Ерекше білімді қажет ететін балалардың пед психологиялық мәселелері



бет2/3
Дата20.09.2022
өлшемі18,78 Kb.
#150002
1   2   3
Байланысты:
2 тапсырма Бота

2-кезең. Оқушыны тереңдетіп және бағытты зерттеу (тексеру). әрбір маман қажетті әдістерді, әдістемелерді, тесттер мен тәсілдерді пайдала- на отырып психологиялық, логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді, оның нәтижелерін тексеру хаттамаларына енгізеді (логопед сөйлеу картасын толтырады). психолог психологиялық тексеру хаттамасы. арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хатта- масын толтырады.Тексерудің барлық түрлеріне қойылатын басты талабы - сыныптағы ба- ланы оқыту қиындықтарының сипаты мен себептерін анықтауға бағытталуы болып табылады. Осының негізінде бірінші кезеңде қалыптасқан оқу қиындықтарының сипаты мен себептері туралы болжамға сүйене оты- рып, маман тексеру пәні ретінде баланың даму аймақтарын, оның ішінде баланың оқу үлгеріміне әсер ететін психикалық функцияларын немесе сөйлеу тілінің даму жақтарын ғана таңдайды. мысалы, егер психолог пен логопед сабақ кезіндегі бақылау және ата-аналармен әңгіме, сауалнама жүргізу барысында балада есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтарын және көру арқылы есте сақтау мен жазу мәселелерінің жоқтығын анықтаса, онда олардың тереңдетілген тексеру фокусына баланың есту-сөйлеу на- зары мен жадының (психолог), фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілін түсінуінің (логопед) ерекшеліктері кіреді.
Осылайша, кез келген маманның тексеру мақсатының соңы – бұл баланың барлық психикалық функцияларының, білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының, мінез-құлықтары мен эмоционалдық ерекшеліктерінің формальды сипаттамасы ғана емес, олардың жағымсыз сипаты мен дәрежесін анықтау, сондай-ақ оқудағы табыстылыққа оң әсер етуін айқындау.
Мұғалім білім мен іскерлікті нақты меңгеру деңгейін, сондай-ақ оқу бағдарламасын меңгерудегі проблемалар дәрежесі мен сипатын анықтау мақсатында барлық пәндер бойынша оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізеді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша оқушының қиындықтары анықталған оқу пәндері бойынша жетістіктер карталары тол- тырылады. мұғалім сондай-ақ оқу жұмысында оқушының қалауын белгілуі тиіс (қандай ақпаратпен жұмыс істеуді қалайды, қандай оқыту әдістері мен жұмыс түрлері білім мен дағдыларды барынша толық меңгеруге ықпал етеді, ал күтілетін нәтижеге қол жеткізуге не ықпал етпейді және т.б.).
Әрбір тексеру барысында маман мен мұғалім баланың әлсіз және мықты даму жақтарын ғана емес, сонымен қатар баланың оқуда табысты болу үшін бала бойындағы бар ресурстарын анықтайды.
Тексеру нәтижесінде әр маман мен мұғалім балаға мінездеме жасайды, барлығына бірдей форма толтырады (1-қосымша, 3-форма). мамандар мен мұғалім балаға бір параметр бойынша мінездеме береді, бірақ өзінің кәсіби көзқарасы тұрғысынан. Оқу пәндері бойынша бағдарламаны меңгеру дәрежесінің сипаттамасын тек мұғалім мен арнайы педагог береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет