Құрттардың ұрықтары (балаңдары) барлығы малдың сол аталған әр түрлі мүшелерінде 4- ай өмір сүреді, екі рет түлеп, төртінші, бесінші балаң сатысына айналады. Сосын бәрі тоқ ішекке жиналады, 3-4 аптадан кейін ересек сатысына айналады.
Індеттанулық деректер
Жылқы стронгилятоздары Қазақстанның барлық аймақтарында кең тараған және барлық жастағы малда кездесетін ауру. Инвазияның экстенсивтігі 100% - ға дейін болады. Бірен-саран мал арасынан өлім де байқалады. Жануарлар денесіне тоғышарлар көбінесе өрісте жайылғанда енеді. Ауру күзге қарай және қыстың басында өршиді.