75
тосын қолданыстардың экспрессивтілігі жеке басқа қол сұғушылықпен
ұласпауы керек, яғни жеке тұлғаға байланысты бағалаушы
окказионализмдерді қолданғанда артық дөрекіліктен сақ болып,
ойланып қолданған жөн. Мысалы: «
Қанат Саудабаев «қосмекенді»
ме?
» (ЖА. – 29.10.2009). Мақала бүгінде ел саясатында бірқатар
жетістіктерге ие мемлекет қызметкерінің
бір кездері екі елдің
төлқұжатына ие болғандығы жайлы сөз етсе де, тақырыпатында өзін
жануарлар отрядының бір класына теңегендей болуы бұл азамат үшін
ұнамсыз болар. Ал әлемдік саясат сахнасында одан да маңызды
«рольдерге» ие, өз кезеңдерінің «атышулы» мемлекет қайраткерлері,
ұйым-мекемелер жайлы сөз қозғағанда, тіпті де «жеті
рет өлшеп, бір
рет кескен» жөн. Айталық, «
Кедендік одақ – қорлық территориясы
»
(DAT. – 11.04.2012) және «
Кедендік одақ – Путиннің империялық
амбициясының көрінісі
» (ЖА. – 25.01.2011) деген екі мақала да
авторлардың позитивті емес көзқарасын аңғартады. Бұл саяси одаққа
еліміз кірмес бұрын осы тақырып төңірегінде көп пікір айтылды, «кез
келген тиынның екі жағы болады» демекші, бұндай қадамға барғанда
еліміздің ұтатын және ұтылатын тұстары
жайлы да көп ой ортаға
салынды. Осындай келеңсіздіктер орын алса да, бүгінде Қазақстан
мүше болып отырған бұл ұйым жайлы тілші болашақта сөз еткенде
осындай «ауыр» сөздерден аулақ болғаны дұрыс. Журналист тақырып
арқылы өзінің көзқарасын қанша білдіргісі келсе де, ол, ең алдымен,
дүйім жұртқа таза ақпараттың өзін жеткізуші
екендігін және өзінің
әрбір айтқан сөзіне жауапты екендігін әсте есінен шығармауы қажет.
Бір қызықтысы – қазақстандық публицистикалық тақырыпаттарда
окказионализмдер басқаларына қарағанда, саяси тақырыпта жазылған
мақала атауларында көбірек кездеседі. «
Қазақстандағы "жеңiл" және
"ауыр салмақтағы" шенеунiктер кiмдер?
» (Айқ. – 10.02.2006),
«
Мұнайдан саясаттың иiсi шығады
» (ЖА. – 16.04.2002), «
Кәмпит
соғысы» Қазақстанға жетпейді
» (ЖА. – 06.08.2013), «
Қазақстанда
жасалған» Қытай тауары
» (ЖА. – 01.08.2013), «
Ел «папасы» Папаға
пирамида сыйлады
» (ЖА. – 10.11.2009) сияқты көптеген мақала
атаулары – осыған дәлел. Бұл құбылысты қоғам дамуының осы бір
саласы қай уақытта болмасын барлық әлем халықтарының назарында
екендігімен және «саясаттан әркімнің-ақ таласы барымен» түсіндірген
жөн шығар.
Кейде журналистер мақала атауындағы тосын қолданысты
реципиент санасына жоғарыда аталған
прецеденттілік феноменінің
әсер ету қасиетін негізге ала отырып ұсынады. Айталық, «
Назарбай,
Сара, Нұрсұлтан қараңғы үйде өмір кешіп жатыр
» (ЖА. –
20.10.2009) мақаласы. Қазақстанда тұратын кез келген азамат үшін бұл
76
есімдер нақты бір тұлғамен, оның айналасындағы адамдармен
байланысты ассоциацияларды туғызады. Ал бұл тақырыпатта олардың
қараңғы үйде өмір кешіп жатқандығы айтылған. Бұл хабар, сөз жоқ,
оқырманның санасында тосындылық, түсініспеушілік туғызады да,
мақала мәтінін толық оқуға, сөйтіп, істің анық-қанығына көз
жеткізуіне итермелейді. Сонда бірақ автор Назарбай, Сара, Нұрсұлтан
есімді балалары бар тұрмысы нашар отбасының үйінде жарықты
өшіріп тастап, қараңғы үйде отырғандығы жайлы баяндап отырғандығын
түсінеді.
Окказионализмдер көбіне белгілі контексте қолданылып,
мағынасы соған байланысты қабылданатынын айттық. Бұл тосын
қолданыстардың негізінде пайда болған жаңа сөздерге де байланысты.
Мысалы: «
Достарыңызбен бөлісу: