Сұрақ – Әһли сүннет уәл-жамағаттың ақидадағы(сенімдегі) мәзһаб имамдары нешеу?
Жауап – Екеу.
Сұрақ – Кімдер?
Жауап – Имам Әбул-Мансұр Мұхаммед Мәтуриди және Әбул-Хасан әл-Әшғари Хазреттері.
Сұрақ – Амалдағы мәзһаб қанша?
Жауап – Төртеу.
Сұрақ – Қандай?
Жауап – 1-Ханафи мәзһабы;
2-Шафи мәзһабы;
3-Мәлики мәзһабы;
4-Ханбали мәзһабы.
Сұрақ: Сенімдегі мәзһабымыз қайсы?
Жауап: Әһли сүннет уәл жамағат мәзһабы.
Сұрақ – Амалдағы мәзһабың қайсы?
Жауап – Ханафи мәзхабы.
Сұрақ: Біздің ақидадағы (сенімдегі) мәзхабымыздың имамы кім?
Жауап: Сенімдегі имамымыз Әбул Мансур Мұхаммед әл-Матуриди.
Сұрақ – Шафи, Мәлики, Ханбали, мәзһабындағылардың имамы кім?
Жауап – Имам Әбул-Хасани әл-Әшғари(р.а.)
Сұрақ: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди қай жерде туған?
Жауап: Әбу Мансур Мұхаммед әл Матуриди IX ғасырда Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында дүниеге келген
мүжтаһид ғалым.
Сұрақ – Мәтуриди қай жылы қайтыс болды?
Жауап – Хижри 333 жылы.Самарқандта қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |