Артықшылықтары кемшіліктері



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі24,77 Kb.
#91813
  1   2
Байланысты:
жаңа б.б. артықшылық, кемшіліктер





артықшылықтары

кемшіліктері

Ғылыми - зерттеу бойынша

  • жоғарғы сыныптарда «Экономика» жеке пәні енгізіледі, бұл жастардың қазіргі тез өзгеріп отыратын экономикалық жағдайларда жақсы бағдарлауға мүмкіндік береді.

  •  Жаңа білім берудің стандарты жобасында "Қазіргі замандағы Қазахстан" пәнінің енгізілуі негізінде еліміздің әлеуметін, саясатымен байланыстылығы нақты көрсетілген

  • «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» мәселесі еңгізілген;

  • «Білімді матиматикаландыру» керек, яғни баланы жүйелі ойлауға үйрету;

  • Сабақты шынайы өмірмен ұштастыру

  • 2020-2021 оқу жылында кітаптың пайдасын арттыру мен кітап оқуды қолдау мақсатында («Кітап оқу сәні») оқушылар арасындағы кітап оқу сағаттары сақталады.

  • 2020-2021 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11 сыныптарда жүзеге асырылады.

  • Критериалды бағалау білім алушылардың өз оқу іс-әрекетін бақылауға және кең ауқымдағы дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін белгілеуге және жоюға мүмкіндік береді.

  • «Алгебра» мен «геометрия»-ны біріктіріп, тек «Математика» деп қалдыру




  • бастауыш сыныптардың бекітілген жаңа стандартына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнін 3-сыныптан бастап оқыту жоспарланған. Осы пәннің 3-ші және 4-сыныптарға арналған оқу бағдарламасында «Желіде орналасқан ақпараттың барлығы нақты және пайдалы екенін анықтау», «Желіде этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдары туралы ой қорыту» деген сияқты тапсырмаларды орындау қажеттігі жазылған. (Осыншама күрделі дүниені 3-ші және 4-сынып оқушылары меңгере ала ма?)

Оқу - тәрбие бойынша

  • «Студент өз қалауы бойынша өзі үшін маңызды дамыған және стандартты оқу деңгейлерін таңдайды ...».

  • Әр пәнді тереңдетіп оқыту , бұл оқушыны қажетті біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның белгілі бір тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдау және бағалау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

  • 2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде тәрбие жұмысы негізгі бағыттар аясында жүзеге асырылады:

    1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, қҧқықтық тәрбие.

    2. Рухани-танымдық тәрбие.

    3. Ұлттық тәрбие.

    4. Отбасылық тәрбие.

    5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

    6. Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие.

    7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

    8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  • 2020-2021 оқу жылында тәрбие жұмысының бұл бағытын орындау аясында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын, «Тарих тағылымы» және «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобаларын, «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет

  • Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамыту мақсатында «Жас қыран» (1-4 сыныптар), «Жасұлан» (5-10 сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін қйымдастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Жалпы орта білім беретін мектептерде өзін-өзі басқару органдарының рӛліне маңыздық беру және жұмысты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мектеп комитетінің жұмысы үлгісінде құру ұсынылады.

  • «өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді;

  • Білім берудің барлық деңгейінде жұмыс дәптерлерін қолдану міндетті емес.

  • Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау жҥргізілмейді.




  • сыныптан бастап үш тілде оқыту. Елімізде біраз жылдардан бері бірқатар мектептерде 3 тіл оқытылып келеді. Соның нәтижесін білу үшін, біз, Алматы қаласы мен Алматы облысының 8 қазақ мектебінде әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Зерттеуге бастауыш сыныптарда сабақ беретін 103 мұғалім тартылды. Осы ұстаздардың 83,97%-ы оқушыларға 3 тіл оқытқанда олардың 3 тілді де меңгеру деңгейі төмендейтінін ашық жазды. Балалар тілдерді шатастырып, сөйлегенде, өздері де оған мән бермей, үш тілді қосып сөйлеу фактілері кездесетінін айтыпты.( лингвист-ғалымдар)

Сыныптан тыс жұмыс

  • Сыныптан тыс сабақтарда экономикалық сананы кӛтерудің негізгі құралдары мен формаларына тақырыптық сынып сағаттары, экскурсиялар, пікірталастар, рӛлдік ойындар және т.б. жатады. Мысалы бұған «Іскерлік қарым-қатынас этикасы», «Жарнама жасау ӛнері» сынып сағаттары, кәсіпорындарға экскурсиялар, «ХХІ ғасыр менеджері», «Жаңа басшы нені білуі және не істей алуы керек?» тақырыбындағы пікірталастар; «Кәсіпорындардағы даулы жағдайларды шешу» рӛлдік ойыны және т.б. жатады.

  • Сыныптан тыс жұмыстарда келесі ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жандандыру маңызды, олар: іс-шаралар, кӛрмелер, мектеп пен айналаны кӛркейту, экологиялық бастамалар, жергілікті тұрғындарға экологиялық білім беру.

  • 5-8-сыныптарда «Жол жүру ережелері» оқу курсы сынып сағаттарының есебінен және сыныптан тыс уақытта сынып журналының жеке бетінде сабақ тақырыбы мен күні көрсетіле отырып, әр сыныпта 10 сағаттан жүргізіледі.

  • «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2020-2021 оқу жылында аталып ӛтілетін мерейтойлық күнтізбелік кҥндерге назар аударуды ұсынамыз:

  • Әлемге әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына – 1150 жыл, т.б.

  • Мектепте сыныптан тыс жұмыстар тӛмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

  • базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

  • таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

  • оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ӛткізу; - кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

  • Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, ӛздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

  • «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2020-2021 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.




  • Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса онда олар да өз бетінше жұмысты сыныптан тыс уақытта игере алмайды.

Білім беру жүйесіне қатысушы тұлғалар арасындағы қатынас

  • 2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ сәйкес білім беру ұйымдарының оқу процесінде отбасылық құндылықтар мен отбасы институтының маңыздылығы басым болады. Мектептерде «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» құру қажет. Бұл мектептерді құрудың мақсаты бала тәрбиесіндегі отбасы ролін кӛтеру болып табылады.

  • Мұғалімдердің отбасымен өзара әрекеттесу сипаты негізінен мектепке әр түрлі көзқараспен қарайтын, мектепте және сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлін кӛретін, балаларын отбасында басқаша өсіретін және әртүрлі интеллектуалдық деңгейге ие ата-аналардың ұстанымына байланысты.Сондықтан жаңа форматта ата-аналарға арналған дәрістер мен ата-аналардың қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізу ҧсынылады.

  • Отбасымен және ата-аналармен жұмысты дифференцияланған түрде құру керек, бәріне бірдей қарым-қатынас орнатпай, бірақ ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, әсіресе отбасы мен отбасылық тәрбиеге назар аударып, оларды мектеп, сынып және баланың болмысына табандылықпен енгізе алады. Бұл үшін ата-аналармен және балалармен жеке әңгіме жүргізу үшін педагогикалық және ата-аналар консилиумдарын құру маңызды, оның нәтижесінде баламен жүргізілетін педагогикалық іс-әрекеттердің нақты бағдарламасы мен жүйесі үйлестіріледі. Атап айтқанда, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару, отбасылық мәселелер және бала тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер ӛткізуді қамтиды.

  • Бағыт бағдар беруші – мұғалімдер

  • Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады.

  • Кітап алмасу үшін арнайы орындар – буккросинг, білім алушылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата-аналар мен білім алушылар) кітапқа деген жалпы қызығушылығы негізінде, кітап көрмелері мен кітап өнімдеріне қоғамдық шолу жасау үшін арнайы орындар ұйымдастыру; «Оқымысты мектеп» конкурстары, кітапханаларға кітаптарды өз еркімен тапсыруға арналған қайырымдылық акциясы; білім алушылардың кітапхана қызметкерлерімен кездесулері, сонымен қатар отбасылық оқуға арналған кітаптардың тізімін жасау, ата-аналармен қосылып кітап оқу және талқылау, альбомдар, буклеттер, кино және бейне материалдар дайындау және т.б. маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет