Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет30/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

Бабылдық түйе сатушы
Адам аш болған сайын, оның ойы айқын болып, астың иісі анығырақ
шығады. Азмұрдың ұлы Тарқат та солай ойлайды. Біреудің бағында жұлып
жеген екі түйір жаңғақты айтпағанда, нəр татпағалы екі күн болды. Əлгі
бақтан басқа ештеңе жұлып үлгермеді, қожайынның қабаған иті үйінен
жүгіріп шығып, мұны қуып берді, тіпті, көшеге түсіп алып, соңынан біразға
дейін қалмады. Оның ащы дауысы бұл базар алаңына кіргенде де
құлағынан кетпей қойды. Шырыны тамшылаған жемісті себеттен уыстап
ала қашар ма еді, құлағындағы əлгі иттің шəңкілі болмағанда.
Ол бұрын Бабыл базарының сөресінде иісі аңқыған мұншама алуан
дəмді астың боларын ойламапты.Базар алаңынан өтті де, керуен сарайға
келіп, есік алдында біраз сенделіп жүрді. Ол əлдебір танысты кездестіріп,
одан ең болмаса жез бақыр сұрап алуды ойлады.Томсырайған азғынды сол
ғана күлімсіретіп, дəмханадан бір шығуға итермелер еді.Ақшасыз ол мұнда
шақырылмаған қонақтай екенін жақсы білді.
Ойға кеткен Тарқат, кездейсоқ түрде кездеспеуге тиісті түйе сатушы
Дабасармен бет пе бет кезіккенін қарасайшы! Ол Табасарға қарызын беруге
əлдеқашан уəде берген.
- Ау, Тарқатпысың? – анау қуанып кетті. – Мен де сені ойлап, бір ай
бұрын алған қос жез бақыр мен одан да ертерек қарызға берген күміс
бақырды қашан қайтарар екен деп келе жатыр едім.Кездескеніміз жақсы
болды.Маған да ақша керегіп тұр еді. Ал, не дейсің?
Тарқаттың өңі түнеріп сала берді. Оның аш қарынға сөзуар Табасармен
дауласуға күші де жоқ еді.
- Кешіре гөр, - деп ол күмілжіді,- бүгін менде сенімен есептесуге жез
де, күміс те ақша жоқ еді.
- Ендеше қайдан болса да тап,- Табасар да тап берді.- Саған екі жез
жəне бір ғана күміс бақыр табу не тұрады, қиын кезде қол ұшын берген
əкеңнің досына.


- Таба алмаспын. Менің қыр соңымнан əлдебір сəтсіз тағдыр қалмай
қойды.
- Сəтсіз тағдыр! Өз қатең үшін Жаратқанды кінəлама.Сəтсіз тағдыр
қалай қарызды қайтарам дегенді емес, қалай қарыз алуды ғана ойлайтын
адамды қуалайды. Қане,жүр менімен, ас ішкенше күтіп отырасың.Қарным
ашты жəне де саған бір хикаяны айтып беруім керек.
Табасардың дөрекі турашылдығы теңселтіп кетті Тарқатты, дегенмен,
бұл дəмхана табалдырығын аттауға мүмкіндік беретін шақыру еді. Табасар
оны түпкі бұрышқа қарай итергіштеді де, екеуі кілемше үстіне жайғасты.
Оларға жымыйыспен жақындаған Қауысқор қожайынға, Табасар өзіне тəн
мəнерде:
- Қане, шөлдаланың семіз кесірткісі, маған жақсы қуырылған қойдың
санын жəне де көбірек нан мен көкөніс əкел, аштық қысып барады.
Айтпақшы, менің досымды да ұмытпа.Оған бір құмыра салқын су
əкел.Бүгін аспан жерге түскендей ысып кетті.
Тарқаттың жүрегі дүрсілдеп қоя берді.Неліктен Табасар асаған қой
санына қарап, су ішумен отырмақ? Бірақ ол ештеңе демеді. Оның басына
айтар сөз де келмеген еді. Табасар үнсіздік дегенді,тіпті білмейтін болар.
Дəмханаға кірген таныстарына сəлем ретінде күлімсірей қол бұлғады да,
сөзін жалғады:
- Орфадан қайтқан саяхатшылардан бір бай туралы естідім, ол өзіне
тастан əйнек тілдіруге бұйрық беріпті.Ол үйін жаңбырдан қорғау үшін
əлгіні терезесіне салдырыпты.Тас əйнек сарғылт түсті екен, одан далаға
қарап көрген олар, басқа түске боялған дүниенің ерекше екенін айтып
даурығысады.Бұған не дейсің,Тарқат? Дүниенің басқа түсті болуы мүмкін
бе?
- Бəрі де мүмкін, - бозбаланы Табасар алдына қойылған қуырылған қой
саны көп алаңдатты.
- Мен оған сенемін, өйткені, өзім де өзге түсті дүниені көрдім.Менің
саған айтқалы отырған хикаямда сол менің дүниенің кəдімгі түсін көргенім
жайлы болмақ.
- Табасар бір қызық хикая айтқалы отыр,- деп көршілер сыбырласып,


төсеніштерін жылжыта бастады.Басқалары да шайнаңдаған ауыздарына
тыныштық беріп, доға тəрізді жайғаса қалды.Бəрінің қолдарында да,
жартылай мүжілген жілік.Жалғыз Тарқат қана ассыз отырды. Табасар қой
санын бөлісер емес, тіпті, ыдыстан еденге түскен бір тілім нанды да ұсына
қоймады.
- Мен айтқалы отырған хикая,- деп бастады Табасар, бір кесек етті
шайнаңдап,- менің жас кезіме қатысты. Ол менің қалай түйе сатушы
болғаным жайлы.Араларыңда менің Сирияда құл болғанымды білетіндерің
бар ма?
Бөлме іші араның ұясындай гуілдеп кетті де, ол Табасарға жағымды
əсерін бере түсті.
- Мен жас кезімде,- ол қой санынан үлкен бір кесекті қыршып түсті,-
əкемнен ер-тұрман жасауды үйрендім. Əкемнің шеберханасында жұмыс
істей жүріп, өзім мен əйелім екеумізді асырадым.Əрі жас,əрі тəжірибесіз
болғандықтан, табысым сонша көп болмаса да,қарапайым тіршілікке
жететін. Жас болғасын көп нəрсе алғың келіп алаңдайсың, бірақ мен оған
бармадым.Алайда, дүкеншілердің менде ақша жоқта маған қарызға
қиналмай беретінін байқадым.
Жастығым мен тəжірибесіздігімнен, өз табысынан көп ақша жұмсаған
адам, қайдағы бір апат пен сордың боранын тұрғызатын жел шақыратынын
білмеппін. Мен өз құмарыма еріп, табыспен санаспастан, қымбат киіндім,
əйеліме əшекей алуға əуестендім.
Əупірімдеп жүріп, қарыздан құтылатынмын. Бірақ табысымның бір
уақытта тірлік етуге əрі қарызды қайтаруға жетпейтінін байқадым.
Қарызгерлер мен алған қымбат сатық (покупка) үшін соңымнан қуып жүріп
ақысын алатын болды.Өмір сүру күрделене түсті. Мен достарымнан қарыз
ала бастадым. Бірақ оны төлеуге əлім келе бермеді.Жағдайым барған сайын
ауырлай түсті.Əйелім төркініне кетті де, мен Бабылдан кетіп, өмірге
қолайлы басқа қала іздеуді шештім.
Екі жыл бойы мен керуен жетекшінің ауыр халын бастан кештім.Онда
мен шөлдаланы кезіп, қарусыз керуен тонаған қарақшылар тобырымен
байланыстым.Мұндай қылықтың абыройлы əкемнің ұлына лайық еместігі
белгілі, бірақ мен ол кезде дүниені тобықтан келетін теңіз суындай


сезінетінмін, өзімнің қаншалықты құлдырағанымды ұқпадым.
Біздің алғашқы керуен тонауымыз сəтті болды. Алтынды қазына мен
тай-тай жібекті, басқа да тауарларды қолға түсірдік.Олжаны Гинир
қаласына апарып сонда оңды-солды қыдырысқа жұмсадық.
Келесі тонау жұмысы соншалықты олжалы болмады. Керуенге енді
ұмтылғанымызда, саудагерлер күзетке келіскен жергілікті тайпа бізге бас
салып, шайқаса кетті. Біздің екі басшымыздың бірін өлтіріп, қалғанымызды
Шам (Дамаск) қаласына айдап əкелді де, онда барымызды сыпырып алып,
өзімізді құлдыққа сатты.
Мені екі күміс бақырға шөлдалалық тайпа көсемі сатып алды.
Шашымды сыпырып тастады да, бұтыма лыпа болар мата байлады. Сөйтіп,
мен кəдімгі құл болдым да шықтым. Қамсыз жас болғасын, мұның бəрі
өткінші ғана күлкілі жайттардың бірі болар деп ойладым, бірақ бір күні
қожайын мені төрт əйелінің алдына шығарды да, олардың мені əтек
٭
ретінде алуларына болатынын жеткізді.
Өзімнің жағдайымның мүшкілдігін сонда ғана ұқтым.Шөлдаланың бұл
тайпасы əрі жабайы, əрі аса жауынгер болатын. Не қаруым жоқ, не
қашатын титтей де мұрсатым жоқ мен, енді толығымен солардың билігінде
екенмін.
Үрейім ұшқан мені төрт əйел,тіпті, байқамағансыды. Ал, мен олар
тарапынан маған кішкентай да аяушылық боларына үміттенерімді де
білмедім.Сира бəйбіше басқасынан жасы үлкен еді.Ол маған қарады да,
келбетінен ештеңе сездірмеді. Одан əлдебір аяушылық күтудің пайдасы
жоқтай көрінді.Келесі əйел тəкəппəр келген сұлу екен.Ол маған
жиіркенішті құртқа көзі түскендей жыйырыла қарады да қойды.Ал, екі жас
бике тоқтамастан сықылықтаумен болды.
Өзіме 
деген 
үкімді 
күткенше, 
мен 
шексіз 
уақыт 
өткендей
сезіндім.Шамасы, əйелдердің əрқайсысы шешімді өзгеге қабылдатуға бейім
танытқандай.Ақырында Сира салқын дауыспен сөйлеп кетті:
- Бізде қортықтар жеткілікті ғой, ал түйе айдаушылар аз, барының өзі
пайдаға жарамайды.Мысалы, мен бүгін ауру шешеме баруым керек, ал
менде түйені сеніп тапсыратын бір де бір құл жоқ.Мына құлдан түйеге
ыңғай бар ма екен, сұрашы.


- Түйе жөнінде не білесің? – деп сұрады қожайын менен.
- Мен түйені шөгере аламын, қомдаймын,шаршатпай ұзақ жолға
айдаймын.Ауыра қалса, түйені емдей аламын.
- Мына құлдың əңгімесі түзу екен, - деп бағалады мені қожайын.-
Егер,Сира, қажет десең, осыны айдаушы етіп ал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет