Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет58/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

Тырнақша

1)
Тақырыпаттағы дәйексөзді: «
Кеудеңде шыбын жаның болса 
егер, жоғалтпа жер бетiнен қазақ атын!
» (ЕҚ. – 02.06.2010), 
«
Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле
» (ЕҚ. – 25.07.2012), 
«
Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ
» (ЖА. – 16.06.2015); 
2)
Сұхбат-мақаладан алынған төл сөзді: «"
Жемiс ағашы мәуесi 
пiскен сайын иiледi"
» [Әншi Алтынай Жорабаевамен әңгiме] (ЕҚ. – 
06.03.2004), «
Мен қазақпын, жаратылысым да, жаным да – 
қазақы…
» (ЕҚ. – 25.01.2012), «Аршабеков Н.: "
Педагогикалық 
академия атанбақпыз
" (СС. – 13.09.2012); 
3)
Қандай да бір ұйым не мекеменің, шығарманың (т.с.с.) атауы 
тырнақшада беріледі:
«"Аллажар" фильмі қашан көрсетіледі екен?» 
(СС. – 19.11.1996),
«"Қамқор" жұртшылыққа қамқор бола алады» 
(СС. – 07.11.1996)
 «"Айман-Шолпан" жаңа қоныста қойылды» 
(СС. – 
12.12.1996); 
4)
Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді: «
Байқоңырдың 
"жыры" қашан бiтедi?
» (З-Қ. – 24.05.1996), «
Толық "пiспеген", 
болмаса "шала пiскен" сюжеттердiң дәлелi қайсы?
» (Ақ. – 2013. №6); 
5)
Назар аударуды қажет ететін сөзді (сөз тіркесін): «
Бiз "элита" 
емес, жай халықтың әншiсi екенбiз...
» (Айғ. – 21.11.2007), «
Кешегi сөз – 
"Оян, қазақ", бүгiнгi сөз – "Ойлан, қазақ"
...» (Ақ. – 1999. № 9-10); 
6)
Басқа тілден аударылмай енген сөзді, не терминді, не 
тосыннан 
пайда 
болған 
жаңа 
сөздерді 
бөліп 
көрсетеді: 
«"Пантюркизм" шынымен де "құбыжық па?"
» (З-Қ. – 09.02.1996), 
«
"Казахизацияң" не, қалқам?
» (П. – 2003. №9). 
Кейде тілшілер мақала атауларында бірнеше тыныс белгілерін 
қатарынан қолданып жататын кездер де кездеседі: «
Жоспар деген 


100 
керек пе, осы.!?
» (Ақ. – 1994. № 2), «
Голливудтық кино түсiру бәсеке 
ме, әлде???
» (Айқ. – 17.02. 2006), «
Тұрсынбектің Петросяннан несі 
кем?!
» (ЖА. – 16.06.2015), «
ЕХPO-ға қонақ iзде!!!
» (ЖА. – 14.07.2015), 
«
Кім кепіл?!.
» (ЖА. – 02.07.2015). 
Қысқасы, талданған мысалдардан мынадай тұжырым жасауға 
болады: 

Публицистикалық 
тақырыпаттың 
мағынасын 
түсініп, 
қабылдауын жеңілдетуде пунктуацияның атқаратын қызметі зор. 

Қазіргі газет мәтіндерінде шамамен барлық тыныс белгілері 
белсенді қолданыс табады. 

Оқырман назарын аударып, мақаланы оқуға қызығушылық 
тудыру үшін тілшілер тілдік нормалардан ауытқып, тыныс белгілерінің 
әсер етушілік қасиетін негізге ала отырып, оларды жаңа «кейіпте» 
ұсынуы жиілеп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет