10
шығарма жазып қана қоймай, оған жақсы «есім» бере білуі өте
маңызды. Себебі туындының оқырмандар тарапынан қалай қабылданып,
оқылу-оқылмау мәселесі де соған тәуелді. З.Д. Блисковский әдебиеттегі
шығармаға ат қою сынды осынау күрделі
әрекетті назарға алып,
«Муки заголовка» атты еңбегін жария етеді. Мұнда автор әлем
ақындары, жазушы-драматургтары болсын, газет редакторлары
болсын – барлығының да өз қаламынан шыққан туындыларына атау
беру мәселесіне қаншалық көңіл бөле отыра, осы мезетте қалай
қиналып,
мың ойланып, жүз толғанатынын сөз етеді. Осындағы
Ю. Бондаревтің «Кітаптың атауы – ізденістің ең күрделі бөлімдерінің
бірі. Өйткені оқырманның қазіргі уақытта жаңа, әлі ашылмаған затты
қолында ұстап тұрған сезімі дәл осы мұқабадағы тақырыпты көргенде
туындайды» [16, 7] деген сөзі – мұның дәлелі. «Мейлінше дәл атауды
табу сенің оқырманға не айтқың келіп тұрғаныңның мәнін дөп басып,
негізгі ойды анықтап, соны ұстап қалуға да мүмкіндік береді» [16, 6]
деген А.В. Калининнің пікірі де аталмыш әрекеттің маңыздылығын
еселей түсетіндей.
Ал журналистика саласына келсек, мұнда публицистің өз
мақаласындағы «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» дәл тауып,
оның атауы ретінде ұсынуы одан да маңызды. Себебі тілші үшін
оқырманның осынау көп мерзімді басылымдардан, ондағы бірсыпыра
мақалалардың ішінен
дәл оның туындысын бөліп жарып, зейінін
салуы кішігірім болса да жеңіске тең.
Публицистика қоғамдық санаға әсер етуші мықты құрал болып
табылады. Осы тұста мерзімді басылым – газеттердің атқаратын ролі
жоғары, себебі «ондағы әдеби тілдің негізінде ұйымдастырушылық۔әсер
етушілік және ақпаратық۔мазмұндық қызметтер ұштасып жатыр» [17,
43]. Мерзімді басылымдар бұқара халықты әлем жаңалықтарынан
хабардар етіп қана қоймай, оларға айтарлықтай үгіт-насихаттық, әсер
етушілік қызметтер атқару арқылы қоғам санасына белгілі деңгейде
ықпал жасайды. Осы себепті де бұқаралық ақпарат құралдарын
«төртінші билік» деп атап кеткен.
Газет мәтініндегі бірден۔бір ерекше әрі маңызды құрамдас бөлік –
ондағы
публицистикалық мақала атауы
яки
тақырыпат
. Мақала
атауы, бір қарағанда, оның мазмұнынан хабардар етумен шектелетін
болып көрінгенімен, шын мәнінде, ол қосымша көптеген қызметтерді
атқарады және көп жағдайда бүтіндей мерзімді басылымның
оқырмандар арасындағы «беделі» публицистикалық мақаланың осы
бір құрылымдық бөлігіне тікелей байланысты. Арнайы зерттеулер
көрсеткендей, оқырмандардың 80 пайызы
газетті қолына алған кезде
тек ондағы мақала атауларына көз жүгіртеді екен [18]. Осыған орай,
әлемдік тіл білімінде газет тақырыпаттарының атқаратын қызметтері
11
мен олардың жауап беруі тиіс негізгі талаптарын анықтау және зерттеу
мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді.
Ұзақ жылдар бойы тілші мамандар газет тақырыпаттарының сан
қырлы әсер етуші әрі көркемдік мүмкіншіліктерін зерттей отыра, оған
өзіндік анықтама беруге тырысқан.
Осылайша, жазушы әрі лингвист Данута Ри «The Language of
Newspapers» еңбегінде мақала тақырыпатына келесідей түсінік береді:
«The headline is a unique type of a text. It has a range of functions which
specifically dictate its shape, content and structure. It summarizes the
whole story in a minimum number of words, attracts the reader to the story
and, if it appears on the front page, attracts the reader to the paper»
(«Мәтіннің бірегей түрі болып табылатын
тақырыпат өзінің пішіні,
мазмұны мен құрылымын белгілейтін бірқатар қызметтерге ие. Ол
мақалада баян етілетін барлық оқиғаны қысқаша түрде жинақтап,
оқырманды мәтінмен танысуға еліктіреді») [19, 13].
Ал Р.Е. Гарст және T.M. Бернштейн тақырыпатты жауап беруі
тиіс өзіндік стандарттары бар ойды жеткізудің формасы деп есептейді:
«The headline is one of the best scales by which to measure the importance
of a news story, at least in the editor’s estimation». Яғни «тақырыпат
жаңалықтың маңыздылығын кем дегенде редакторлық тұрғыда
бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттың ең үздік көлемі болып
табылады» [20, 103].
Ресейлік зерттеуші Д.А. Качаев публицистикалық мәтіннің бұл
құрылымы жайлы мынадай пікір білдіреді: «Газет тақырыпаты –
салыстырмалы сипатта дербес семантикалылыққа ие, мәтінді сипаттап,
оның мазмұнын болжайтын, түсіндіріп, оған қосымша мән үстейтін
барлық мәтін үшін бастапқы элемент болып табылатын тілдің
вербалды және бейвербалды құралдары арқылы жеткізілген мәтіннің
графикалық жинақталған бөлшегі» [21, 4].
Ағылшын стилистикасын зерттеуге көңіл бөлген орыс ғалымы
И.Р. Гальперин болса, өзінің еңбегінде газет тақырыпатына мынадай
анықтама берген: «The headline (the title given to a new item or an
article) is a dependent form of newspaper writing.
It is in fact a part of a
larger whole. The main function of the headline is to inform the reader
briefly what the text that follows is about. English headlines are short and
catching, they compact the gist of new stories into a few eye-snaring
words» («Тақырыпат, яғни жаңалық не мақалаға берілетін атау, газет
мәтінінің айнымас бөлшегі болып табылады. Газет тақырыпаттарының
негізгі қызметі – мәтін мазмұнынан оқырманды қысқаша хабардар ету
және газеттің өзінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей
мөлшердегі оқырмандарды еліктіре білу») [22, 302-303].
12
Газет тақырыпаты мен оның
негізгі қызметтерін зерттеу
мәселесі бірқатар ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектерінде
де кездеседі: В.П. Вомперский [23], И.С. Стам [24], В.В. Ворошилов
[25], А.А. Тертычный [26], К.В. Прохорова [27], М.И. Шостак [28],
Н.Е. Бухарев [29], З.К. Ахметжанова, А.Т. Таткенова [30],
Р.Т. Қожабекова [31] және т.б.
Осылайша,
тақырыпат мақаладағы ақпаратты жинақтау
және оқырманға білдірудің шағын формасы
ретінде публицистикалық
мәтіннің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: