Семинар сабақ № 12
Тақырыбы: сүтқоректілердің аңшылық-кәсіптік түрлері.
Дәріс жоспары:
Асыл терісті және тұяқты аңдарының қор жағдайы.
Негізгі түрлері
Сүтқоректілер фаунасын толықтыру
Сүтқоректілерді жерсіндіру.
Қазақстан жазықтары, төбешіктері республика ауданының 90 % алып жатыр. Ол солтүстіктен оңтүстікке 1600 км. Тартылған, яғни шамамен 15о ендікке. Мұндай кең жерде климаттың аймақтың анық сезіледі. Орманжазық зонасы 1 млн. га алады – жалпы Қазақстан ауданының 0,4 %.
Солтүстік Қазақстанның орманжазық аудандарына жылына 310-340 мм атмосфералық жауын-шашын түседі, яғни Орыс жазығына қарағанда 1,5-2 есе кем. 10оС жоғары температуралардың сомасы 1200о.
Солтүстік-Қазақстан орманжазығының жануарлар әлемінде Батыс Сібірге тән жануарлар мен құстардың комплексі берілген. Түрлік қатынаста орман фаунасы басым. Ұсақ сүтқоректілер көп: кәдімгі және майда бурозубка, қызыл тоқалтіс, орман тышқаны. Соңғылары егістік жерлерде де тіршілік етеді. қоян, кәдімгі түлкі, горностай көп.
Құстардың арасында жыртқыш тышқан аулаушыларды атап өту керек: бөктергі, құлақты үкі, жазық құладыны. Ормандарда сонымен қатар бұлдырық, ақ құр, бөдене, орман кептері.
Қазақстан жазығының өзенді жерлерінің жануарлар әлемі бай және алуан түрлі. Оларда суда жүзгіштер ұя салады: лысуха, сұр қаз, үйректер. Кәсібтік сүтқоректілерден өзенде су егеуқұйрығы, кей жерлерде жерсіндірілген ондатр.
Достарыңызбен бөлісу: |