Қой аузынан шөп алмайтын
момын қыздар ұнайды
» (Айғ. –
17.01.2007). Қазақ халқында момын, ешкімге тиіп кетер зияны жоқ
адамды «қой аузынан шөп алмайды» дейді. Осыған ұқсас
фразеологиялық бірліктер орыс тілінде де («и мухи не обидит», «воды
не замутит»), ағылшын тілінде де («he wouldn't hurt a fly») бар. Қарап
тұрсақ, табиғатта зиянсыз, «момын» тіршілік иесі қой ғана емес, десе
де қазақ тіліндегі фразеологизмнің «бас қаһарманы» болып аталмыш
үй жануарының атануы бекер емес. Ертеден көшпенді өмір салтын
ұстанған қазақтардың басты күн көрісі мал шаруашылығы болғаны
белгілі. Әсіресе дәл осы қойды өсіріп, күн көретіндердің саны көп
болды, өйткені төрт түліктің бұл түрі жем-шөпке де, климаттық
жағдайларға да «талғампаз» емес әрі олар өте жуас. Қой жануарының
осындай қасиеттері тілімізде «қойдан жуас», «қой аузынан шөп
алмас», «қойдан қоңыр» сынды бірқатар фразеологиялық бірліктердің
қалыптасып, кең айналымға енуіне негіз болды.
Этнокогнитивті сипатқа ие осындай фразеологиялық бірліктер
ресейлік:
«
Достарыңызбен бөлісу: |