Максаты: Қазақ елі мен халқы үшін аянбай ерлік ерен ерлік танытқан, салиқалы саясатымен Отанымыз Қазақстанды әлемге мойындатқан, өмірімен өнегесі жастарға үлгі болған , Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен, қызмет жолдарымен, халыққа арнаған реформаларын насихаттап, болашаққа сенімділігін арттыру.
Міндеттері: Елбасының өмірбаянымен, қызметімен, реформаларымен кеңінен таныстыру.
Тәрбиелігі: Студенттерге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел үшің жасаған ерен істерін үлгі- өнеге ете отырып, жастарды өз Отанын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Еліне, жеріне деген сүйіспеншілік махаббатын дамыту.
Көрнекіліктері: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны туралы бейнеүзінділер , Елбасының портреті,Елбасының шығармашылығы туралы кітап көрмесі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми еңбектері мен кітаптары.Кітап көрмесімен танысу
Адамзат санасындағы құндылықтардың қай-қайсысы да бала жастан қалыптасып, есейе келе өскен ортаңа, алған тәрбиеңе, жеке басыңның түйсігіне қарай біртіндеп қалыптасып, толыға түсетіні анық. Осындай албырт шақта жан-жағымызды зерделей отырып , ой теңдігімен сезімталдықты елді сүюмен, құрметтеуге арнасақ нұр үстіне нұр болар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деп айтқаны баршамызға мәлім. Қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді сіздердей жастармен бірге «Ерен Елбасы –Кемел Көшбасшы» атты тәрбие сағатында өз ой-пікірлерімізді бөлісуге арнаймыз. Әрқайсыларыңыздың болашақта Отанымыздың патриотты жастары болып мемлекетіміздің ілгерлеп дамуына үлес қосады деген сеніміміз мол.