Әрекет алгоритмі мен орындау критерийлері



Дата01.06.2024
өлшемі55,56 Kb.
#203065
Байланысты:
ish-palpaciyasy








«С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



Симуляциялық Орталық

Алгоритм

Редакция: 1







«Іш пальпациясы»



Қадамдар

Әрекет алгоритмі мен орындау критерийлері

1.

Науқаспен байланыс орнатыңыз.

Амандасып, өзіңізді таныстырыңыз. Науқастан өзін таныстыруды сұраңыз. Манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2.

Пациентке төсекте дұрыс қалып беріңіз.

Іштің алдыңғы қабырғасын барынша босаңсыту үшін пациенттің аяғы бүгілген және қолдары дененің бойымен төмен орналасқан болу керек

3.

Іштің алдыңғы қабырғасының кернеуін тексеріңіз.

Оң қолды алақанмен ішке қойып, содан кейін саусақтардың ұшымен іштің алдыңғы қабырғасын аздап басыңыз



4.

Беткей пальпацияны бастау

Беткей пальпация сол жақ мықын аймағынан сағат тіліне қарсы бағытта басталады, яғни сол жақ мықын аймағынан кейін сол жақ қапталды төменнен жоғарыға қарай сол жақ қабырға астына дейін, оң жақ қабырға астынан және оң жақ қапталға жоғарыдан төменге қарай оң жақ мықын аймағына дейін пальпациялады.

5

Ортаңғы сызық бойымен беткей бағдар пальпация жасаңыз.



Пальпация семсертәрізді өсіндіден қасағүсті аймағына дейін жоғарыдан төменге қарай жүзеге асырылады.

6

Әрі қарай, іштің симметриялы орналасқан жерлерін беткей пальпациясын жасаңыз.

Сол жақ мықын аймағын пальпациялағаннан кейін, пальпациялап жатқан қолды оң мықын аймағының симметриялы бөлігіне ауыстырылды. Содан кейін ол қайтадан сол жағына қайтарып, әр кезде алдыңғы пальпация орнынан 4-5 см жоғары көтеріледі.

7

Пальпация іштің сол және оң жартысын төменнен жоғары қарай кезекпен жүзеге асырылады.




8

Ортаңғы сызық бойымен салыстырмалы пальпациямен аяқтаңыз.



Пальпациялап жатқан қолды семсертәрізді өсіндінің астына қойыңыз, содан кейін пальпациялық қолды қасаға үстіне ауыстырып, кейін қайта (алдыңғы пальпацияған орнынан - семсертәрізді 2-3 см төмен) жоғары көтерілеміз.

9

Пальпация нәтижесін айту

Пальпация кезінде назар аударды:
- тығыз түзілімдердің, түйіндердің болуы.
- іштің ұлғаюы және оның жалпақ формада болуы асциттің белгілері болуы мүмкін
- іштің және кіндік аймағының жоғарғы және төменгі бөліктеріндегі ісік түзілімдері болуы мүмкін

10.

Науқастың хал-жағдайын тексеріңіз. Алдын ала диагноз қойды. Пациентпен қоштасты.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет