Оқытушы: Аринов Т.Х.
Пәні: «Информатика»
Топ: №27
Күні: 31.03.2020 жыл.
І- пара.
15 сабақ.
«Құжатта сілтемені ұйымдастыру атауы, илюстрация тізімі,
қиылысу сілтемемелері».
Үй тапсырмасы:
1. Алмастыру буфері не үшін қолданылады?
2. Кірістіру және ауыстыру режимдерінің айырмашылығы неде?
3. Құжат бетінің орналасуын іске асыру жолы қалай?
4. Арнайы символдарды енгізу жолы қандай?
Тақырыбы: «
Құжатта сілтемені ұйымдастыру атауы, илюстрация тізімі,
қиылысу сілтемемелері
».
Сілтемелер, мысалы, есеп беру кезінде, кітап, журналдарға мақала, дипломдық, курстық
жұмыстар жазғанда әдебиеттер тізімін енгізу үшін қажет.
Сілтеме құру үшін Сілтемелер мәзіріне өтіп, Сілтемелер және Әдебиеттер тізімі
батырмаларын
пайдалануға
болады.
Жаңа сілтеме құру үшін мына әрекеттерді орындаймыз: Сілтеме кірістіру → Жаңа
мәлімет енгізу бұйрығын таңдаймыз. Сілтеме құру диалогтік терезесі пайда болады.
Деректеме құру терезесінде деректеме түрі өрісін таңдаймыз. Ол: кітап, кітаптың бөлімі,
журнал мақаласы, есеп беру,лер, конференция мақаласы болуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі өрісін толтырыңңдар: атауы, авторы, жылы және шығарылған қаласы,
баспасын жазамыз. Сілтеменің түрін таңдауға байланысты бұл өрістер өзгеріп кетуі
мүмкін екеніне назар аударыңдар. Сонымен қатар әдебиеттер тізімінің қандай стилі
таңдалғанына да мән беру керек.
Атау
Сілтеме атауы топтамасында: Сілтемеге атау беру , Иллюстрация тізімі, Кестені жаңалау,
Қабаттасқан сілтеме қосымшалары орналасқан. Соның ішінде Атау енгізу қосымшасы
арқылы суреттер мен нысандарға атау енгіземіз. Атау енгізу батырмасын шертеміз. Атау
нысанды сипаттайды және сол нысанның астыңғы қатарына жазылады.
Иллюстрация тізімі: құжаттағы кестелер үйлесімділігін орнату.
Қиылыс сілтемелер
Элементке сілтеме беру (суреттер мен кестелер т.б.). Егер нысандардың орны ауысса,
сілтемелер автоматты түрде жаңарып отырады және гиперсілтеме ретінде бейнеленеді.
Мазмұнды баптау
Егер жұмыс жасап отырған құжатымыздың ауқымы үлкен болса, мысалы, кітап басып
шығару керек болса, онда міндетті түрде мазмұнын жазамыз. Мазмұнды құру барысында
Тақырыпша (Заголовка) стилін таңдаймыз, мысалы, 1-тақырыпша, 2-тақырыпша, 3-
тақырыпша. Мазмұндарды құрастыру бірнеше кезеңнен тұрады:
Word берілген стильдері бойынша тақырыптарды табады;
Тақырыптар деңгейі бойынша сұрапталады;
Әрбір тақырып тиісті беттер нөмірімен жабдықталады.
Мазмұндар топтамасы: Мазмұн, Мәтін кірістіру, Кестені
жаңарту батырмаларынан
тұрады.
Үй тапсырмасы.
1.Құжатта сілтемені ұйымдастыру атауы қай жолдармен ұйымдастырылады?
2.Сілтемеге атау еңгізі қалай атқарылады?
3.Қиылыс сілтемелері не үшін қажет?