«Ауырып ем iздегенше,
ауырмайтын жол iзде немесе тағы бiр меморандумға қол қойылды»
(Айғ. – 24.11.2012) мақаласында да,
«Байлықтың басы – денсаулық»
(Т. – 13.12.2012) мақаласында да Оңтүстік Қазақстан облыстық
денсаулық сақтау басқармасы және Израильдiң «Шиба» медициналық
орталығы денсаулық сақтау қорымен бiрлескен медициналық ғылыми-
зерттеу
қоғамы
арасында
үш
жылдық
меморандумға
қол
қойылғандығы жайлы сөз етіледі. Алғашқысы – кешенді де, соңғысы –
бір бағытты тақырыпат (негізгі идеядан хабардар етеді). Бірақ екеуі де
толымсыз
ақпаратты.
Әрине,
салыстырмалы
түрде
біріншісі
мазмұндылық тұрғыдан әлдеқайда салмақты, дей тұрғанмен, оның
бірінші бөлімі негізгі ойға жалпы сипаттама береді де, екінші бөлімі
оқырман көзін нақты ақпаратқа жақындатады. Алайда бұл тақырыпат
реципиентті мақала мазмұнынан толық хабардар етпейді: оқырман
санасында «қандай меморандум?», «қайда?», «кім қол қойды?» деген
42
сынды сан алуан сауалдар орын алады. Сөйтіп, олардың жауабын табу
үшін оқырманның мақаланы толық оқудан басқа амалы қалмайды.
Осылайша, публицистикалық тақырыпатқа қойылатын басты
талаптардың бірі – ақпараттылықтың өзі, мақала атауында сан алуан
кейіпте, әртүрлі деңгейде орын алатындығына, бұл мәселе тілшінің
алдына қандай мақсат қоятындығына байланысты екендігіне көз
жеткізіп отырмыз.
Газет тақырыпаты жауап беруі тиіс екінші негізгі міндет –
мәтін
мазмұнымен сәйкестік
.
Дүкеннен сыртқы қаптамасында бір ақпарат жазылған, ал үйге
келіп ішінде мүлде басқа «тосын сый» табылатын болатын тауарларды
сатып алу қаншалықты жағымсыз болса, публицистикада оқырманның
газеттегі тақырыпаттар мен олардың мақала мәтінін оқығанда да дәл
солай. Сондықтан реципиент газет не журналды қолына алған кезде
онда осындай кереғарлыққа тап болмайтынына сенімді болуы керек.
Негізінен, публицистикада мақала атауы оның мазмұнымен
сәйкес келмей жататын қайшылықтар келесі жағдайларда орын алады:
1. Мақала атауы мен оның мәтіні арасындағы байланыс көмескі
және оны анықтауға оқырман белгілі деңгейде күш салуы керек.
Автордың мақаласына берген атауы мәтіндегі бірнеше сөйлеммен ғана
байланысты болса, осындай қателік орын алады.
2. Тақырыпаттың өзін екі түрлі (не одан да көп) мағынада
түсінуге болатын болса, «тақырыпат – мәтін» арасындағы байланыс
бұлыңғыр болады. Мақаланы оқығаннан кейін де оқырман автордың
осындай тақырыпат арқылы нені айтып жеткізгісі келгенін түсінбей
жатуы мүмкін.
3. Тақырыпаттың мағынасы мәтін мазмұнына кереғар келеді.
4. Журналист публицистикалық мақаланың тақырыпатында кең
мағыналы, көпсалалы, әртүрлі тақырыптағы мәтіндерде кездесе
беретін сөздер не сөз тіркестерін қолданса да, осындай стилистикалық
қателік орын алуы мүмкін.
5. Мәтін мазмұнына еш жауапсыз, ол туралы жалған болжамға
әкелетін тақырыпаттар. Мысалы,
«Бала сүюге көмектесемiн»
(П. –
2008. – №3) деген мақалаға кезіккен оқырман онда не бір ер азаматтың
тақырыпатта көрсетілгендей ойы туралы, не болмаса қандай да бір
емшінің осындай қызмет көрсететіндігі жайлы жазылған деп
болжайды делік. Ал шын мәнінде бұл мақалада «Экомед»
медициналық орталығының бас директорымен сұхбат барысында
талқыланған экстракорпоральдық ұрықтандыру мәселесі сөз етіледі.
Осындайда мақала мазмұны оның тақырыпатын оқығандағы алғашқы
тұспал-болжамдарымен сай келмей жатса, оқырман бойында
қанағаттанбаушылық сезімі пайда болуы әбден мүмкін.
43
Екінші реттік (қосалқы) міндеттер.
Екінші реттік талаптар
біріншілері сияқты міндетті емес, автор оларды өз еркімен
тақырыпатына қосқысы келсе, қосады да, алғашқы екеуімен ғана
шектелем десе де, одан тақырыпат «сапасыз» болып қалмайды. Ең
алдымен, бұл –
газет тақырыпатының бейнелілік қызметі
. Егер
алғашқы екеуі, яғни газет тақырыпатының негізгі міндеттері, ең
алдымен, оқырман үшін туындаған талаптар болса, бұл қызмет
оқырмандардан гөрі көбіне журналистердің жеке қамын ойлағанынан
барып туындаған қызмет десе де болады. Уақыт өтіп, заманның
өзгеруімен публицистика саласы дамып, онымен қатар мерзімді
басылымдардың да саны арта түсті. Ал осынау көп мақалалардың
ішінде реципиент дәл өзінің төл туындысына зер салуы үшін,
журналистер өз шығармаларын көркемдік бейнелілігі тұрғысынан
«безендіріп», оқырман назарын аударып, мақаланың толық мәтінін
оқуға еліктіру үшін қолынан келгенше тырысып бағуда. Мақала
атауын көркейту ісінде тілшілер троп пен фигурадан бастап,
окказионализмдерге дейінгі сан алуан құралдарды қолданады.
Газет тақырыпатының келесі қыры –
авторлық бағалау
. Ол жай
ғана автордың әңгіме болып отырған тақырыпқа деген көзқарасын
білдіріп қоймайды, ол сондай-ақ, жоғарыда атап өткеніміздей, адресат
үшін дискурс алаңын да ұсынады. Мақала атауын оқып, тілшінің
бағасын білген реципиент өзі де мақала мәтініне ден қойып, оны
оқығаннан кейін өз ой-тұжырымын автордың пікірімен салыстырып,
сәйкесінше қорытындылар жасайды. Басқаша айтсақ, авторлық
бағалауы бар тақырыпаттар төңірегінде адресант пен адресат
арасындағы қарым-қатынас тереңдей түседі.
Мұндай қызмет қыры бар тақырыпаттар көбіне окказионализмдер
яки автордың тосын қолданыстары арқылы танылады. Мысал үшін
«Соқыр да сақау саясат немесе ұлтсыздар ұлтты ұлықтай ала ма?»
(ЖА. – 28.01.2010) деген тақырыпатты қарастыратын болсақ, тілшінің
«саясат» сөзін осындай эпитеттермен «безендіруі» оның бұл мәселе
жайлы жағымды көзқараста емес екендігін анық аңғартады. Ал
«Шығыс пен Батыс текетiресi... жоқ қоғамдастығы»
(П. – 1992.
№12) деген мақала тақырыпатында журналистің ойы ап-анық көрініп
тұр және бұл аңдаусызда кеткен қате емес, тілшінің қасақана барған
қадамы. Бұндай әрекет те оқырман назарынан тыс қалмайтындығы
және мақала тақырыпатының прагматикалық әлеуетіне әсер ететіндігі
сөзсіз.
Қысқасы,
публицистикалық
мақала
тақырыпаттарының
атқаратын қызметтеріне сай ондағы міндеттерді келесі сызба (Сызба
1) негізінде түйіндеуге болады.
44
Сызба 1. Газет тақырыпаттары атқаратын қызметтер
Журналист – бас аспаз да, мақала тағам іспеттес: аспаз тағамды
қандай тұздықпен ұсынатындығы, оның дәміне және дәм татушылар
тарапынан қалай қабылдануына тікелей әсер етеді. Ол тұздыққа
қандай дәмдеуіштер қосқанына байланысты оның тағамға берер дәмі
де өзгеріп отырады. Публицистикада да бәрі тап осылай: газет
тақырыпаты түрлі қосалқы қызметтерде (коммуникативті, когнитивті,
т.б.) қолданылуы мүмкін – мұның барлығы автордың өз қалауына
байланысты. Мұнда тақырыпат міндеттеріне
қойылар нақты
шектеулер жоқ.
|