Ерік қасиеттері және сапалары



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі228,28 Kb.
#93533
1   2   3
Байланысты:
Ерік. жалпы психология. Еменшеева А.

Ерік сапалары
Еріктің амал кезеңдері
Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезең)
Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)
Ниет-тілектердің пайда болуы
Ниеттер тартысы және оның бірін қалау
Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бірін қалау
Тоқтамға келген шешімді орындау

Қорытынды

  • Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.
  • Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адмның мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек. Ол мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып отырады. Қорыта айтқанда амал кезеңдері мынадай сатылардан өтіп отырады. Алдымен адам мақсат қойып соған жетуге ұмтылады. Мақсатқа жету барысында түрлі мүмкіншіліктерді түсіну қажет. Осыдан келіп түрлі ниет-тілектер пайда болады. Ниет-тілектер арасында өзара тартыс болып, қалау туындайды. Қалау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып адам бір тоқтамға келіп, ақыр соңында шешім қабылдайды. Міне, сонда ғана адамның қалауы толығымен орындалып, мақсаты жүзеге асады.
  • Еріктік әрекет себептері сонымен адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы – табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет