Сұрақ – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең соңғы қайтыс болған әйелі кім?
Жауап – Хазіреті Хадиша (радиаллаһу ғанһа) анамыз.
Сұрақ – Адамзаттың ең ұлысы кім?
Жауап – Хазіреті Мұхаммед Мұстафа Саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләм.
Сұрақ - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немере-лері кімдер?
Жауап: Хасан және Хүсейн (радиаллаһу әнһума) хазіреттері.
Сұрақ – Бұлар кімнің балалары?
Жауап – Әли мен Фатима (радиаллаһу әнһума)-ның балалары.
Сұрақ – Пайғамбар деп кімді айтамыз?
Жауап – Үкімдерін адамзатқа жеткізу үшін Алла Тағаланың өзі міндет жүктеп жіберген таңдаулы құлдары.
Сұрақ – Алла тарапынан жаратылысқа қанша пайғамбар жіберілген?
Жауап – Пайғамбарымыздан жеткен бір риуаятта (дерек) жүз жиырма төрт мың,екінші бір риуаят бойынша екі жүз жиырма төрт мың екендігі айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |