Ереже жалпы ережелер



бет2/2
Дата03.03.2020
өлшемі333,79 Kb.
#59492
1   2
Байланысты:
жас улан ереже


Астана, 2012 жыл

Тұжырымдама құрылымы


  1. Кіріспе

  2. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

  3. «Жас Ұлан» қызметі, мақсаты мен міндеттері

  4. Тұжырымдаманың бағыттары

  5. Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтижелер


Кіріспе
Мемлекетіміздегі қазіргі заманғы білім берудің басым бағыттарының бірі - өскелең ұрпақтың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптасуы мен дамуы. Оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау: баланы тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты қалыптастыру, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту, бала құқықтарын қорғау.

Қазақстан Республикасы 1994 жылы «Бала құқықтары туралы» Конвенцияны (бұдан әрі – Конвенция) ратификациялады. Осы Конвенция ережелерін, балалардың жағдайы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында (Нью-Йорк, 2002 жылғы 8-10 мамыр) қабылданған «Балалардың өмір сүруі үшін жарамды әлем» атты Декларацияны және іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында республикада айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345-ІІ Заңының және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған басқа да нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуы қамтамасыз етіліп келеді.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбиелеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында адамгершілік - жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсұнушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататындығына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс» деп атап өтті. Яғни, біздің мемлекетіміздің білім берудегі негізгі басымдылықтарының бірі - Егемен Қазақстанның кіші буыны – жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.

Жас ұрпақты белсенді азаматтық ұстанымы мен дене бітімі рухани дамыған, әлеуметтік жауапкершілігі, отансүйгіштік сезімі мен жоғары адамгершілік қасиеттері үйлесім тапқан тұлға етіп қалыптастыру.

Бүгінгі таңда елімізде балалар мен жасөспірімдермен әр түрлі бағытта жұмыс жүргізіп отырған 1434 балалар ұйымы тіркелген.

Олардың өз алдына мақсат пен міндеттері қалыптасқан, өздеріне белгілі бір талапқа сай шаралар ұйымдастырып, оны өткізіп отырады. Оқушылардың бойына патриоттық, Отаншылдық қасиеттерді дарытып, табиғат, экология, өнер, білім, ғылым, мәдениет бағытында тәрбиелеп, саналы ұрпақ даярлауда. Алайда бұл ұйымдардың арасында бірегейлік, ұйымдасушылық, нақты бір бағытта жұмыс жасау қарым-қатынасы орнықпаған.

Осы себепті өскелең ұрпақты бірыңғай қазақстандық патриотизм идеясымен тәрбиелеу қажеттігі туындады.

2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 6 шілдеде «Елорда күніне» арнап, жастар ұйымдары көшбасшыларының бастамашыл тобы «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.

«Жас Ұлан» өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым болып танылады.

Тұжырымдамада көзделген барлық іс-шаралар балалар қозғалысы дамуының басымдығына негізделген, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік сезімді, белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.


Міндеттері:

- Қазақстан тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;



  • жас ұрпақты тәрбиелеуде балалар ұйымы қызметінің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамда айқындау;

  • балалар мен жасөспірімдердің түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;

  • жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;

  • жас қазақстандықтарды толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;

  • балалар мен жасөспірімдердің қоршаған ортаға, табиғатқа, экологиялық хал-ахуалға жанашырлықпен қарауға баулу оң көзқарасын қалыптастыру;

  • баланың интеллектуалды, рухани дамуының, тұлғалық, көшбасшылық қабілеттерінің жетілуіне ықпал етудің жаңа әдістемелерін жасау;

  • қоғамда «Жас Ұлан» ұйымы туралы оң пікір қалыптастыру.


«ЖАС ҰЛАН» ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:

Табиғи қағида - табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.

Мәдени үйлесімділік қағидасы - жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.

Мақсаттылық қағидасы - мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысты ескеру, қызметтің негізгі түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.

Гуманистік бағыт қағидасы - әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идея мен бағытты бірінші орынға қояды; балалардың өзін-өзі жетілуіне көңіл бөледі.

Этникалық қағида - этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасау, азаматтық келісім және үйлесімдікке жетуді қарастырады.

Сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы – өмірінің әр сатысында баланың жан-жақты дамуына ықпал ету, ұрпақтар, дәстүр сабақтастығын сақтау.

Үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуы: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуіне ықпал етеді.

Әлеуметтік әріптестік қағидасы ұйымның мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық, үкіметтік емес және т.б. ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау, балалардың коммуникативтік қабілетін арттыруды көздейді.

Демократиялық қағидасы бірлікке, ынтымақтастыққа, бала құқығының сақталуына, балалар ұйымы бастамаларын қолдауға, әр баланың қызығушылығын ескеруге негізделген.
«ЖАС ҰЛАН» ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМ бағыттары
«Жас Ұланның» мақсаты мен міндеттеріне сүйене отырып, тұжырымдаманың басты бағыттары жүзеге асырылады:

1. «Зерде» (танымдық) бағыты - өзін-өзі тану, отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманғы ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың зияткерлік деңгейінің көтерілуін, жан-жақты көзқарасының кеңеюін жетілдіруге, үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды.

2. «Руханият» (адамгершілік, адалдық) бағыты - балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие болуға және Отанға, еңбекке, жалпы қоршаған ортаға, өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу. Даму және дамыту, ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдіру. Жақсылық атаулыға деген сезімді арттыратын, жамандыққа жол бермейтін; ата-ана, туыс, достар, ұжым, халқы, Отан алдындағы парызды сезінетін, адалдық, адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.

3. «Отан» (патриоттық) бағыты - Отанымыз – Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму, нығаю жолдарымен таныстыратын, халық тарихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шет елде тұратын қазақ балаларымен байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам-мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгертіп, оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қамтиды.

4. «Салауат» (салауатты өмір салты) бағыты – ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамассыз ететін, гигиеналық дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды игеретін, олардың пайда болу және даму тарихымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталандыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктерімен таныстыратын шараларды қамтиды.

5. «Еңбек» (еңбексүйгіштік, іскерлік) бағыты – жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін қоғамдық негізде ұйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде қең таралған еңбек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрену. Туған өлкесіндегі әр кезеңде еңбегімен танымал болған атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен танысып, оны мақтаныш етуге, өнер түрлері (қолөнер, сурет, мүсіндеу, архитектура, т.б.) туралы түсініктемелерін кеңейтуге, еңбек рахатын, сұлулығын сезіне білуге ықпал ететін шараларды қамтиды.

6. «Жеті жарғы» (құқықтық) бағыты – мектеп Жарғысын, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелерін білуге, оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарына құрметпен қарауға, жеткіншектердің күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасай білуіне ықпал ететін, өз мемлекетінің азаматтарына қамқорлықпен қарап, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқықтық маңызы бар шараларды қамтиды.

7. «Экоәлем» (экологиялық) бағыты – табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын көре білуге, оны қорғауға, туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, экологиялық зардаптардың себебін түсініп, оны жоюға ұмтылдыратын, жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байланысын сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды.



ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Тұжырымдаманың жүзеге асыру нәтижесінде:

- Қазақстан тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеует қалыптастырады;

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасалады;

- жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен еңбексүйгіштік, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттері дамиды;

- балалардың қызығушылықтарына сәйкес жеке қабілеттерінің дамуы үшін жаңашыл әдістерді қолдану аясы кеңейеді;

- жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі артады;

- балалар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және қоғамдық өмірге белсене қатысады.

- балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық саны азаяды;

- тұжырымдаманы іске асыру барысында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тиімді жүзеге асатын жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу үлгісі құрылады;



- еліміздегі балалар мен жасөспірімдер қозғалысының бірыңғай бағыты жасақталып, бір мақсат пен міндетке ұмтылу мен рухтық үрдісте тәрбие беру жүйесі қалыптасады.
"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарының ресми нышандары





«Жас Қыран» белгісі. Қыран бейнесі қазақ елінің өскелең ұрпағы қырандай күшті, білімді, әрқашанда биік шыңдардан көрініп, алғыр болуының айғағы. Белгінің жоғарғы оң жағында шуағын шашып тұрған күн бейнеленген. Күн - жастарға болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашады. жалпы күн бейнесі өміршеңдіктің, байлықтың белгісі.

Төсбелгі көлемі 10 мм*20 мм. Темірден жасалған көк сары түс.







«Жас Ұлан» белгісі. Дөнгелек шар тәрізді форма. Шар - өмір мен мәңгіліктің бейнесі. шардың жоғары жағында өрнек - бұл қазақстанның төбесінді мәңгілік күн жарқырап тұруының белгісі. Бейбітшіліктің, тұрақтылықтың нышаны. шардың ортасында Алтын адам бейнеленген, ол еліміздің Тәуелсіздігінің символы.

Төсбелгі көлемі 15мм*15мм.Темірден жасалған көк сары түс.





«Жас Ұлан» галстугі. Ашық көк түсті оң жақ бұрышында ұйымның белгісі тігілген. Көк түс - жастарымыздың білімі теңіздей терең, бейбіт өмір сүру мен тәуелсіз болуының нышаны және молшылықтың белгісі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет