«Ересек тобы» Жылдық: 36 сағат Апталық сағат: 1 сағат



бет8/10
Дата15.09.2017
өлшемі2,08 Mb.
#32505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күтілетін нәтиже

Жасайды: жаңа лексикалық бірліктерді.

Түсінеді: мәтінді тыңдау арқылы қабылдауды, шағын әңгіме құруды.

Қолданады: жанұя мүшелерін атап үйренуді, өз жанұясы туралы шағын әңгіме құруды.

8

Тақырыбы: Seasons

Білім беру саласы Қатынас

Бөлімі : Ағылшын тілі

а) білімділік Балаларға табиғат және оның әсемдігі туралы түсінік

бере отырып, табиғатқа қатысты сөздіктермен тіл

байлығын байыту.
ә)дамытушылық Балаларға тақпақтар мен әндер айтқызып, олардың

ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.



б)тәрбиелік Балаларды ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын, интерактивті тақтамен жұмыс,

ғажайып, сергіту сәттері.


Билингвилды сыңары: Күз – осень – autumn,қыс - зима – winter,көктем -

весна – spring, Жаз - лето - summer аққала -

снеговик– snowflake, қар – снег – snow,гүл – цветы

– flower, алма - яблоко - apple


Заттың даму ортасы: мультимедиялық тақта , жыл мезгілдерінің суреттері,

тақта, үнтаспа мен музыкалық центр,доп, ноутбук .

Инновациялық технологиялар: ақпараттық технологиялар, тіл-қол

жаттығулары, сергіту сәті



Шаттық шеңбер: Good morning, good morning

Good morning to you!



Good morning, good morning

I am glad to see you!



Фонетикалық жаттығу Фонетикалық жаттығулардан бастайды.

Тыңдайды. Дыбыстарды қайталайды.


Дәлелді-түрткі болатын:

-Балалар, бүгін менің көңіл-күйім тамаша, ал көңіл-күйі көтеріңкі адамның қолынан барлығы да келеді. Сондықтан мен осы тамаша көңіл-күйімді сендермен бөліскім келіп тұр.

Ұйымдастырушылық- ізденістік



- Let’s begin our lesson. Балалар, біз бүгін «Жыл мезгілдері – S e a s o n s » тоқталатын боламыз. 
- Дайынбыз ба, балалар? Are you ready? – Yes! 
- How many seasons in the year? Бір жылда қанша мезгіл болады?
- Four. Төрт мезгіл.
- Дұрыс. Ендеше, жыл мезгілдерін атайықшы: Қыс, Көктем, Жаз және Күз. 
- Балалар, барлығың тақтаға назар аударыңдар. Тақтада 4 мезгіл сандардың артында жасырынған. Сандарды ағылшын тілінде айтып беру арқылы мезгілдерді анықтайтын боламыз. Бір санын ағылшынша қалай айтамыз?

- One. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар? 


- Қыс мезгілі. Оны қалай білдіңдер? Қыстың қандай ерекшеліктері бар? 
- Күн аязды, боранды, суық болады. Адамдар қалың киімдерін киеді. 
- Қыста не жауады? – Қар. 
- Қардан балалар не жасайды? – Аққала.
- Дұрыс. Енді осы қыс мезгілін, аққаланы және қарды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Қыз мезгілін ағылшынша winter, аққаланы-snowflake , қарды –snow деп айтады. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: winter, snowflake, snow. 


- Келесі қандай сан? – Екі саны. 
- Екі санын ағылшынша қалай айтамыз? 
- Two. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс. Қыстан кейін көктем мезгілі келеді. Оны қалай білдің дер? Көктемнің қандай ерекшеліктері болады? 
- Бұл кезде күн жылынып, қар еріп кетеді. Айнала әдемі гүлдерге толады. Жаңбыр көп жауады. Ал жаңбырда қолымызға не нәрсе ұстаймыз? – Қолшатыр. 
- Жарайсыңдар. Енді көктемді, гүлді және қолшатырды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: көктем-spring , гүл-flower , қолшатыр-umbrella. 

- That’s OK. Келесі қандай сан? – Үш саны. 


- Үш санын ағылшынша қалай айтамыз? 
- Three. Дұрыс. Енді мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар? -Жаз.
- Жаздың қандай ерекшеліктер болады?
- Жазда күннің көзі жарқырап жайма шуақ болады. 
- Жазда доппен ойнаймыз ба? –Ия.
- Ендеше, балалар, жазды, күнді және допты ағылшын тілінде айтып үйренейік. Repeat after me. жаз-summer, күн-sun , допты-ball. 
- Келесі қандай сан? – Төрт саны. 

Төрт санын ағылшынша қалай айтамыз? 


- Four. Дұрыс. Олай болса, мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар? - Күз
- Күзде күн қандай болады? Балалардың жауабы. 
- Тағы қандай ерекшеліктері бар? 
- Жеміс-жидектер піседі? 
- Біз қандай жемістерді білеміз? Атайықшы. 
- Алма, шие, бана, алмұрт, апельсин, ананас. 
- Дұрыс. Олай болса, күзді, алманы және жүзімді ағылшын тілінде айтып үйренейік. Repeat after me. Алма-apple , күз-autumn, жүзім-grape 
- Жарайсыңдар, балалар. 
Сергіту сәті 
- Балалар, бойымызды бір сергітіп аламыз ба? –Ия. 
- Олай болса, орнымыздан тұрайық. Stand up, please. 
Hello! Hello! 
How are you? How are you?
I am happy! I am happy! 
Hello! Hello! 
How are you? How are you?
I am fine! I am fine!
That’s OK. Sit down, please.
Ғажайып сәт «4 мезгіл ханшайымдары» 

Есік қағылады. Ішке «Қыс ханшайымы» кіреді.


– Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Қыс ханшайымы!»
Қош келдіңіз, Қыс ханшайымы! Welcome to, Snow Prince!
Қыс ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Кім маған қыс туралы тақпақтар айтып береді? 
1 бала: 2 бала:
Snow is falling Spring is green
From the sky Summer is bright
Snow is falling Autumn is yellow 
Let’s make snowflake Winter is white
Қ.х: - Балалар, маған тақпақтарың ұнады. Рахмет сендерге. 
- Қыс ханшайымы, Сізге де рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз
(Тағы да есік қағылады. Ішке «Көктем ханшайымы» кіреді)


– Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Көктем ханшайымы!»
Қош келдіңіз, Көктем ханшайымы! Welcome to, Spring Prince!
Көктем ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған гүл мен қолшатырды ағылшын тілінде айтып беріңдерші және оларды компьтерден көрсетіңдер. 
- гүл-flower , қолшатыр-umbrella (оларды компьютер көрсетеді)
- Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендерге! 
«Көктем ханшайымы», сізге де рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз
(Тағы да есік қағылады. Ішке «Жаз ханшайымы» кіреді)

– Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Жаз ханшайымы!»


Қош келдіңіз, Жаз ханшайымы! Welcome to, Summer Prince!
Жаз ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған барлық түстерді қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде айтып беріңдерші. Балалардың жауабы: 
- Көк –синий-blue
- Сары –желтый-yellow
- Жасыл-зеленый- green
- Қара-черный-black
- Ақ- белый-white
- Жарайсыңдар, балалар. Келесі тапсырмам – допты және күнді ағылшын тілінде айтып беріңдер және оларды компьтерден көрсетіңдер. Тапсырма орындалады. 
- Дұрыс таптыңдар. Рахмет сендерге. 
Жаз ханшайымы, Сізге де көп рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз.
(Тағы да есік қағылады. Ішке «Жаз ханшайымы» кіреді.)

– Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Күз ханшайымы!»


Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Welcome to, Autumn Prince!
Күз ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып беріңдерші. Алма мен жүзімді ағылшын тілінде айтып беріңдер және оларды компьютерден көрсетіңдер. Балалардың жауабы: Алма-apple, жүзім- grape
Күз ханшайымы: - Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы орындап шықтыңдар! Мен сендерге күзде пісетін алмаларды сыйлыққа алып келдім. (Таратып береді).
Рефлексиялық-түзетушілік:
- Сонымен балалар, біз бүгін немен таныстық? – Жыл мезгілдерімен 
- Балалар, біздерге қонаққа кімдер келді?
- Қандай тапсырмалар сендерге ерекше ұнады?
- Бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерің қандай?
- Жарайсыңдар, балалар. Сонымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.  
- Good- bye, teachers! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет