Ерекшелік сезімі


субъективті сенімге ие топ. Этникалылықты түсінуде әлеуметтік және мәдени аумақтарда қандай да бір топ бар деген түсінік маңызды рөл атқарады (Ф.Барт



бет2/2
Дата08.11.2023
өлшемі16,52 Kb.
#190488
1   2
Байланысты:
срсп соц

субъективті сенімге ие топ.
Этникалылықты түсінуде әлеуметтік және мәдени аумақтарда қандай да бір топ бар деген түсінік маңызды рөл атқарады (Ф.Барт). Этникалық қауымдастықтар ең алдымен, мүшелерінің өздері үшін маңызы бар деп санаған (немесе бұл маңыздылық сырттан таңылған) және ол өзіндік сана-сезімнің негізінде жататын сипаттамасымен анықталады. Сонымен, этникалылық - мәдени айырмашылықтарды ұйымдастыру формасы. “Халық” ұғымы этникалық қауымдастық мүшелері бір немесе бірнеше ортақ атауға және мәдениеттің ортақ элементтері мен шығу тегі жайлы ортақ мифке ие және тиісінше ортақ тарихи жады бар, өздерін айрықша географиялық аумақмен байланыстыра алатын және топтық ынтымақтастық сезімін көрсете алатын адамдар тобы деп түсіндіріледі.
Ғылымда және саясатта кең таралған ұғым “ұлт” болып табылады. Оған әр түрлі тарихи әрі қазіргі заманғы мағыналы мазмұн жатқызылады. Ең кең таралғаны осы терминнің көмегімен бір мемлекет азаматтарының жиынтығын саяси бірлестік ретінде белгілеу болып табылады. Кейде саясатта ұлттар деп кәдімгідей мемлекеттерді атайды (Біріккен Ұлттар Ұйымы ұғымы). Ұлттардың басым көпшілігі әр түрлі тілде сөйлейтін және әр түрлі дінді ұстанатын бірнеше, кейде ондаған және жүздеген этникалық қауымдастықтарды қамтиды (американдық, үнді, канадалық, қытайлық, швейцариялық, т.б.). КСРО-да этникалық ұлт және ұлттық-мемлекеттік құрылыс деген түсінік басшылыққа алынған болатын. Этникалық қауымдастықтар (халықтар) ұлттар деп аталды, ал іс жүзінде өмір сүрген азаматтық ұлт кеңес халқы деп аталды.
Ұлт ұғымының ғылыми мазмұны, оны талқылауа көптеген ірі ғалымдар мен публицистердің қатысуына қарамастан ұзақ және тиімділігі төмен пікірталастардың тақырыбы болып табылады. (И.Гердер, О.Бауэр, К.Каутский, М.Вебер, К.Маркс, В.И. Ленин, П.Сорокин, Н.А. Бердяев, қазіргі заманғы қоғамтануда Д.Амстронг, Б.Андерсен, Э.А. Баграмов, Ю.В. Бромлей, А.Г. Здравомыслев, Э.Геллнер, Л.Н. Гумилев, У.Коннер, Э.Смит, Э.Хобебаум, М.Хрох, П.Чатарджи). 
Саяси лексикада, көбіне ғылыми әдебиетте этнос және ұлт түсінігі синоним ретінде қолданылады. Сонымен бірге, В.М. Межуев былай дейді: “Ұлт этносқа қарағанда менің туылу фактісімен берілген нәрсе емес, өзімнің күш-жігерімнің арқасында және жеке таңдауым бойынша берілген нәрсе. Этносты мен таңдамаймын, ал ұлтты таңдаймын, таңдай аламын. Ұлт адамның антропологиялық және этникалық анықтауы емес, ол индивидтің мемлекеттік, әлеуметтік, мәдени тиістілігі”. Оның үстіне жаңарту мен жаһандану жағдайында этникалық бірдейлік ұлттық ұқсатумен ауыстырылады деген біршама уақыт бұрын таралған сенім іс жүзінде расталмай отыр.
“Ұлт” жөнінде айта отырып, тағы бір маңызы бар “ұлтшылдық” түсінігін қозғай кеткен жөн. Қоғамдық ғылым дәстүрінде кеңестік уақыттан бері “ұлттық” пен “ұлтшылдықты” анықтауда айтарлықтай қатаң айырмашылық қалыптасты. Біріншісін алатын болсақ, ол жерде өз этникалық ұлтына табиғи сүйіспеншілік сезімі және жақындығы, игілігі жайында қамқоры, ана тілін, мәдениетін және дәстүрін сақтау және олардың еркін түрде дамуы түсіндіріледі. “Ұлтшылдық” “ұлтқа” керісінше, атап айтқанда өз этносын басқаларға қарсы қою, басқа ұлттардың мүдделері мен сезімдерін құрметтемеу, менсінбеу, т.б.
“Ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық” түсініктері біртексіз түсіндірілуіне ие және екі аспектіде пайдаланылады - этникалық (этномәдениеттік) және мемлекеттік (саяси). Этникалық және мемлекеттік қауымдастықтардың объективті айырмашылығы осыдан. Оларды бір-біріне қарсы қою әрекеттері мен біреуін дұрыс деп мойындау, әсіресе көпұлтты мәдени, тарихи ортада қажет емес этноұлттық бедерсіздікке міндетті түрде алып келеді.


2. Ю.В. Арутюнян, Л.М. Дробижевалар тарапынан этносоциологияның ғылым ретінде қалыптасуына талдау жасалынды. Пікірталастардың арқасында этносоциологияның негізгі категорияларының табиғатын әрқалай түсінуші, зерттеудің екі негізгі бағыты қалыптасты: примордиализм және конструктивизм. Алайда бұл екі бағыттан басқа бірқатар авторлар (Ю.В. Арутюнян, Л.М. Дробижева) үшінші бағыт - инструментализмді көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет