Ерекшелік сезімі



бет1/2
Дата08.11.2023
өлшемі16,52 Kb.
#190488
  1   2
Байланысты:
срсп соц


1. Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр түрлі әлеуметтік ғылымдар мен жекелеген ғалымдардың есімдері арнасында қарастырған теориялар мен көзқарастардың дамуымен байланысты .

Этникалылық түсінудегі мазмұнды аспектісінің рөліне қатысты пікірталастар өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Этносоциологияның категорияларын (этнос, ұлт және этникалылық) тыңғылықты теориялық талдаудан өткізу қажеттілігі туындады. Кең көлемде қолданылуына қарамастан “этникалылық аса жаңа түсінік болып көрінеді”, - дейді Н.Глейзер мен Д.П. Мойнихан. Олар мынадай фактіге назар аударады: бұл терминнің алғашқы түсіндірмесі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде тек 1972 жылы ғана пайда болды. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізу Л.Уорнер мен П.Лунтуға тиесілі, олар бұл ұғымды “қазіргі кездегі қауымдардың мәртебелік жүйесі” атты жұмыста қолданды.
Этникалылық - бұл ғылымда кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен бірдейліктер бар екенін білдіретін категория. Отандық қоғамтануда кез келген жағдайларда, әр түрлі тарихи-эволюциялық типтегі (ру, жұрт, ұлт) этникалық қауымдастықтар (халықтар) жайлы сөз болған кездерде “этнос” термині кеңінен қолданылады. Этнос түсінігі гомогендік, функциялық және статикалық сипаттамалардың бар екенін білдіреді, олар топты, сол сияқты сипаттамалар жиынтығына ие басқа топтардан айырылмайды. Ғалымдар арасында да этникалылық феноменін анықтауға келгенде бірлік жоқ, бірақ олардың этникалық немесе этникалылықтың бар екені жайында айтуға мүмкіндік беретін қауымдастық үшін тән бірқатар сипаттамалар ортақ. Мұндай сипаттамаларға: топ мүшелері мойындайтын ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ тіл, материалдық және рухани мәдениеттің ортақ белгілері жайында түсініктің болуы; отан және ерекше институттар жөнінде саяси бекітілген түсініктер, мысалы халық деген түсініктің бір бөлігін құрайды деп есептелінетін мемлекеттілік сияқты; ерекшелік сезімі, яғни топ мүшелерінің соған жатқызылуы және осыған негізделген ынтымақтастықпен бірігіп әрекет жасаудың формалары жатады.
Этникалық қауымдастыққа М.Вебер берген анықтама әлі күнге өз мағынасын сақтауда. Оған сәйкес, этникалық қауымдастық - оның мүшелері ортақ шығу тегінде ұқсас физикалық бет-пішінге және әдет-ғұрыпқа немесе екеуіне де немесе отарлануы мен көшіп-қонуы жніндегі ортақ жадына байланысты 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет