Сұрақ – Исламның шарты қанша?
Жауап – Бесеу; 1.Кәлимә шәһадат айту (Тілді кәлимаға келтіру),2.Зекет беру 3. Намаз оқу,4.Ораза ұстау,5.Қажылыққа бару.
Сұрақ – Намаздың парызы қанша?
Жауап – Намаздың парыздары он екі (алтауы сыртында,алтауы ішінде).
Сұрақ – Сыртындағылары қайсы?
Жауап – Дәретсіздіктен тазару,нәжістен тазару,әурет жерін жабу,құбылаға бет бұру,уақыт,ниет.
Сұрақ – Ішіндегілері қайсы?
Жауап – Ифтитах тәкбірі,қиям,қырағат,рүку,сәжде,соңғы отырыс.
Сұрақ – Дәреттің парызы қанша?
Жауап: Дәреттің парызы төртеу, олар:
1-Жүзді жуу;
2-Екі қолды шынтақпен қоса жуу;
3-Бастың төрттен біріне мәсіх тарту;
4-Аяқтарды тобықтармен қоса жуу
Сұрақ - Ғұсылдың парыздары қанша?
Жауап: Ғұсылдың парызы үшеу, олар:
1-Ауызға су алып шайқау;
2-Мұрынға су жіберіп шаю;
3-Бүкіл денені толық жуу.
Достарыңызбен бөлісу: |