Ересектер мен жаңа туған нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромының патоморфологиясы


Клиникалық көрінісі. Клиникалық көрінісі



бет5/7
Дата02.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#170730
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СРС

Клиникалық көрінісі.

Клиникалық көрінісі.

РДС-ң басталуы алғашқы 12-48 тәулікте болады,бірақ кейбір кездерде 5-күннен кейін де көрінуі мүмкін.РДС-і бар науқас көбіне диспноэға,кеуде қуысының ыңғайсыз сезімге(дискомфорт),құрғақ жөтелге шағымданады,бірақ бұл симптомдар кеуде қуысының рентгендік деректерінен көрінуінен өкпенің диффуздық инфильтратының дамуы бірнеше сағатқа асып кетуі мүмкін.

1 - кезең

  • Жасырын немесе этиологиялывқ фактор әсері кезеңі. Ол 24 сағатқа созылады. Бұл кезеңде патогенетикалық және патофизиологиялық өзгерістер болады, бірақ олар ешқандай клиникалық және рентгенологиялық көрініс бермейді. Жиі тахипноэ байқалады (ТЖ минутына 20)
  • 2 - кезең

  • Бұл бастапқы өзгерістер фазасы, этиологиялық фактор әсерінен1-2 тәуліктен кейін дамиды.
  • Симптомдары: айқын ентікпе, тахикардия;
  • Өкпе аускультациясы: қатаң везикулярлы тыныс,жайылған құрғақ сырылдар;
  • Рентгенограммада: тамырлық суреттің күшеюі, көбінесе перифериялық бөлімдерде. Бұл интерстициалды қабынудың басталуын білдіреді.

3 - кезең

  • Клиникалық көріністердің айқындалуы, жедел тыныстық жетіспеушіліктің айқын симптоматикасымен сипатталады.
  • Симптомдары: айқын ентікпе, тыныста көмекші мускулатураның қатысуы, айқын диффузды цианоз, қабырғааралықтардың тартылуы, АҚ-ң төмендеуі.

Аускультациясы: қатаң тыныс, құрғақсырылдар естілуі мүмкін. Ылғалды сырылдар мен крепитацияның болуы альвеолаларда сұйықтықтың жиналуын көрсетеді (өкпенің альвеолалық қабынуы);

Рентгенограммада: өкпенің айқын интерстициалды қабынуы, сонымен қатар бұлт тәрізді, өкпе түбірімен және бір-бірімен бітіскен екіжақты инфильтративті көлеңкелер.

Оң жақ өкпенің жоғарғы және ортаңғы, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің қараюы. Қараю аймағында тығыздалу аймақтары дифференцияланады.

Лабораториялық белгілерінде арнайы көрінісі жоқ,ол көбінесе негізгі ауруларымен байланысты болады.РДС ағзадағы қабыну реакциясы және басқа да әсерлерінен көрініс береді,лабароториялық көрсеткіштері мынаны көрсетеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет