Ерғазиев Құнанбай Тобыл орта мектебі



Дата02.03.2020
өлшемі22,11 Kb.
#59368
Байланысты:
1эссе9кл

Ерғазиев Құнанбай

Тобыл орта мектебі

9 сынып

Бейімбет Майлин ауданы


Жүреке жаққан шырақ.

Білімдімін, білім менің талабым,

Қазақ тілде эссеге де жарадым.

Болашақта ойларымды толтырып,

Мақсат қоя мамандыққа барамын.



Ерғазиев Құнанбай

Ең алдымен осы заманның білімдары болу үшін талап қажет дер едім. Талап болған соң, мақсаттар қойылады ғой. Сол мақсат Абайша айтқандай, шарттар болып отыр. Алғашқысында білімді мектептен сауат ашудан бастасақ, соны іске жаратып, әрі қарай дамуды көздеген шәкірт ұстазының бақылауымен білсем екен деген құмарына байланысты оқуға деген құлығы мен ынтасы қалыптасатын махаббаты оянады. Ұстаздың істегенін мен де істермін деген оймен өзіне үлгі етуі шарт. Міне, содан кейін ғана мына біздердей шәкірттердің өмір белестерін қуарға жағдайы болмақ. Әр бағыттағы ынта-ықыластарымыз, яғни гуманитарлы бағытта тілдік қатынас, сөйлеу әрекеті мен шешендігі қалыптасар болса, жаратылыстану бағытында ой жүйріктігі, есеп беру, логикалық әрекеттерінің белсенділігі қалыптасады. Шындығында, осы бағыттарда көңіл толқитындай аса бір ерекшелікпен өз қабілетімізді игере алсақ, нағыз білімдар болмақпыз. Не болмаса уақыт өткізу үшін жүрген шәкірт тарабынан болсақ, еш білімнің толығуына жағдай жасай алмаймыз. Көңіл тек бір бағытта болғанның өзінде білім дами береді. "Білім ғана жүрекке шырақ жағар" деген осы мектеп қабырғасынан басталады. Яғни әрбір естіп-білгенімізге көңіл түйгенде ғана жақсы ұғып, өзімізге кәдімгі түпнұсқасын көшіріп алғандай боламыз. Адам баласына мейірлене қараған ұстаздың білім беруін құндаған шәкірт өзін тереңнен дамыта алады. Өйткені, ол сол ұстазынан да биік белестерді кешуі мүмкін ғой. Ұстаздарымыз білімді болу жөнінде естеріне біз секілді шәкірттерін алып жатады. Мектептен алған білімдері олардың ғылым үйренуге, өмірден тәжірибе алмасу барысында әрі қарай жетіле береді. Тіпті кейбірі ұстазынан озып, нағыз шебер болғанына қуанбаса, еш ренжімейді. Өйткені білімнің әліппесін ашқан ұстаз, қашан да ұстаз болып қала береді. Қайта олар мақтан етіп жатады. Шырағын жаққан білімнің сонау биікте алаулап жанғанына дән риза болады. Білімдіден шыққан сөз көкірегі ояу, көңілі тасыған сауатты да талапты адамға тән екенін айтатын Абай атамыз құлықты да ынталы, сенімді де байламды адам баласының өскенін қалаған. Өскеннің өзінде көкірегіндегі білімнің бар екенін дәлелдей білетін, адамдық қаситетері нұрының шашуын армандаған. Ұлы ақынның азаматтық талабы жүрегі сезімді, көңілі сергек адам баласының шыншылдықпен күресе алатынына сенімді. Әр ғасырдың өзіндік тарихи кезеңдері бар. Сол тарихи кезеңнің түрлі саясаттарын саналы сөзбен, өткір оймен зерттеп қарайтын тұлғалардың білімді болуы шарт. Дегенмен өмірде ақ пен қара бар, сол тәрізді білімді мен білімсіз де болады. Неге олай десек, қазіргі таңда болып жатқан террористік әрекеттер мен түрлі діни ағымдағы түсініктерге де білімдері жетпегендер барады. Адасқан адамдар сол білімнің жоқтығынан түрлі жағдайға ұрынуда...Мәселен, діни ағымның қақпанына түскендер қаншама зиян кешуде. Өз сауаттары болмағандықтан әркімнің саясатына еріп, өмірінде қателіктер жіберіп жатқандар да білім шырағын лаулата алмағандар тарапында дегім келеді. Тіпті, кей адамдар жоғары білімді алдық деп диплом құжаттарын ғана көрсетіп көкірек кереді. Негізінде мамандығы бойынша білімділігі айқын емес. Неге олай? Олай болу себебі, біреудің көмегімен ақша немесе айтар болсақ байлық көзі болғандықтан, білімді маман санатын сатып алған кешегі сауатсыз дәрігер бүгін ем алушыға ота жасай алмады. Өйткені, оның алғашқы отасы, соңғы отасы боп қала берді. Нәтижесінде бір адам залал көрді ме? Жоқ бір адам емес бірнеше адам, себебі оның туысқандары және дәрігер маман. Міне, Білімсіздің арты неге соққанын ұғамыз ба? Әлемде қаншама осы тәрізді оқиғалар көп орын алуда. Негізі, қорыта айтқанда, әр адам баласы жүрекке жаққан шырағымен білім отын алаулата алады. Маман болу үшін білімнің маңызы зор. Ол шырақ - небір күрестің алдын алатын алау. Алаулаған білім сапасы адам баласының мінез-құлқын да, әрекетін де, ақыл- ынтасы мен қайраттылығын ажарландыра түседі. Сол алау көз жұмғанша парызы саналатын әр маманның бойында болуы шарт. Көрдіңіз бе, Абай аңсаған шарт әр маманға халық шарты болып қалыптаса бермек. Біз білімді де саналы азаматтар қатарында боламыз, бола бермекпіз!

Erǵazıev Qunanbaı
Tobyl orta mektebi
9 synyp
Beıimbet Maılın aýdany

Júreke jaqqan shyraq.

Bilimdimin, bilim meniń talabym,
Qazaq tilde essege de jaradym.
Bolashaqta oılarymdy toltyryp,
Maqsat qoıa mamandyqqa baramyn.
Erǵazıev Qunanbaı

Eń aldymen osy zamannyń bilimdary bolý úshin talap qajet der edim. Talap bolǵan soń, maqsattar qoıylady ǵoı. Sol maqsat Abaısha aıtqandaı, sharttar bolyp otyr. Alǵashqysynda bilimdi mektepten saýat ashýdan bastasaq, sony iske jaratyp, ári qaraı damýdy kózdegen shákirt ustazynyń baqylaýymen bilsem eken degen qumaryna baılanysty oqýǵa degen qulyǵy men yntasy qalyptasatyn mahabbaty oıanady. Ustazdyń istegenin men de istermin degen oımen ózine úlgi etýi shart. Mine, sodan keıin ǵana myna bizderdeı shákirtterdiń ómir belesterin qýarǵa jaǵdaıy bolmaq. Ár baǵyttaǵy ynta-yqylastarymyz, ıaǵnı gýmanıtarly baǵytta tildik qatynas, sóıleý áreketi men sheshendigi qalyptasar bolsa, jaratylystaný baǵytynda oı júıriktigi, esep berý, logıkalyq áreketteriniń belsendiligi qalyptasady. Shyndyǵynda, osy baǵyttarda kóńil tolqıtyndaı asa bir erekshelikpen óz qabiletimizdi ıgere alsaq, naǵyz bilimdar bolmaqpyz. Ne bolmasa ýaqyt ótkizý úshin júrgen shákirt tarabynan bolsaq, esh bilimniń tolyǵýyna jaǵdaı jasaı almaımyz. Kóńil tek bir baǵytta bolǵannyń ózinde bilim damı beredi. "Bilim ǵana júrekke shyraq jaǵar" degen osy mektep qabyrǵasynan bastalady. Iaǵnı árbir estip-bilgenimizge kóńil túıgende ǵana jaqsy uǵyp, ózimizge kádimgi túpnusqasyn kóshirip alǵandaı bolamyz. Adam balasyna meıirlene qaraǵan ustazdyń bilim berýin qundaǵan shákirt ózin tereńnen damyta alady. Óıtkeni, ol sol ustazynan da bıik belesterdi keshýi múmkin ǵoı. Ustazdarymyz bilimdi bolý jóninde esterine biz sekildi shákirtterin esterine alyp jatady. Mektepten alǵan bilimderi olardyń ǵylym úırenýge, ómirden tájirıbe almasý barysynda ári qaraı jetile beredi. Tipti keıbiri ustazynan ozyp, naǵyz sheber bolǵanyna qýanbasa, esh renjimeıdi. Óıtkeni bilimniń álippesin ashqan ustaz, qashan da ustaz bolyp qala beredi. Qaıta olar maqtan etip jatady. Shyraǵyn jaqqan bilimniń sonaý bıikte alaýlap janǵanyna dán rıza bolady. Bilimdiden shyqqan sóz kókiregi oıaý, kóńili tasyǵan saýatty da talapty adamǵa tán ekenin aıtatyn Abaı atamyz qulyqty da yntaly, senimdi de baılamdy adam balasynyń óskenin qalaǵan. Óskenniń ózinde kókiregindegi bilimniń bar ekenin dáleldeı biletin, adamdyq qasıteteri nurynyń shashýyn armandaǵan. Uly aqynnyń azamattyq talaby júregi sezimdi, kóńili sergek adam balasynyń shynshyldyqpen kúrese alatynyna senimdi. Ár ǵasyrdyń ózindik tarıhı kezeńderi bar. Sol tarıhı kezeńniń túrli saıasattaryn sanaly sózben, ótkir oımen zerttep qaraıtyn tulǵalardyń bilimdi bolýy shart. Degenmen ómirde aq pen qara bar, sol tárizdi bilimdi men bilimsiz de bolady. Nege olaı desek, qazirgi tańda bolyp jatqan terorıstik áreketter men túrli dinı aǵymdaǵy túsinikterge de bilimderi jetpegender bar. Adasqan adamdar sol bilimniń joqtyǵynan túrli jaǵdaıǵa urynýda...Máselen, dinı aǵymnyń qaqpanyna túskender qanshama zıan keshýde. Óz saýattary bolmaǵandyqtan árkimniń saıasatyna erip, ómirinde qatelikter jiberip jatqandar da bilim shyraǵyn laýlata almaǵandar tarapynda degim keledi. Tipti, keı adamdar joǵary bilimdi aldyq dep dıplom qujattaryn ǵana kórsetip kókirek keredi. Negizinde mamandyǵy boıynsha bilimdiligi aıqyn emes. Nege olaı? Olaı bolý sebebi, bireýdiń kómegimen aqsha nemese aıtar bolsaq baılyq kózi bolǵandyqtan, bilimdi maman sanatyn satyp alǵan keshegi saýatsyz dáriger búgin em alýshyǵa ota jasaı almady. Óıtkeni, onyń alǵashqy otasy, sońǵy otasy bop qala berdi. Nátıjesinde bir adam zalal kórdi me? Joq bir adam emes birneshe adam, sebebi onyń týysqandary jáne dáriger maman. Mine, Bilimsizdiń arty nege soqqanyn uǵamyz ba? Álemde qanshama osy tárizdi oqıǵalar kóp oryn alýda. Negizi, qoryta aıtqanda, ár adam balasy júrekke jaqqan shyraǵymen bilim otyn alaýlata alady. Maman bolý úshin bilimniń mańyzy zor. Ol shyraq - nebir kúrestiń aldyn alatyn alaý. Alaýlaǵan bilim sapasy adam balasynyń minez-qulqyn da, áreketin de, aqyl- yntasy men qaırattylyǵyn ajarlandyra túsedi. Sol alaý kóz jumǵansha paryzy sanalatyn ár mamannyń boıynda bolýy shart. Kórdińiz be, Abaı ańsaǵan shart ár mamanǵa halyq sharty bolyp qalyptasa bermek. Biz bilimdi de sanaly azamattar qatarynda bolamyz, bola bermekpiz!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет