Сұрақ - Сен кімнің құлысың?
Жауап – Алланың құлымын.
Сұрақ - Алла нешеу дегендерге не дейсің?
Жауап – Алла біреу деймін.
Сұрақ – Алланың біреу екеніне қандай дәлелің бар?
Жауап – Ыхлас сүресінің алғашқы аяты.
Сұрақ – Оның мағынасы қандай?
Жауап – «Ей, Мұхаммед (с.ғ.с) оларға:) Ол Алла біреу, - деп айт! ».
Сұрақ – Алланың барлығына ақыли дәлелің қандай?
Жауап – Мына әлемнің барлығы және бүкіл әлемдегі тәртіп пен жүйенің жалғасуы.
Сұрақ – Алланың болмысын сиппатауға бола ма?
Жауап – Жоқ, болмайды. Себебі,ақылдың күші Алланың болмысын түсінуге жетпейді. Тек Алланың сипаты жайында ғана ойлануға болады.
Сұрақ – Иман йәис (үміті үзгендегі иманға келу) деген не?
Жауап – Көз жұмарда Перғауын сияқты иманға келу.
Достарыңызбен бөлісу: |