге көбейтсін

-40-ты алып тастасын

-оны 50-ге көбейтсін

-өзінің туған жылының соңғы екі санын қоссын

-10500-ді алып тастасын.

Шыққан санға қарауын өтін, содан соң досыңның туған жылын, айын, күнін толық айтып бер. Бірінші немесе алғашқы сандар – туған айын, екінші екі цифр – туған күнін, ал соңғылары туған жылын көрсетеді.

Жүргізуші:

Құрметті әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың ІІ-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласаңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердің берген даусының қосындысы бойынша ұпайы төмен жұп жұлдызды ойыннан шығарып саламыз.

Ойлай білу қажет әрбір адамға,

Санау қажет данаға да наданға.

Білу үшін сенің терең сырыңды

Кереметтей керек бізге төзім шын дей келе «Математика – ғылымдар патшасы» атты турымызды бастаймыз. Бұл турда әр пәндер бойынша есептер беріледі. Сол есептерді 5 минут ішінде шығарып үлгерулеріңіз керек. Тапсырмалар бір-ақ рет оқылады.



ІІІ – тур. «Математика – ғылымдар патшасы»

Сәбит Мұханов 1900 жылдың 11-шілдесінде Жамбыл ауданы Жаманшұбар ауылында дүниеге келген. «Ботакөз», «Сырдария», «Есею жылдары», «Мөлдір махаббат» романдарын жазған белгілі жазушы ол 1973 жылы ақпанда дүниеден өткен. Жазушы қанша ай өмір сүрген?(860 ай)

100 г асқабақтан 8 мг С витаминін алуға болады. 100 мг витамин алу үшін қанша асқабақ қажет? (1,25 кг)

Жүргізуші:

Құрметті әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың ІІІ-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласаңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердің берген дауысының қосындысы боынша жұлдыздарымызға орындарын тағайындасаңыздар.

Оқимыз біз, үйренеміз талпынып,

Қиналсақ та, қысылсақ та алқынып

Асу бермес болсаң дағы сен алып,

Меңгереміз, үйренеміз сені анық.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, жарысқа қатысқан жұлдыздар осымен «Екі жұлдыз» атты математикалық интеллектуалды шоуымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Жоғағы сыныптарға «Екі жұлдыз»атты математикалық интеллектуалдық кешін өткізу барысында басты ерекшелік пән аралық байланыс болып табылды.мұғалім математикалық кеті ұйымдастыру барысында әдебиет, тарих, география т.б.пәндермен математиканы ұштастыра білді.

Математикалық интелектуалдық кеш 3 турдан тұрады 10 және 11 сынып оқушылар арасында өткізіледі. Әрбір тур тапсырмалары ерекше, оқушыны белілі бір деңгейде ой қозғауға итермелейді. Алдын ала математикалық қызықты мәліметтерді жинау тапсырмалары оқушыларға берілген, оқшылар бұл тапсырманы орындау барасында өздеріне қажет ақпаратты сараптау, математикаға өзге қырынан қарау, іздену, өз ойын толық қанды жеткізу, өзара қарым-қатынас т.б. қасиеттерді бойына сіңіреді.

Математикалық кеш өткізу нәтижесінде:



  • ең бастысы оқушылардың математика пәніне деген көз қарасы өзгереді, яғни математика сабағы тек есеп шығарып отыратын емес, сонымен қатар қызықты әрі пайдалы сабақ екендігіне көз жеткізе алады;

  • -пәнаралық байланыс нәтижесінде математиканың өзге салаларда қолданылуын, өмірге қажеттілігін түсінеде;

  • математикалық кештерді ұйымдастыру барысында өзге сынып оқушылармен өзара қарым-қатынас орнатады;

  • жауапкершілік, адамгершілік, ізденушілік қасиеттерін жетілдіреді;

  • математикалық кеш барысындағы түрлі ойын, жарыс, виктариналар, логикалық сұрақтар арқасында оқушыларда жылдам ойлау қабілеті дамиды;

  • пән мұғалімінің оқушылармен жақындаса түседі;

  • математикалық кештердің түрлі форматта және түрлі тақырыптарда өткізілуі нәтижесінде оқушылар және мұғалім өз өнерлерін шыңдай түсіп, таланттарын аша түседі.

Қорытынды

Математика — барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика оқушының дұрыс ойлау мəдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі жəне əлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Бүгінге оқушылар арасында математика ғылымына деген қызығушылықтың төмендегені ешкімге де жасырын емес. Мүмкін, оның салдарынан əріден іздеу қажет шығар. Қалай дегенмен де өзге салалардың қарқынмен дамуына негіз болатын математиканың ешқашан өлмесі анық тұжырым. Мектеп оқушыларының арасында математика сабағын қиын және қызықсыз пән деп есептейтін пікірдің қалыптасуынын кейінгі кезде өткізіліп жүрген зерттеулер нәтижесі төмендеп отыр. «Ғылымдар патшасы» деп аталған бұл ғылымға деген мұндай көзқарасты өзгерту, оқушылардың арасында бұл пәннің беделін өсіру бүгінгі күнгі педагогиканың көкей кесті проблемаларының бірі болып отыр. Бұл кемшіліктің орнын толтыру үшін, яғни, мектеп оқушыларының пəнге деген көзқарасын əр түрлі факторлармен: жеке басының жəне пəннің ерекшеліктерімен қатар оқыту əдісімен өзрету қажеттілін ескере отырып, мен курстық жұмыс барысында математикадан сабақтан тыс жұмыстың бір формасы математикалық кештің маңыздылығын түсіндіруге тырыстым.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отыра, пəнге деген ынтасын арттыру мақсатында математикалық кешті ұйымдастырудың маңыздылығы, математикалық кешті ұйымдастыру әдіс-тәсілі және түрлері айтылды. Мектеп бағдарламасынан ауытқи алмайтын пəн мұғалімі үшін 40 минут ішінде балаларға жаңа тақырыпты түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасын қарау секілді шараларды қамтумен бірге, баланың бойындағы жеке қабілетті ескере жұмыс жасау, қиындық туғызады. Сондықтан да бұл мүмкіндікті пəннен өткізілетін сыныптан тыс жұмыс формалары арқылы қолдануға болады. Оқушылардың басым бөлігінің математика пəніне қызығушылығының артуы ең алдымен үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты болуын ескере отыру қажет.

Математика мектептегі басқа пәндерді оқып үйренуде арқа сүйер пән болып табылады. Математикалық сипаттағы адамның біліктілігі мен дағдылары мектеп оқушыларының шығармашылық дамуы мен еңбекке дайындығы үшін қажетМектеп оқушыларының шығармашылық потенциялын дамыту жолдарының бірі сыныптан тыс жұмыстар болып табылады. Ал, осы жұмыстардың ішінде оқушыларға ұнайтын, олардың шығармашылық талабын дамытатын, колективтік, адамгершілік, ұйымдастырушылық т.б. талаптарын дамытатын түрі-математикалық кештер болып табылады.

Курстық жұмыстың негізгі бөліміне сүйене отырып, математикалық кештерді әр түрлі формаларда жүргізуге болатынын, мысалы: креактивті, яғни шығармашылық, ерекшеленген типтегі кештер: есептер құрастыру және шешу кештері; диалог кештер(дискуссиялар, диспут, эвристикалық әңгіме, дөңгелек үстел, дебаттар т.б.); парадокс-кештер(мысалы, «іш-сырты жоқ көйлек»-Мебиус парағы, Эвклит геометриясының проблемасы т.б.); фантазия кештері («іш-сырты жоқ құмыра»-Клейн бөтелкесі) т.б.түсінуге болады.



Математикалық кешті ұйымдастыру кезінде 5негізгі мақсат қою қажет деп қорытындылаймын:

  • Математикалық білімді насихаттау және пәнге қызығушылықты арттыру;

  • Оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамыту, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру;

  • Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу

  • Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.

  • Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыу

Математикалық кешті ұйымдастыру барысындағы негізгі талаптар:

  • кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын даярланып іліп,оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет.

  • Кешке арналған залды көркемдеу үшін оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер конкурсын ұйымдастыру керек.

Математикалық кештерді өткізу арқылы:

  • оқушылардың алған білімдерін тереңдете түсіп, олардың парактикада, өмірде кең түрде қолдануына ықпал ете аламыз;

  • оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесеміз;

  • өз ойын жеткізе білуге үйретеміз;

  • математикалық кеш оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түседі;

  • логикалық ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты дамытады;

  • неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсету білу олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектеседі;

  • математикаға тарту, соның арқасында тәртіп күшей түседі;

  • табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымдылыққа тәрбиелей аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Вульфов Б. З., Поташник М. М. «Организатор внеклассной и внешкольной воспитательной работы», М. «Просвещение», 1983.

  2. Балк М. Б., Балк Г. Д. «Математика после уроков», М. «Просвещение», 1971.

  3. Василевский А. Б. «Задания для внеклассной работы по математике», Минск: 1988.

  4. Литцман В. «Веселое и занимательное о числах и фигурах», М.: 1963.

  5. Таразский государственный университет им.Дулати вестник Поморского университета. Серия психолого-педагогических наук. 2006. № 5. С. 160163.

  6. М:Гумманист.Изд.центр ВЛАДОС, 2003-176 б.

  7. Қожабаев Қ. Математиканы оқыту әдістері. Алматы «Санат»-1998ж.

  8. Балк М. Б., Балк Г. Д. "Математика после уроков", М.Просвещение имеет значение, 1971.

  9. Бидосов Э. Математиканы оқыту методикасы. Алматы. Мектеп, 1989ж.



  10. Степанов В. Д. активизация внеурочной работы по математике в средней школе. Книга для учителя / М.: Просвещение, 1991.

  11. С. Василевское Б. задания для внеклассной работы по математике, Минск: 1988.

  12. Литцман В. Веселые и занимательноео дни и фигура, М.: В словаре реализован двухсторонний перевод.

  13. Степанов В. Д. активизация внеурочной работы по математике в средней школе. Книга для учителя / М.: Просвещение, 1991.

  14. П. Горев М. формирование творческой деятельности учащихся в дополнительном математическом образовании: Автореф. дис. науч.канд. пед. науки. Кировский, 2006. В словаре реализован двухсторонний перевод.

  15. П. Горев М. формирование творческой деятельности учащихся в дополнительном математическом образовании: Дис. ... науч.канд. пед. науки. Кировский, 2006. 158. форма собственности С.

  16. П. Горев М., В. Утемов В. уроки математики развивающие. 5-6 классы: задачи математического кружка: учебное пособие. Кировский: Издво МЦИТО, 2014. 207 С.

  17. «Математика в школе» журналы. 2004ж.

  18. «Математика және физика» журналы. 2002-2006ж.

  19. Тестов В.А. некоторые методологические проблемы определения качества образования Педагогика. 2008. № 4. С. 2228.

  20. Тестов В.А. материалы международной научно-практической конференции "Наука, Образование и инновация-факторы реализации Стратегии "Казахстан-2050". ФГБОУ ВПО Глазовский государственный педагогический институт. В. Г. Астана Короленко. Глазов, 2009. С. 106-111.

  21. С. Бидосова Методика преподавания математики. Астана. Школа, 1989г.

  22. https://www.bestreferat.ru/referat-50107.html

  23. Темірбекова А.А. Методика преподования математики.

  24. Учеб.пособие для студен.высш.учеб.заведений



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет