103
жаңа ғасырға
» (Ақ. – 2000. №6), «
Түйе, түйе, түйелер: түйенiң
қасиеттерi
» (П. – 2005. №9); эллипсис («
СПИД жайлы бiлгiңiз
келсе...
» (А. – 29.09.2004); окказионализм («
Түнгi үште тұрып...
айтыс көрiңiз
» (ЖА. – 12.02.2002) сынды тілдік бірліктердің негізінде
көрініс табуы мүмкін; одан басқа «не – кімге», «кім – қайда», «не – не
үшін» деген сынды үлгілер бойынша құрастырылған тақырыпаттарда
(«
Жығылғанға – жұдырық
» (ЕҚ. – 25.05.2010), «
Өлiлерге – сауал,
тiрiлерге – сабақ немесе жерлеудегi "коммунистiк тәсiл" жалғаса
бере ме?
» (П. – 2004. №2) және бірінші бөлімі жағдайға жалпы баға
беріп, екінші бөлім оның мағынасын түсіндіретін күрделі мақала
атауларында да кездеседі («
БҰҰ-ға 51 жыл: жеңістер мен реформалар
уақыты
» (СС. – 07.11.1996).
Көріп отырғанымыздай, аллитерация не ассонанс сынды әдеби
формалар болсын, я болмаса интонация сияқты күрделі фонетикалық
құбылыс болсын, барлығы да публицистикалық тақырыпаттың
фоностилистикалық табиғатына белгілі деңгейде ықпал етумен ғана
шектелмей, сонымен қатар мақала атауының көркемдік бейнелілігін
арттыру, реципиент назарын аударып, мақала мәтінін толық оқуға
итермелеп, соған тиісті сарында «жол салу» арқылы публицистикалық
шығарманың осы бір құрамдас бөлігінің прагматикалық әлеуетіне де
өзінің елеулі септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: