Әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал екіншіңіз қарама-қарсы жаққа қарап отырыңыз



бет2/5
Дата05.12.2022
өлшемі2,18 Mb.
#161359
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сергіту сәттері

Сұрақты ұстап ал!
  • Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
  • Лездеме!
  • Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
  • Бұл слайдты топ үшін пленарлық сабақ өткізген кезде пайдаланыңыз.
  • Сөздің өзін атамай түсіндіру
  • Конверттен бір сөзді бір рет алу
  • Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
  • конверт-сұрақ
  • 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
  • Тақырыптық теннис
  • есеп:
  • Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады (15 - 0, тең және т.б.)
  • немесе әрбір қатысушы сөз таба алмаған кезде 1 балл беріледі.
  • 3 адамнан топқа бөлініңіздер:
  • 2 ойыншы және судья
  • Мен тақырыпты айтқан соң сіздер кезекпен берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайсыздар, біреулеріңіз тоқтағанға дейін жалғаса береді.
  • Топтың үшінші қатысушысы сөздерді жазады және есеп жүргізеді.
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет