70
жарым әріп өзгертіледі, аралас тәсілде осы аталмыш тәсілдер алма-
кезек қолданылады [121].
Ал орыс ғалымы С.И. Сметанина прецедентті құрылымдардың
публицистикалық шығармаларда қолданылуын терең зерттей келе
«медиа-мәтінге» прецедентті феномендерді енгізудің келесі тәсілдерін
атап көрсетеді, мұндағы «А мәтіні» – өзге автордікі, «В мәтіні» –
өзінікі (мақала авторынікі) [134]:
1. А мәтіні В мәтініне тең: «
Ел боламын десең, бесігіңді түзе
»
(ЕҚ. – 13.01.2010), «
Атың шықпаса, жер өрте
» (АТ. – 12.07.2001),
«
Сақтықта қорлық жоқ
» (П. – 2001. №7). А мәтіні В мәтінімен
мағынасы жағынан теңбе-тең келіп, дәйексөз еш өзгеріссіз тақырыпат
ретінде қолданылады да, оның астында автордың өзіндік мәтіні
беріледі. Мұнда тақырыпаттағы дәйексөздің тырнақшаға алынуы шарт
емес.
2. А мәтіні – В мәтініне негіз болатын мысал: «
Неден
қаталасаң шөлiңдi сол басады
» (П. – 2010. №4), «Қансонарда бүркiтшi
шығады аңға...» (П. – 2006. №9). Мұнда тілшілер тақырыпаттың «өзге
біреудікі» екенін тырнақшаның көмегімен білдіреді.
3. А мәтіні – В мәтінін жазудағы негіз. Мұнда мәтінаралық
байланыстар күрделірек келеді. Сайып келгенде, оның үш элементі
бар десе де болады: А мәтіні − А мәтінің бөлшегі/фрагменті − В
мәтіні.
3.1
Мәтінді қысқартып, жаңа мағынада ұсыну: «
Әке көрген оқ
жонар...
» (ЕҚ. – 08.06.2002). Бұл мақалдың
толық нұсқасында ата-
ананың екеуінің де балаға берер тәрбиесі жайлы айтылса, бұл
тақырыпатта оның тек бірінші бөлігі алынып, сонымен мақала бала
тәрбиесiндегi әкенiң рөлi жайлы екендігін аңғартады. Сол сияқты
мына мақалаларда да прецедентті мәтіндердің белгілі бір бөлімдері
ғана алынған: «
Қыз өссе, елдiң көркi...
» (П. – 2013. №4) («Қыз өссе,
елдің көркі, Гүл өссе, жердің көркі» – мақал), «
Ғалымның хаты
өлмейді...
» [С. Торайғыров ат. ПМУ-да өткен ҚР ҒА академигі, тарих
ғ.д., проф. Т.С. Садықовты еске алуға
арналған республикалық
ғылыми конференция туралы] (СС. – 18.05.2010) («Жақсының аты
өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді»), «
Ағаға қарап іні өседі
» [ұстаз,
ғалым Ғабдыл-Уақап Қапеновтің туғанына 80 жыл] (СС. – 13.05.2008)
(«Ағаға қарап іні өседі, Апаға қарап сіңлі өседі»).
3.2 Мәтінді толықтырып, мағынасын ашу: «
Қыздардың сен
жүрегiне жара салдың, желтоқсан!
» (СС. – 28.11.1996). Ел арасында
«Жастардың жүрегіне жара салған желтоқсан» деп тарап кеткен тіркес
бұл тақырыпатта толықтырылған және бұл мақалада Желтоқсан
оқиғасына қатысқан қыздар туралы сөз етілетіндігін ұғынуға болады.
71
«
Денсаулық − зор байлық» дейміз-ау…
» (ЕҚ. – 02.11.2010). Автор
осындай тақырыпат арқылы халқымыздың «Денсаулық − зор байлық»
дей тұра, сол денсаулығын сақтамай, өз-өздерін күтпейтінін ашына
айтады.
3.3 Ситуативті немесе тақырыптық мақсатқа байланысты
сөздерді ауыстыру. «
Қаза бар жерде аза бар
» (ЕҚ. – 26.12.2012).
«Арық бар жерде су бар, Су бар жерде ну бар» деген мақалды автор
мақала мазмұнына сай өзгертіп, жаңа үлгіде ұсынған. «
Қуан, қазақ!
»
(ЕҚ. – 22.10.2010). Астанада өткен саммиттің жақсы нәтижелерін
қуана сөз еткен тілші М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңінің атын
осылайша өзгертіп, тақырыпат ретінде қолданған. «
Қыс шанасын
жазда сайлай алмаған әкімдер енді желтоқсан айында жазасын
алады
» (ЕҚ. – 24.09.2010). Автор бұл мақалада
аймақтардағы тұрғын
үйлердің қысқы жылыту маусымына дайындықтарының әлі тиісті
қарқынына жете алмай отырғанын және осыған сай Үкімет
басшысының бұл мәселені әкімдер алдына қатқылдау қоюға мәжбүр
болғандығы жайлы сөз етіп, «Қыс шанаңды жаз сайла» мақалын
осындай тақырыптық мақсатқа сай қолданған. «
Құрылыста істеп
жүр талай қазақ баласы…
» (ЕҚ. – 13.04.2011). Абайдың өлең
жолдары осылайша ситуативті өзгеріске ұшырап, мақаланың
өзектілігін экспрессивті тұрғыдан арттыра түсірген.
Кейде, керісінше, тақырыпатты түсініктірек етіп,
мақала не
жайлы сөз ететіндігін бірден аңғарту үшін тілшілер прецедентті
толықтырып, мақала атауын күрделендіреді: «
Еркек пен әйел: ендi екi
Достарыңызбен бөлісу: