Окказионализмдер.
«Окказионализм» термині тіл білімінде жиі
қолданылады, бірақ оған берілген нақты анықтама жоқ. Негізгі
мағынасын былайша ашуға болады: «
окказионализмдер
(лат.
«occasionalis» – «кездейсоқ») – нақты бір стилистикалық мақсат пен
жағдайға байланысты туындаған тілдік бірліктер (сөздер) [135, 192-193].
Олар көбіне нақты берілген контексте «өмір сүреді», ал қарапайым
күнделікті сөйлеу әрекетінде қолданылуы екіталай. Р. Сыздықова
оларды «тосын сөздер» десе, Х. Нұрмұханов окказионализмдерді
контекст қалауына сай тек «бір реттік қолданым» болып қызмет
атқаратын сөздер деп атаған [136, 78]. Окказионализмдер, әдетте,
номинативті және көркем әдеби мақсатпен туындайды, ал баспасөзде
бұларға прагматикалық, оқырман санасына әсер етушілік қызметі де
қосылады.
Осындай тосыннан пайда болған жаңа сөздерді публицистикада,
әсіресе мақала атауында, қолдану жиі кездеседі. Себебі мұндай
қолданыстар тақырыпатты эмоционалды-экспрессивтілік тұрғыдан
қанықтырып, өзгешелендіреді, сөйтіп, оқырмандардың мақала мәтініне
деген қызығушылығын арттырады. Тақырыпат жаңа ақпараттылық
кеңістікке жол ашар есік қызметін атқарады, яғни қандай да бір жаңа
мәліметті қабылдамас бұрын оқырманды соған дайындап, керекті
бағытта жол сілтейді. Мақала шамамен не жайлы сөз ететіндігін
реципиент оның атауына зер салып топшылай алады. Айталық,
«
Парақорлық эпидемиясы
» (ЖА. – 24.09.2005) атаулы мақала осындай
өзгеше формада елде жаман кеселдей тарап кеткен жемқорлық жайлы
баяндайтындығын
түсінуге
болады.
«
Достарыңызбен бөлісу: |