Курс: 1 Топ: пмно 105 Білім алушы



Дата25.12.2021
өлшемі16,16 Kb.
#105212
Байланысты:
1 тақырып. Социология
1 тақырып. Социология

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



БАЯНДАМА

Тақырыбы: Социология ғылымы және оның құрылымы

Курс: 1

Топ: ПМНО 105

Білім алушы: Жолтай Жансая

Жетекші: Дабылтаева Макпал Мамедалиевна

Алматы 2021


Социология ғылымы және оның құрылымы.
Дәріс жоспары:

  1. Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.

  2. Социологияның объектісі мен пәні.

  3. Социологияның құрылымы.

  4. Социологияның заңдары мен категориялары.


Дәріс мазмұны:

Социология ғылым төрғысында пайда болуының әлеуметтік-экономикалық және теориялық алғы шарттары бар, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде капитализмнің дамуымен байланысты. Бұл жағдай қоғамдық дамуды социологиялық ілімнің назарына қойды. Осы тарихи кезеңдегі адамдар өмірі қарама қайшы көзәарастар  туғызды. Әсіресе дамыған елдерде.

Социологияның ғылым ретінде тууы ХІХ ғысрдың ортасындағы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Сепенсер, К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер және т.б) кқптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.

Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О.Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік берді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, - өзінің адындағысын алғы шарт ретінде есептейтін – жоғарғы тәртіптегі ғылым болып саналады.

Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы термин де – О.Конттың үлесі) жіне социология.

ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында социологиялық статиститкаға байланысты тәжрибелі зерттеулер пайда болды, шаруашылық санақ жІргізілді. Жаппай статистикалық сұрау техникасы жасалынды, демографияның негізі қаланылды.

Жаңа қоғамдық құбылыстар мен процесстерді ой елегінен өткізу үшін арнаулы ғылым қажет болды. Ол социология  ғылымы еді.

Социологияның пайда болуын қоғамдық талапқа өзінше үн қосу, жауап деп қарауымыз керек.

Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл заңдарын түрін өзгертетіндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара ісер адамат қауымында әр түрлі ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесінде күрделене түседі.

Социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зарттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бі-біріне әсері болып табылады.

Социология – көп деңгейлі ғылым, ал абстракциялық және нақтылық формалардың бірлігін, макро және микро социологиялық қатынастың теориялық және эмпирикалық әқтынасының бірлігін қарастырған ғылым.

Социология – (латынның “cosіtos” - қоғам, гректің “logos” – ілім) төтас алғанда қоғамның, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық бірліктің өзара өмір сүруі және дамуы туралы ілім деген анықтама берілген. Демек социология қоғам туралы ілім, ұғым деген сөз.

Дәрісте социология ғылымына берілген бірнеше анықтамалар аталады: ағылшын ғалымы Р.Херт, социологияның Э. Гидденс, америка социологы Нейл Смелзер т.б.

Дәрісте функционалдылыә теориясына анықтама беріледі. Оның ғылым жүйесіндегі орны анықталады. Сонымен қатар, функционалистер – Талкот Парсонс, Мертон, Дэвис, Спенсер және Дюркгеймнің көзәарастары да аталады.

Осы дәрісте социологияның объектісі және пәніне кең түрде тоқталамыз. Онда социологияның объектісі мен пәні ұқсас па? Жоқ, сәйкеспейді, сондықтан олардың анықтамасы беріледі.

Социологияның басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшелігі оның құрылымдық теориясы бар, ол үш деңгейден тұрады. Социологияның заңдары мен заңдылыәтарына қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнына, қызметіне сипаттама беріледі.   



Осылайша, социология дегеніміз – біртұтас жүйе ретіндегі қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жадпы заңдылықтары туралы әлеуметтік құбылыстарды өзара байланыстыра зерттейтін ғылым.  

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет