Психологияда ғылыми зерттеулер басталып, тұлға жайлы анықтамалар көп



Дата13.09.2020
өлшемі16,62 Kb.
#78482
Байланысты:
психология


Психологияда ғылыми зерттеулер басталып, тұлға жайлы анықтамалар көп. Көп жағдайда тұлғаны оның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіретін орнықты психологиялық қасиеттерінің, атап айтқанда жақсылық, жамандық, этика және мораль, оларды орнату немесе бұзу сияқты қасиеттердің жиынтығы ретінде анықтауға болады .

Адамның тұлға ретінде қалыптасуы жасөспірім жасында деп санайды, яғни 16-18 жаста. Осы жаста адамда барлық тұлғалық негізгі қасиеттері көрінеді, осы жаста адам орнықты тұлға бола бастайды бұдан кейін өтетін өзгерістер балалықта қалыптасқан тұлға негізін аз мазалайды. Адам тұлғасында өтетін өзгерістер оның индивидуалды тәжірибесі мен өмір бейнесімен байланысты мектепті аяқтағанда өтуі мүмкін.

Сондықтан, жасөспірім жасындағы баланың лидерлік тұлғасын дамытуды мақсат етуіміз, осы шақтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, болжамды іске асыру керек деп санаймыз.

Жасөспірім кезеңнің күрделілігі, оның «өтпелі», «бет бұрыс», «сыналатын», «қиын» т.б. атауларға ие болуынан да көрініс табады. Себебі, бұл жас кезеңінде барлық бағыттарда саналылық, жаңа құрылымдық қалыптасады, ағзаның, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастармен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, мінез-құлық пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құру нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Әлеуметтік ересектің дамуы – баланың ересектер қоғамында, оның толық та кең құқықты мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының қалыптасуы. Бұл процесс объектілік қана емес, субъективті даярлықтың да дамуын көздейді, ол іс-әрекетке, ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет. Өйткені, әлеуметтік ересектің өзі осы талаптарды игеру үдерісінде дамиды.

Жасөспірімде өзі туралы енді балалықтың шекарасыннан өткен адаммын деген түсініктің пайда болуы, оның бір нормалар мен құндылықтардан басқаларына - балалық нормалар мен құндылықтардан, ересектік нормалар мен құндылықтарға – қайта бағдар алуын айқындайды.Жасөспірімдердің ересектерге теңелуі, оларға ұқсауға, олардың өмірі мен іс-әрекетінің кейбір жақтарына ортақтасуға, олардың қасиеттері мен іскерліктеріне, құқықтары мен артықшылықтарына жетуге ұмтылуынан, оның өзінде бұлардың ішінде алдымен балалармен салыстырғанда ересектердің ерекшелігі мен артықшылықтары көзге анық көрінеді.

Жеткіншек пен жасөспірім үшін танымал болып қана қоймай, олардың ризалығы мен құрметіне бөлену үшін, ең алдымен, жақсы жолдасы болу керек. Осыған байланысты жеткіншек пен жасөспірімдік кезеңдерде бұрын танымал болған балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі. Біріншіден, бұрынғы беделділер кетіп, олардың орнына жаңалары шығады. Екіншіден, сынып белсенділерінің неғұрлым сыйлы, әрі беделді балалар тобы болмауы жиі байқалады. Өйткені, көптеген мұғалімдердің жасөспірім белсенділік танытқанда, олардың жолдастық қасиеттерін ескермей, үлгірімі жақсы және тәртіпті балаларды лидер етіп алатыны жиі кездеседі. Сыныптастары үшін беделі аз белсенділер – ұжым құрудағы және сыныптағы ұйымдастыру жұмыстарындағы қиындықтардың себептерінің бірі.

Мұның мәні одан кем түспейтін тағы бір себебі – мұғалімде басқарудың авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және белсенділердің де сыныптастарымен қарым – қатынаста осындай әдістермен тәрбиеленуі. Жеткіншектер мен жасөспірімдер мұны мүлдем қабылдамайды, өйткені олар ересектердің де, жолдастарының да қарым-қатынастарына сол бір негізгі талап тұрғысынан қарайды. Адамшылдық қадір-қасиет пен жеке басты құрметтеуді талап етеді.



Психологиялық және педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешқандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап бейімдік таңдау нақты оқу пәніне деген қызығуымен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді. Бұл байланыс тікелей және нақты (мысалы, физиканы зерделеуге қызығатын оқушы физик болғысы келеді) немесе жалпы сипаты (оқушы техника саласында қызмет істегісі келеді) болуы мүмкін. Жалпы оқушылардың оқу бағдарын таңдап алуына аймақтық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, өзінің жолдастары, отбасы әсер етеді.

Орта мекептің 11-12 сыныптарында бейінді оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл - қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет