2-деңгей Көп нүктенің орнына бастауыш пен баяндауыш болатын сөздердің тиістісін қойып жаз.
Көп нүктенің орнына қойылған сөздердің қайсысы бастауыш, баяндауыш екенін тап.
Қарға су ішкісі келді. Ол су құйылған құмыраны ................................. . ..................... құмыраның түбінде ғана болатын. Қарға құмыраға тас ................................................. . Құмырадағы су жоғары көтерілді. ............................................ су ішті.
Көп нүктенің орнына қойылған сөздердің қайсысы бастауыш, баяндауыш екенін тап.
Өлеңдегі бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын – екі рет сыз. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
Әжем- күйші. Әпкем – биші. Асқан шебер Ағам – үйші Ісі- нұсқа, Әкем –ұста. Үй салады Жаз бен қыста. 3-деңгей Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз, сөйлем мүшелерінің байланысын тап.