Бекітемін:
Өскемен қаласының білім беру бөлімі басшысының м.а
__________________ Г. Қыстаубекова
«Ең «керемет» сынып жетекшісі - 2018» қалалық байқауы туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер.
1.1. «Ең «керемет» сынып жетекшісі - 2018» қалалық байқауы «ҚР білім беру жүйесін жаңарту жағдайындағы білім беру үрдісіне қатысушылардың субъективті ұстанымы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік наурыз конференциясы аясында өтеді.
Байқаудың мақсаты – мектептегі сынып жетекшілердің кәсіби және жеке өсуін ынталандыру.
1.2. Байқау міндеттері:
Білім беру үрдісіне қатысушылардың субъектілі ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету;
ТЭЖ тақырыбына ену кезеңіндегі білім беру үрдісінің субъектілері ретінде қала педагогтарының белсенділігін, дербестігін, шығармашылық ізденісін ынталандыру;
Білім беру мекемесінің ізденіс мәселесіне және педагогтардың жеке тақырыптарына сәйкес тәрбие үрдісінің мазмұндық және процессуалдық құрамдас бөлігін байыту;
Білім беру мекемесінің инновациялық кеңістігіндегі педагогтардың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру;
Өскемен қаласының білім беру мекемелеріндегі жекелеген педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың инновациялық қызмет бағытын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |