Байқауға қатысушылардың нәтижесін бағалау критерилері:
I кезең:
Кәсіби рефлексия нысаны болған педагогикалық ізденіс тақырыбының өзектілігі онда көтерілген мәселелер, олардың мектеп ерекшелігіне, оның қызметінде, педагог-байқауға қатысушы жұмысында туындайтын қиындықтарға, оқушылардың және педагог-байқауға қатысушының мақсатты топтық ізденіс қызметі болып табылатын білімнің басқа субъектілерінің жас және жеке ерекшелігінесәйкестігі.
Рефлексияланатын педагогикалық ізденіс идеясының түпнұсқалығы және жаңалығы.
Педагогикалық ізденіс мазмұнының практикалық бағыттылығы, күтілетін нәтижеге бағдарлау.
Педагогикалық ізденістің теориялық негіздері, байқауға қатысушы өзінің практикалық (соның ішінде жобалық) қызметінде негіз ретінде қолданатын педагогикалық және психологиялық идеяларға (тұжырымдамалар, теориялар) нұсқау.
Педагогикалық ізденіс (мақсат және міндеттер) тақырыбына сәйкес келетін және қызмет нәтижелілігін қадағалауға мүмкіндік беретін критерилер мен индикаторлардың болуы. Нәтижелілік мониторингтің валидті әдістеріне нұсқау.
Байқауға қатысушының рефлексияланатын педагогикалық ізденісін әзірлеуге және инновациялық идеяларын жүзеге асырудағы жүйелі әдіс, тиімді нәтижеге қажетті қол жеткізу үшін қызмет бағыты мен факторларын есепке алу.
Инновациялық әдістерді игеру (білім беру үрдісін, педагогикалық ізденісті басқару, оқу).
Байқауға қатысушының және басқа да білім беру үрдісіне қатысушылардың субъективті ұстанымын жандандыру.
IIкезең:
Тәрбиелік шара мақсатын және/немесе міндетін қалыптастырудың айқындығы, нақтылығы және әрекеттігі.
Тәрбиелік шара мазмұнының тақырыпқа, мақсатқа, міндетке, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Оқушылардың субъективті ұстанымын дамытуға бағдарлауы.
Тәрбие үрдісін ұйымдастыру үлгісін, оқушылармен өзара қарым-қатынас және тәрбиелеу әдістерін қолданудың түрлілігі және мақсатқа сәйкестігі.
Қолданылатын педагогикалық құралдардың (соның ішінде АКТ) сапасы, олардың орындылығы және ақтауы.
Қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыра білуі. Оқушылар жұмысын ұйымдастырудың интерактивті үлгілері мен әдістерін қолдалануы.
Аудиторияны меңгеру деңгейі, жағдай ерекшелігін ескере отырып қайта жаңғырта білу, жоспарды түзетуі (қажет болған жағдайда).
Байқауға қатысушының педагогикалық мәдениеті (вербалды және вербалсыз ерекшеліктер, имидждік сипаттамалар және басқалар).
Педагогтың жеке таныстыруы, тәрбие шарасының мазмұндық және процессуалдық аспектілерінде оның тұлғалық ерекшелігінің, субъектілі ұстанымының көрінісі.
Үзіндінің аяқталуы, оның тұтастығы мен нәтижелілігі.