Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі


«Абай айналасындағы аударма дәстүрі»



бет4/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,77 Mb.
#4428
түріДиссертация
1   2   3   4   5

«Абай айналасындағы аударма дәстүрі» деген тарауда Абайдан басталған ұлттық аударманың алғашқы қарлығаштары болған Абай шәкірттерінің туындылары тұтас бір шығармашылық бірлік аясында қарастырылды. Яғни, Абай мен оның шәкірттері арасындағы аударма жанрының қалыптасып, дамуын көрсету арқылы Абайдың аударма мектебінің қазақ әдебиетіндегі орнын белгілеуді мақсат еттік. Абай айналасындағы аударма үлгісінің қарапайым, еркін, нәзиралық түрінен бастап классикалық деңгейге дейін өскен эволюциялық даму жолдары айқындалды.

Ақындық өнердің басқа салаларындағыдай Абайдың аударма саласындағы жаңалығы оның қасындағы шәкірттерін бірден елітті. Қазақ поэзиясына келген жаңа құбылысқа дені орыс тіліне жетік Абай мектебі өкілдерінің қызығып, бірден бас қоюы заңды-тын. Абайдың бағыт-бағдарымен, тікелей қолдауымен Европа, орыс ақын-жазушыларының түрлі деңгейдегі әдеби туындылары қазақша сөйлей бастады. Шәкәрімнің А.Пушкиннен аударған «Дубровский», «Боран», Л.Толстойдан «Алты әңгіме» әңгімелер циклы, американ жазушысы Г.Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны», Әсет ақынның «Евгений Онегин», Уәйіс Шондыбайұлының «Иванушке-дурачок», Тұрағұл Абайұлының М.Горкийден аударған «Челкаш», А.Неверовтен «Мен өмірге жерікпін», «Ортақшыл Мария» әңгімелері, Б.Прустан «Антек», Д.Лондоннан «Баланың ерлігі», бізге жетпеген Д.Лондоннан «Матин Иден» романы сияқты кейбірі нәзиралық үлгіде жалпы оқиғасы қазақшаланса, кейбірі түпнұсқадан алыс кете қоймаған түрлі жанрдағы көркем шығармалардың дүниеге келуінің басында Абай тұр.

Абайдың аударма дәстүрі қазақ әдебиетіне өзіндік принциптері мен шеберлік үлгісін ала келді және ақын көздеген тағылымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Әр шәкірт өз шама-шарқына қарай, аударманың түрлі үлгісін игере отырып ұстаз қойған биік межені бағындыруға тырысты. Аудармалар шәкірттердің орыс тілін білу дәрежесіне, ақындық шеберлігіне, түпнұсқа авторының айтар ойын қаншалықты дәл тауып, тамырын дөп басқанына қарай әр-түрлі үлгіде және қилы көркемдік деңгейде жазылды. Мәселен, Әсеттің «Евгений Онегині» мен Уәйістің «Иванушке-дурачогын» Шәкәрім, Тұрағұл аудармаларымен бір үлгіге, бір деңгейге қоюға келмейді. Тіпті, Шәкәрімнің «Дубровскийі» Әсет, Уәйіс аудармаларындай нәзира үлгісіне жақын дегенімізбен, алдыңғысының көркемдік деңгейі көш ілгері. Ал, Толстойдан аударғандарының сәттілігін екі ақын арасындағы рухани туыстықтан іздеген жөн. Сондай-ақ, Тұрағұлдың прозалық аудармаларындағы еркін аударылған «Челкашынан» дәлме-дәл (жолма-жол) аударған «Мен өмірге жерікпіні» сәтсіздеу шыққан. Диссертацияда әр ақынның аударма жолындағы ізденістері мен жетістіктерін ғана емес, әрқайсының шама-шарқына байланысты кемшін соғып жататын тұстарын жеке-дара қарамай Абайдың өнеге-ықпалының аясында қарастырып, Абай мектебіндегі аударма дәстүрінің тынысын ашуға тырыстық. Бір ескеретіні Абай айналасындағы аударма ісімен айналысқан шәкірттердің көбі орыс мектебінің маңай-қарасын көрмеген, көргендерінің өзі тіл сындырудан ары бармай, негізгі сауатын Абай алдында ашқандар. Арнайы орыс мектебінен өтпей, классикалық аударма үлгісін ұсына білген Шәкәрім, Тұрағұл сынды шәкірттердің таң-тамаша етер таланты мен қоса ұстаз Абайдың осыншалық деңгейде тіл үйрету қабілетіне тәнті боласың.

Демек, Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан кезекті бір жаңалығы – профиосионалдық үлгідегі аударма жанрын әкелуі десек, ол – аударма саласын қалыптастырып қана қоймай, бірден үлкен биікке шырқатқан шебер аудармашы. Төл әдебиеттің ерекшеліктерін ескере отырып, орыстың ең таңдаулы туындыларын кереметтей шеберлікпен қазақша сөйлеткен ақынның құдіреті соңындағы шәкірттердің аңсарын өзіне аударып, бұл жанрдың сол ортада тез қанаттануына себепкер болды. Абай және оның айналасындағы аудама жанрының қалыптасып, келе-келе классикалық деңгейге жеткен туындылар Абай айналасында қалыптасып, қанат жайған қазақ әдебиетіндегі алғашқы аудармалар болуымен құнды. Абай айналасындағы аударма өнерінің бір қыры нәзиралық сипаттармен байланысып жатса, идеялық-тақырыптық жағынан алғанда тағлымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Арнайы орыс мектебін көрмеген ақын шәкірттердің аударма өнерін үйренудегі ұстазы Абай болып, әр ақын шәкірт өз ақындық ерекшелігіне, аудармашылық шеберлігіне байланысты аударманың түрлі жолдарын ұстана отырып, әр-қилы көркемдік деңгейде өз туындыларын ұсынды. Нәзиралық ретпен жазылған Әсеттің «Евгений Онегині», Уәйістің «Иванушке-дурачогі» аудармадан гөрі, мазмұнын қазақшалап жырлап шыққан төл туындыға жақын дүниелер болса, Шәкәрім мен Тұрағұлдың шығармалары – нағыз классикалық аударманың үлгісін танытатын туындылар ретінде қазақ әдебиетінде өзіндік бағасын алуда.



«Абай қалыптастырған өнер ортасы» деген тарауды ғылыми жұмысқа арқау етуіміздің басты себебі Абай айналасына ақындар ғана емес, сегіз қырлы өнерпаз жастар жиналды. Әнші-күйші, музыкант пен ертегіші, дойбышы мен тоғызқұмалақшы, құсбегі мен балуан сияқты түрлі өнердің иелері бас қосты. Солардың ішінде ақындықтан бөле-жаруға келмейтін әншілік өнер туралы, әнші-ақындар туралы осы тарауда кеңірек сөз етілді. Себебі, Абай заманында ақындық пен әншілік бөліп жаруға келмейтін егіз ұғым болғанын ескерсек, Абай айналасындағы әнші, күйші, музыканттар мұрасы ақындық өнермен біте қайнасып, тонның ішкі бауындай жымдасып жатыр. Сол уақыттағы ән мен өлеңнің біртұтас өнер ретінде қабылданатыны, әрі ақын сөзінің әнге қосылып айтылғанда насихаттық қуатының артатыны Абай айналасындағы ақындардың бәрін дерлік әншілікке итермеледі. Абай мектебінің нағыз сегізқырлылық сипатын ескерсек, ақын, әрі әнші және музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы болған Абай маңындағы өнерпаз топ өз ортасындағы ән өнерінің жаңашылдық сипаттарын айқындай алды.

Абай жанындағы әншілік өнердің өкілдері кімдер дегенде оның нағыз әншісі қайсысы, композиторы қайсысы, жай әуесқойы кімдер, қай музыканты қандай аспаптарда ойнаған деген мәселелерге дисертацияда жауап ізделді.

Қазақ музыкасы, ән-күй өнеріне деген жақындық Абайдың Тәттімбет күйлерін тыңдап, Біржан әндеріне деген ерекше ықыластан бастау алғанын айта кетуіміз керек. Абай мен ән өнерінің ақтангері Біржан арасы туралы еңбекте кеңірек сөз болды. Әншілік пен өлең өнерінің екі үлкен өркешті өкілінің кездесуі – Абайға да Біржанға да үлкен рухани толысу болды. Абай және ән өнері деген үлкен тақырыптың бір ғана бөлігі боп саналатын Абай мен Біржан байланысы – үлкен тақырыптың басы болса, осынау тақырыптың жалғасы іспетті үлкен дүние – Абай айналасындағы ән өнерінің дамуы. Әрине, Абайдың ақындық мектебі дегеннің аясында һәм бір бөлігі іспеттес әншілік мектебінің де сұлбасы менмұндалайтыны заңды. Ақын шәкірттерінің бәрі дерлік әнге жақын болды десек, солардың арысы композитор, берісі әнші екенін де естен шығармау керек. Дәл осы топ Абай әндерін орындап, халыққа таратты. Ұстаздарының әнге бет қойғанын байқап өздері де ән шығаруға бел байлады. Нәтижесінде Абай ауылы тек ақындықтың ғана емес, үлкен әншіліктің де ауылына айналды. Бұл арада Абайдың әнші шәкірттері Абай әндерін тек таратушы ғана емес, ортаға салып артық-кемін түзеп, нағыз әншінің дауысына салып жетілдіріп те отырды. Абай айналасындағы мұндай әншілік талқы халық композиторларының көбінде болған жоқ. А.Жұбановтың Абай әншілерінің тобын орыстың «Могучая кучкасымен» ұқсататыны содан.

Абайдың әнші-музыканттарды қасына жиюуы шын мәнінде ән мектебін қалыптастырды. Осы ортада Абай жанындағы Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Тұрағұл, «Қозы Көрпеш» жырының бір вариантын он жеті түрлі әнмен айтатын Бейсенбай ақын, «Абай жолынан» жақсы таныс Майбасардың Мұхамеджаны, Құдайбердінің ұлы Әмір, Ақылбайдың ұлы Әубәкір, Кәкітайдың ұлы Әрхам, әнші Әлмағамбеттер әншілік мектептің түлектері болды. Осылардың ішінде ән өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген Шәкәрім, Уәйіс, Әсет, Мұқа, Ақылбай, Бейсенбай сынды шәкірттері – өздері де ән шығарып композиторлық дәрежеге көтерілген әншілер. Әсіресе, Әсет ақынның әншілік атағы қазақ даласына кеңінен жайылған. Біз музыка маманы болмағандықтан, Абай шәкірттері әндерінің құрылысы, музыка тілінің ерекшеліктері, әуен-сазының өлшемдік-ырғақтық құрылымы деген сияқты әннің ішкі табиғатына еркіндеп баруға дәрменсізбіз. Сол себепті зерттеу еңбегімізде Абай айналасындағы ән өнерінің дамуы, даралық сипаты деген мәселелерді анықтай отырып, ондағы ұстаз Абайдың орны, Абай әндерін өз дәрежесінде орындап халықтың жүрегіне жеткізуші әнші шәкірттердің рөлі, олардың ән өнеріне қосқан өзіндік үлесі деген сияқты мәселелерге ден қойдық.

Абай мектебіндегі ән, музыка өнерінің дамуы туралы айтқанда, алдымен музыкада Абайдың өзі жаңашыл болды. Маңына өз заманының ең айтулы деген әнші, күйшілерді жинаған Абай шын мәнінде ән мектебін қалыптастырды деп айтуға болады. Ән өнері ақындықпен қатар жүріп, ақын сөзінің насихат күшіне қызмет еткендіктен, Абайдың ақын шәкірттерінің бәрі дерлік жақсы әнші бола білді. Абай мектебінің нағыз сегізқырлылық сипатын ескерсек, ақын әрі әнші және музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы болған Абай маңындағы өнерпаз топ өз ортасындағы ән өнерінің жаңашылдық сипаттарын айқындай алды.

Мұқа, Әлмағамбет, Мұхамеджан сынды әншілердің ақындық өнері аса байқалмағанмен, бұлар Абай әндерін насихаттаумен ерекшелене білді. Көкбай ақындық пен әншілікті қатар ұстаса, Ақылбай, Тұрағұлдар бірнеше аспапта ойнай білген шебер музыканттығымен көзге түсті. Ал, Уәйіс пен Әсет айтулы әнші ғана емес, дәстүрлі ән өнерінің дамуына өз үлестерін қосқан композиторлар еді. Абай шәкірттерінің ішінде қазақ ән өнерін өзіндік бір белеске шығарып, жаңа әуен, тың мазмұн әкеле алған ақын Шәкәрім болды. Міне, Абайдың жанындағы ақын, әнші, сазгер, музыкант жастар бұл өнерді әр қырынан дамытты. Осылайша әр қырынан дамып, қазақтың музыка өнерінде өзіндік із қалдыра алған Абайдың әншілік мектебі – кемеңгер ақын тұлғасын айқындай түсер тағы бір керемет көрсеткіш.



Қорытынды бөлімде диссертацияның негізгі нәтижелері тұжырымдалды. Абайдың әдеби ортасын анықтау Абайды, оның ақындық болмысын тани түсуге жетелейді. Қандай да бір тұлғаны қалыптастыратын заманы, қоғамдағы ортасы десек, сол ортаның өкілдері Абайдың ақын болып қалыптасуына игі әсерін тигізді, әр-бір әдебиет өкілі оның ақындыққа көтерілуіне баспалдақ іспетті. Демек, Абайдың әдеби ортасы – ақын өмір сүрген уақытта ақынға өз әсерін тигізген, үлгі көрсеткен аға буын ақындар, би-шешендер және сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастар, яғни ақынды қоршаған айналасы.

Абайдың әдеби ортасы туралы ғылыми ойлардың алғашқы көріністері ХХ ғасырдың басынан басталды да, ал осы тақырыпқа арнайы көңіл бөлген М.Әуезов Абайдың әдеби ортасын «ақынның өзі алған нәрлері», «өзгеге берген нәрі» деп екі салаға жіктеді. Абайдан кейінгі әдебиет өкілдерін қамтитын екінші сала бойынша ғалым қазақ әдебиеттану ғылымында «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымды енгізіп, бұл тақырыптың кең түрде зерттелуіне жол ашты. Абайдың ақындық мектебі тақырыбы зерттеу нысанына алынғанда екі мәселеге баса назар аударылды. Алдымен, мектеп қалыптастырған Абайдың тағылымдық қарекетіне, екіншісі – ақынның айналасындағы шәкірттер, олардың шығармашылығындағы дәстүр жалғастығының сипаты. Осы екі құбылыстың басы біріктіріле қарастырылып, Абай айналасындағы ақын шәкірттер мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны айқындалды.

Абайдың ақын боп қалыптасуына әдеби ортаның әсері дегенде ақынның өз әулетінің ықпалына екпін берілді. Бесіктен бастап бойға сіңірілген рухани тәрбие Абайдың болашақта үлкен дарын иесі болуына жол ашты, әженің ізгілікке толы әлдиі, анасының тауып айтқыштығы, әкеден келген суық ақыл мен асқан білімдарлық Абайды ақындыққа бастар жолдың алғашқы алғышарттары еді. Есейіп, ақылы толысқан шағына дейін Абай ауыл-аймағының ең танымал деген ақыны мен жырауынан, биі мен шешенінен сөз маржандарын сүзді, халықтың бай ауыз әдебиетін бойына сіңірді. Абайдың әдеби ортасын сөз еткенде ақынға ықпал еткен аға ұрпақ ақындардың орны дара тұр. Абайдың ақындық табиғатына шама-шарқынша нәр құйған Дулат, Шөже, Жанақ, Сабырбай, Байкөкше сынды ақындардың сөз өрнегі, үлгі-өнегесі оған мол азық болды. Қазақтың өлең әлемінде алдына қара салмаған Абай ұлттық құндылықтарды жасаушы аға буын өкілдерін, солардың мол мұрасын барынша пайдаланып, ақындық жолында мәнді баспалдақ ете білді. Бойына сіңірген рухани нәрлерді өз домнасында қорытып, қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, философиясы мен өнеріне тың, жаңа қалыпта құйылған кесек дүниелерді ұсынды.

Абай ұсынған жаңалық атаулыға тәнті жас буын әдебиет өкілдері ақын маңына үйірілді. Абайдың зор ақындық құдіретімен қоса, ақындар мектебін қалыптастырған ұстаздық қарекеті айқындалды. Ұстаз – Абай мен шәкірт ақындар арасындағы поэзиялық байланыс көздерін сөз еткенде, ең алдымен Абайдың эстетикалық талғамының бір көрсеткіші болып табылатын ақындық өнер туралы толғаныстары, соның ішінде әсіресе, ақын шәкірттерге, олардың туындыларына қарата айтылған сындарына назар аударылды. Абай сыны – оның ақындық қиялының көрінісі емес, өмірлік ұстанымдары мен күнделікті қарекетінің жемісі. Шәкәрім, Көкбай, Әріп сынды шәкірттерінің шығармаларын сынға алғанда Абай тек шәкірттерін үйретуші, түзеуші деңгейінде ғана емес, қазақ өлеңіне биік меже қоюшы, өзінен кейінгі әдебиетке жаңа, классикалық поэзияның үлгісін ұсынушы, Ұстаз-ақын ретінде көрінді. Абайдың шәкірттерін сынауы, жеке бас мінездерін әшкерелеуі, өлеңдерін түзеп, қайта жазғызып, үлгі боларлық қып өзі шығарып көрсетуі сияқты құбылыстар – Абайдың ақындығымен қоса осы өнерге баулу, тәрбиелеу сияқты ұстаздық қарекетінің айқын көрінісі. Абай мен оның шәкірттері арасындағы поэзиялық байланыс, тек Абайдың біралуан өлеңдерінің шығуына түрткі болып қана қойған жоқ, ақын шәкірттердің ұстаз алдында ысылып, нағыз ақындық жолға түсуіне жол ашты.

Абай мектебі өкілдерінің айтыс жанрын игеруі қазақ әдебиетіне айтарлықтай жаңалық әкелді. Табан астында өлең құрап, суырыпсалама өнердің не бір түріне аса мән берген Абайдың өзі де айтысқа бей-жай қарамаған. Бізге жеткен Қуандық қызбен сөз қағысы Абайдың айтысқа тікелей қатысын байқатқандай. Табан астында сөз құрап, айтысқа түскен шәкірттерін Абай күнделікті сынап отырды десе де болғандай. Әсіресе, суырыпсалма өнердің майталмандары – Көкбай, Әріптер Абайдың баулуымен, айтыс өнерін шебер меңгерді. Ал, айтысты көркем шығармаға айналдыру – Абай айналасына кең тараған көркемдік тәсіл десек, Шәкәрімнің, Тұрағұлдың, Әубәкірдің жанрлық жағынан қыз бен жігіт, мысал айтыстарына жататын өлеңдермен қоса, Әріп Тәңірбергенұлының «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс үлгісі бар көлемді поэмалардың жазылуы – айтыс жанрының мүлде өзгерген көркемдік түрін ұсынды. Сондай-ақ, Әріпке қатысты «Біржан – Сара», Әсетке байланысты «Әсет пен Ырысжан» айтысы сияқты туындыларда – айтыс өнерін жетік меңгерген ақындар ел аузында жұрнағы қалған айтыстарды көркем шығармаларына арқау етті.

Абай мектебіндегі тарихи шығармалардың бастауын Абайдың тарихқа қатысты еңбектерінен, ой-пікірлерінен іздеген жөн. Абайдың тапсырмасымен дүниеге келген Шәкәрімнің «Шежіресі», «Еңлік – Кебек» пен «Қалқаман –Мамыры», Көкбайдың Абылай туралы жырлары, Уәйістің «Жошы – Алаша ханы» ұстаз тапсырмасымен жазылып қана қоймай, Абайдың тарихи шығармаларымен байланысып, сабақтасып жатыр.

Абай көлемді тақырыптарды игертуде шығыстан келген нәзирагөйлік дәстүрдің соны үлгісін ұсынды. Басқаны қайталамайтын жаңаша идеялармен жазылған Абай поэмалары шәкірттер ізденісін тың жолға бастады. Бір тақырыпты бірнеше ақынның жарыса жырлауы Абай мектебіндегі шәкірттердің шабытын қамшылап, көркемдік биіктерге жетеледі. Сондай-ақ, Абайдың орыс пен батыстан алған жаңаша бір дәстүрін ең алдымен қасында жүрген шәкірттері қабылдап, дамытты. Оның көрінісі – Ақылбай, Мағауиялардың орыстың, батыстың үлгісінде жазған «байрондық поэмалар» табиғатына жақын романтикалық туындылары. Абай шәкірттері тарихи тақырып пен нәзиралық үлгіге барғанда Абайдың ұстанған идеялық позициясынан ауытқымайды. Ақындардың ұстанған мақсаты – адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық, қатыгездік пен мейірбандық, махаббат пен ғадауаттың майдандасқан көріністері арқылы қоғамдағы әділетсіздікті әшкерелеу, сөйтіп соры қалың қазақтың көзін ашу сияқты хәкім Абайдың ұлы идеяларын жалғастыру.

Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген кезекті бір жаңалығы – профессионалдық үлгідегі көркем аударма жанрын тудыруы десек, ол - аударма саласын қалыптастырып қана қоймай, бірден үлкен биікке көтере білген шебер аудармашы. Төл әдебиеттің ерекшеліктерін ескере отырып, орыстың ең таңдаулы туындыларын кереметтей шеберлікпен қазақша сөйлеткен ақынның құдіреті соңындағы шәкірттердің аңсарын өзіне аударып, бұл жанрдың сол ортада тез қанаттануына себепкер болды. Абай және оның айналасындағы аудама жанрының қалыптасып, келе-келе классикалық деңгейге жеткен туындылар Абай айналасында қалыптасып, қанат жайған қазақ әдебиетіндегі алғашқы аудармалар болуымен құнды.

Абай мектебіндегі ән, музыка өнерінің дамуы туралы айтқанда, алдымен музыкада Абайдың өзі жаңашыл болды. Ән өнері ақындықпен қатар жүріп, ақын сөзінің насихат күшіне қызмет еткендіктен, Абайдың ақын шәкірттерінің бәрі дерлік жақсы әнші бола білді. Абай мектебінің нағыз сегізқырлылық сипатын ескерсек, ақын әрі әнші және музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы болған Абай маңындағы өнерпаз топ өз ортасындағы ән өнерінің жаңашылдық сипаттарын айқындай алды. Мұқа, Әлмағамбет, Мұхамеджан сынды әншілердің ақындық өнері аса байқалмағанмен, бұлар Абай әндерін насихаттаумен ерекшелене білді. Көкбай ақындық пен әншілікті қатар ұстаса, Ақылбай, Тұрағұлдар бірнеше аспапта ойнай білген шебер музыканттығымен көзге түсті. Ал, Уәйіс пен Әсет айтулы әнші ғана емес, дәстүрлі ән өнерінің дамуына өз үлестерін қосқан композиторлар еді. Абай шәкірттерінің ішінде қазақ ән өнерін өзіндік бір белеске шығарып, жаңа әуен, тың мазмұн әкеле алған ақын Шәкәрім болды. Осылайша әр қырынан дамып, қазақтың музыка өнерінде өзіндік із қалдыра алған Абайдың әншілік мектебі – кемеңгер ақын тұлғасын айқындай түсер тағы бір керемет көрсеткіш.

Қашанда басқалардан оқ бойы озық тұратын Абайдың шыққан тегіне, өскен ортасына, ақындық жолда өзіне рухани азық, жолсерік болған әдеби айналасына жете мән беруіміздің түпкі мақсаты – белгілі бір дәрежеде өз ортасынан, айналасынан рухани нәр алып жетілген, кейіннен кемерінен асып, қазақтың қара өлеңімен әлем әдебиетінің биігіне шыққан ақын Абаймен қатар айналасына көзі ашық, көкірегі ояу өнерлі жастарды жиып әдеби мектеп қалыптастырған ұстаз Абайдың кемеңгерлік болмысын тани түсу болып табылмақ.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. Т.10. –Алматы: Ғылым, 2003. -456 б.

  2. Қирабаев С. Абайтанудың кезекті міндеттері туралы. / Кітапта: Абай және қазіргі заман: Зерттеулер жинағы. –Алматы: Ғылым, 1994. -336 б.

  3. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. –Алматы: Санат, 1997. – 448 б.

  4. Мұхамедханов Ғ. Абайдың ақындық мектебі. Канд. диссерт. –Алматы, 1950.

  5. Ахметов З. Абайтану және ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. / Кітапта: Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері. –Алматы: Ғылым, 2002. -274 б.

  6. Ысмағұлов Ж. Абай дәстүрі және оның ХХ ғасыр басындағы әдебиетте дамытылуы. / Кітапта: Қазақтың бас ақыны: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Дәуір, 2004. -120 б.

  7. Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев. // Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географического Общества, 1907, Вып. 3. С. 1-8., Қыр баласы. Түрк, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі. // Қазақ, -1913, -28 сәуір, -№12., Қалқаман-Мамыр (Шәкәрім). Сын. // Қазақ, -1915, -22 сәуір, -№121., Ғалихан. Кәкітай. // Қазақ, -1915, -18 ақпан, -№105.

  8. Дулатұлы М. Абай. // Қазақ, -1914, -23 маусым, -№67.

  9. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. // Қазақ, -1913, -23 қараша, -№39; -30 қараша, -№40; -22 желтоқсан, -№43.

  10. Ғаббасов С. Тарих қазақ жайынан. // Айқап, 1915, №9, Б.128-129.

  11. Екеу. Абайдан соңғы ақындар. // Абай, 1918, №5. Б. 1-6.

  12. Ысқақұлы Д. Сын талқы. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. -416 б.

  13. Сағди А. Абай. //Абай, 1993, №6. Б.4-14.

  14. Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. / Кітапта: Абай тағылымы. –Алматы: Жазушы, 1986. -432 б.

  15. Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. –Алматы: Дәуір, 1993, -224 б.

  16. Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. –Алматы: Атамұра, 1995, 208 б.

  17. Жиреншин Ә. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны және ойшысы. –Алматы: ҚМКӘБ, 1950. -222 б.

  18. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ-жазушылары. –Алматы: Қазақстан, 1958. -308 б.

  19. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. –Алматы: ҚМКӘБ, 1960. -364 б.

  20. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. –Алматы: Жазушы, 1966. -345 б.

  21. Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. –Алматы: Жазушы, 1971. -112 б.

  22. Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. –Алматы: Жазушы, 1974. -216 б.

  23. Қирабаев С. Халық ой-пікірінің тарихын мұқият зерттейік. // Қазақ әдебиеті,1961, 8 қыркүйек.

  24. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. –Алматы: Ғылым, 1982, -296 б.

  25. Сапаралы Б. Құнанбай қажы. –Алматы: Ер-Дәулет, 1995. -288 б.

  26. Жұртбай Т. Құнанбай. –Алматы: Алаш, 2004. -400 б.

  27. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. -Алматы: Санат, 1997. -416 б.

  28. Кәкішев Т. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар. / Кітапта: Әдебиеттану. –Алматы: Рауан, 1997. -216 б.

  29. Мұқанов С. Абайдың шәкірттері туралы. // Абай, 1992, №4, Б. 57-70.

  30. Смаилов Е. Кемеңгер Абай. // Әдебиет және искусство, 1940, №9, Б.3-9.

  31. Жиренчин А. Абай и его русские друзья. –Алма-Ата: Казгосиздат, 1949. 127 с.

  32. Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. –Алматы: ҚМКӘБ, 1959. -266 б.

  33. Жанақ ақынның өлеңдері. / Кітапта: Тәбәрікұлы С. Жанақ ақын. -Алматы: Сөзстан, 1997. -161 б.

  34. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. –Алматы: Ғылым, 1985, -320 б.

  35. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.1. –Алматы: Ғылым, 1977. -454 б.

  36. Абрамов Н. Каменная пирамида на могильный памятник Кузу Курпеч и Баян Сулу в Киргизской степи. // Тобольские Губернские Ведомости, -1859, -№40.

  37. Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры және стилі. –Алматы: Ғылым, 1983, -240 б.

  38. Ахметов З. Елдіктің жыршысы, еркіндіктің жаршысы. // Қазақ әдебиеті, -2002, -19 шілде.

  39. Сыздықова Р. Дулат Бабатайұлы. / Кітапта: Абай. Энциклопедия. –Алматы: Қазақ эциклопедиясы, 1995. -720 б.

  40. Шапай Т. Шын жүрек-бір жүрек. –Алматы: Жазушы, 1999. -256 б.

  41. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. –Алматы: Білім, 2000. -336 б.

  42. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Генезис, типология, поэтика. –Алматы: Білім, 2000. -368 б.

  43. Бабатайұлы Д. Шығармалары. –Алматы: Раритет, 2003. -288 б.

  44. Әуезов М. Абай Құнанбаев. –Алматы: Санат, 1995. -320 б.

  45. Ахметов З. Адамның кейбір кездері. / Кітапта: Абай. Энциклопедия. –Алматы: Қазақ эциклопедиясы, 1995. -720 б.

  46. Ахметов З. Елдіктің жыршысы, еркіндіктің жаршысы. // Қазақ әдебиеті, -2002, -19 шілде.

  47. Мамраев Б. Основные тенденции развития казахской литературы первой четверти ХХ века. –Алматы: Ғылым, 1998. -268 с.

  48. Елеукенов Ш. Абай мен Мағжан. / Кітапта: Абай және қазіргі заман. –Алматы: Ғылым, 1994. -336 б.


ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕҢБЕКТЕР
Монография, жинақ және оқу құралдары:
1 Әріп ақын. –Алматы: Информ-Арна, 2001. -192 б.

2. Семей өңірінің ақын-жазушылары. (Арнаулы курс материалдары). –Семей: 2003. - 41 б.

3. Қазақ әдебиетінің тарихы. «ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы кезең» пәні бойынша бақылау-пысықтау тапсырмалары. (Оқу-әдістемелік нұсқау). –Семей, 2004. - 40 б.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (Оқу құралы). –Семей: Тенгри, 2006.

- 130 б.

5. Тәңірбергенұлы Ә. Шығармалары (Өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандар). Құраст.: Б.А.Ердембеков. –Алматы: Информ-Арна, 2006, -520 б.

6. Ә.Тәңірбергенұлының әдеби мұрасы. (Оқу құралы). –Семей: Үш биік, 2007. -104 б.

7. Абайдың әдеби ортасы. –Алматы: Информ-Арна, 2008, -440 б.



Мақалалар:
1. Әріп Тәңірбергенов. / Кітапта: Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. –Алматы: Білім, 1999. Б.128-129.

2. Әріп Тәңірбергенұлының айтыстары мен сөз қағыстары. // ҚР ҰҒА хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 2001, №4, Б.20-31.

3. Әріп ақын мен Міржақып Дулатұлы. // ҚР ҰҒА хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 2001, №5, Б.77-81.

4. Айтыс ақиқатын арши түссек (Біржан – Сара айтысы хақында). // Оқытушылардың ЖОО аралық ғылыми конференция материалдары. Семей, 2001, Б.134-141.

5. Бабадан қалған бағалы сөзді іздейік. // Семей таңы, 2001, 27 сәуір.

6. Әріп ақынның арнау өлеңдері. // «ХХІ ғасырдың әлеуметтік-экономикалық және мәдениет кеңістігіндегі қазіргі ғылым» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Семей, 2002, Б.224-231.

7. Әріптің «Зияда – Шаһмұрат» және «Баһрам» дастаны. // Абай, 2002, №1, Б.67-72.

8. Абайдың ақындық мектебі және және Шәкәрім. //«Шәкәрім дәрістері». ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Семей, 2002, Б.77-79.

9. Ертіс бойы ақындарының айтыс мәдениеті (Иса, Нұрлыбек, Сапарғали,

Тәңірберген, Қалиқан). // Көкейкесті әдебиеттану. Қазіргі айтыс: Дәстүрі, келешегі. 3-кітап. –Астана, 2003, Б.177-187.

10. «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақын шәкірттері бейнесі. // Әуезов дәрістері. «Әуезовтің рухани және ғылыми мұрасы әлемдік мәдениет кеңістігінде». Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Семей, 2003, Б.45-49.

11. Әріп Тәңірбергенов. / Кітапта: Ақтайлақ би. Алматы: Елорда, 2003. -208 б. Б.122-124.

12. Абайдың ақын шәкірттері Б.Кенжебаев зерттеуінде. // «Б.К.Кенжебаевтың әдеби-ғылыми мұрасы және білім берудің өзекті мәселелері». Б.К.Кенжебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Семей, 2004, Б.21-24.

13. М.О.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы образ жасау шеберлігі. // Әуезов оқулары: «Әуезовтің рухани және ғылыми мұрасы әлемдік мәдениет кеңістігінде». Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Семей, 2004, Б.20-26.

14. «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан». // Мәдени мұра қазіргі ғылым контексінде» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Семей, 2005, Б.89-113.

15. Абай мектебі және Шәкәрім. // Әуезов оқулары: «М.О.Әуезов және ХХІ ғасырдағы білім беру кеңістігі». Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. –Семей, 2005, Б.45-50.

16. Абай және ақындық мектеп мәселесі. // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2005, №12, Б.49-59.

17. Абайдың ақындық мектебі және Бейсенбай Кенжебаев. //Көкейкесті әдебиеттану. 5-кітап. Профессор Б.Кенжебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ әдебиетінің тарихы: методология және теория» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. –Астана, 2005, Б.135-138.

18. Абай және Шәкәрім. // «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеудің өзекті мәселелері». Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Семей, 2006, Б.115-118.

19. Шәкәрім – Абайдың ақындық мектебінің көрнекті шәкірті. // ҚР ҰҒА хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 2006, №1, Б.58-60.

20. Дулат Бабатайұлы және Әріп ақын арасындағы поэзия тамырластығы. // ҚР ҰҒА хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 2006, №4, Б.15-17.

21. Ат шығарудың жолы жер өртеу емес (Абайды Абай еткен Құнанбайдың байлығы ма?). // Қазақ әдебиеті, 2006, 6-12 қазан.

22. Әріп Тәңірбергенұлы өмірінің беймәлім беттері. // Шәкәрім, 2006, №2(02), Б.37-42.

23. «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақын шәкірттері. // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2006, №6, Б.57-62.

24. Ақын туралы сөз. // Әуезов оқулары: «М.О.Әуезов шығармашылығы және мәдени мұра мәселелері». Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. Семей, 2006, Б.31-34.

25. Әріп Тәңірбергенұлы және жиырма бірінші ғасыр. // М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің хапбаршысы, 2006, №1, Б.17-24.

26. Пушкин және Абайдың ақындық айналасы. // М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің хабаршысы, 2006, №2, Б.6-10.

27. Ақынымызды ардақтай білейік. // Қазақ әдебиеті,2006, 9 маусым.

28. Абайдың ақындық мектебі және Нарманбет Орманбетұлы. // М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің хабаршысы, 2006, №2, Б.18-20.

29.Әріп Тәңірбергенұлы. / Кітапта: Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 5-том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. -555 б.,Б. 440-463.

30. Қ.Мұхамедханұлы және Абайдың ақындық мектебі. // Қазақстан мектебі, 2006, №7-8, Б.3-4., №9, Б.73-76.

31. Әріп ақын өмірінің беймәлім беттері. // Жұлдыз, 2006, №6, Б.166-172.

32. Ақынға құрмет – ұрпаққа тағзым. //Дидар, 2006, 24 маусым.

33. Бір өлеңі турасында. // Абай, 2006, №2, Б.67-71.

34. Абайдың ізін басқан данышпаным. // СМПИ «Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 1-том. Семей, 2006, Б.121-123.

35. Әріп Тәңірбергенұлы. // Қазақстан мектебі, 2006, №11, Б.4-5.

36. Зере әже және Абай. // М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің хабаршысы, 2007, №1(3), Б.8-10.

37. Абай, Сабырбай ақын, Қуандық қыз. // ХХІ ғасыр және Шәкәрімнің рухани мұрасы» республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. Семей, 2007, Б.353-358.

38. Абай мен Әсет ақын. // Семей таңы, 2007, 11 қазан.

39. Абай төңірегіндегі ақындар. // Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері: Екінші Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. –Алматы: Қазақ университеті, 2007, Б.238-243.

40. Ұлжан ана және Абай. // Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған «Жас ғалым – 2007» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның 12 томдық еңбектері. 7-том. –Тараз, 2007, Б.280-283.

41. Байкөкше ақын. // Абай, 2007, №2, Б.82-86.

42. Абай және Халиолла. // М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің хабаршысы, 2007, №2(4), Б.9-12.

43. Абай және Біржан сал. // Ұлт тағылымы, 2007, №2(2), Б.273-276.

44. Абайдың ақындық ортасы: Дулат және Абай. // Ізденіс, 2007, №3(1), Б.123-127.

45. Құнанбай айналасы және Абай. // Қаз ҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 2007, №4, Б.19-23.

46. Пушкин – Абай - Әсет. // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2007, №7, Б.55-65.

47. К вопросу о литературном окружении и круге чтения Абая. // Материалы международной научно-практической конференции «Воспитание читателя: теоретический и методический аспекты». Барнаул. 14-16 марта 2007г. –Барнаул: БГПУ, 2007. –Часть 1. -322 с. С.259-267.

48. Тәуке батыр туралы туындылар. // ПМУ Хабаршысы. Филология сериясы, 2007, №3, Б.114-121.

49. Абай мектебі. // Жалын, 2007, №10, Б. 73-77.

50. Абай мектебінің кейінгі жылдарда зерттелуі. // Ұлт тағылымы, 2007, 4(1), Б. 308-314.

51. Абай мектебінің «қаралы кезеңі» және Әуезов пен Қ.Мұхамедханұлының жанкештілігі. // Евразия орталығы, 2007, №3, Б.114-120.

52. Абай мен Шәкәрім – рухани туыстық. // Шәкәрімтану мәселелері. Т. 4. –Алматы: Раритет, 2007. -304 б. Б. 110-119.

53. Абай и Дулат (к проблеме поэтического окружения Абая). // Современный научный вестник. Серия: Педагогика, психология, филология. –Белгород, 2007, №16(24), С.85-90.

54. Айтыстың көркем шығармадағы сипаты. // «Әуезов шығармашылығы және мәдениеттер диалогы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Т.1. Семей, 2007, Б.44-47.

55. Абайдың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу аясы. // Шәкәрім әлемі, 2007, №3, Б.83-89.

56. Құнанбай, Абай және Жанақ ақын. // «Мүсілім Базарбаев және қазіргі әдебиеттану мен өнертану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, зерттеулер, мақалалар. –Алматы: Unigue Service, 2007. -410 б. Б.77-82.

57. Абай арнауларының тарихи тамыры. // Ізденіс, 2008, №1(1), Б.100-114.

58. Kunanbay Hacı Hakkında Bir Söz. // Yüce Erek, Türk Dünyası Fikir-Kültür-Arastırma Dergisi, Ankara/TÜRKİYE, 2008, №45, (ISSN: 1302-3691) ss.55-57.

59. «Абайдан сабақ алдым бала жастан». // Абай, 2008, №1, Б. 60-69.

60. Роль Дулат Бабатайұлы в формировании поэтического сознания Абая. // Голоса Сибири: литературный альманах. –Выпуск 7. –Кемерово: Кузбассвузиздат, 2008. -1168 с. С.903-910.

61. «Жүрісім, тұрысымның бәрі Абайша» (Абай мен Көкбай ақын). // Ізденіс, 2008, №1(2), Б.78-83.

62. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін». // Ұлт тағылымы, 2008, №1, Б.307-312.

63. Абайдың ақындық ортасы: Сабырбай ақын, Қуандық қыз. // Шұғыла (ҚХР, Үрімжі), 2008, №5, Б.88-91.

64. «Сүрген өмір жайымды түгел ұқсаң, сонда анық білерсің кімдігімді» (Шәкәрім). // Семей таңы, 2008, 20 наурыз.

65. «Мен боламын демеңдер...». // Ұлт тағылымы, 2008, №1(1), Б.290-297.

66. Абайдың әдеби ортасы тақырыбының төңкерістен кейінгі зерттелуі (1918-1950 жылдар аралығы). // Қаз ҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 2008, №1, Б.31-36.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет